- Учителю
- План факультативного курса по физике на тему Энергия мен экология (8 класс)
План факультативного курса по физике на тему Энергия мен экология (8 класс)
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Маңғыстау облысы , Ақтау қаласы
«№8 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Бекітемін Келісемін Ә/б отырысында
қаралды:
Директор: Оқу ісінің меңгерушісі:
__________________ ___________________ Хаттама№ ________
«_____»___________ «_____»_____________ «_____»___________
Энергия мен экологиялық физика
Пәні: Физика
Мұғалімі: Кармысова А.Е.
Сыныбы: 8
2015-2016 оқу жылы
Бағдарламаға түсінік хат:
Бұл курста физикадан ашылған энергия мен экологияның негізгі жаналықтары мен проблемалары қарастырылады. Біздің елімізде экологиялық таза табиғи энергия көздерін пайдалану мүмкіндіктер жеткілікті, сондықтан бұл бағдарламадағы білім, бізге физикалық процестерді біртұтас қарастыруға, энергия түрлері, экологиялық қолайсыз орта мен температура түрлерін реттеу және қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарлама физика бөлімдерінің негізгі қасиеттерін сонымен бірге физика әлемін терең білуге және физика мен экологияның байланыс ұғымдарын түсіндірудің әдістемесі ретінде оқушының болашақ мамандығын өздігінен таңдауға көмектеседі. Бағдарламаны мектепте оқытылатын физиканың жалғасы ретінде қарастыруға болады.
Курстың мақсаты:
Берілген тақырыптар бойынша оқушының теориялық білімін, ой-өрісін кеңейте білу оны тиімді қолдануда өз бетінше шығармашылық қабілетін дамытып, ізденушілік пен тапқырлыққа ынталандырып, физика ғылымы энергия мен экологиялық тұрғыдан әлеуметтік ролін түсінуге тәрбиелеу.
Курстың міндеті:
-
Экология проблемалары мен энергия түрлерін таныстырып, оқушыныі теориялық білімі мен біліктілігін қалыптастыру;
-
Қарапайым табиғи энергия көздерін экологиялық тұрғыда пайдалануды үйрету;
-
Теориялық білімді практика жүзінде қолдана білуге оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру;
Курстың мазмұны мен құрылымы:
І тарау - Жаңа энергия мен экологияның даму проблемалары - 3 сағат. Жаңа ғасырдағы энергия мен экологияның жетістіктері және отын энергиясының түрлерін физикамен байланыстылығын ашу.
II тарау- Электр энергиясы -11 сағат.
Бұл тарауда қазіргі замандағы электр энергиясының түрлері және электр энергиясын өніру, жеткізу оны пайдалану кезіндегі тиімді жолдары туралы түсінік беріледі.
III тарау- Экология мен асқын өткізгіштің арасындағы байланыс -11 сағат.
Экология мен асқын өткізгіштің арасындағы байланыстарымен соның ішінде асқын өткізгіштіктің жоғарғы технологиялық қасиеттерін анықтау және экологияға байланысты асқын өткізгіштермен жұмыс істеу мақсатындағы маңызды мәселелердің шешу жолдары қарастырылады.
IҮ тарау- Жел және Күн энергиясы -6 сағат.
Жалпы күннің құрылысы. Күн мен желдің байланысы әрекет қимылы туралы негізгі қасиеттері қарастырылады. Соның арқасына жел және Күн энергиясын пайдаланып және олардың негізгі ортақ физикалық қасиеттерін түсіне отырып, тиімділік жақтарын арттыру туралы айтылады.
Ү тарау-Газ және су энергиясы -3 сағат.
Су энергияларын тиімді пайдалану қазіргі кездегі әр елді мекендерінде су электр станцияларының салыну және болашақтағы жоспарлану туралы түсінік беріледі. Сонымен бірге газ құбырларының елімізде шалғай қашық мекендердің толық қамтылмауы туралы және келешекте газ құбырларын тарту, отынның қарапайым түрлерін пайдалануда оның құрамын өзгертіп тиімділігін арттыруға негізделгені туралы түсіндіру.
Оқушының біліміне қойылатын талаптар:
-Энергия түрлерін білу;
-Табиғи энергия және экология көздерінен алынатын энергияны білуі қажет;
-Табиғи энергияның басқа энергия түрлерінен ерекше қасиеттерін ұғынуы тиіс.
34
Әдебиеттер:
1.Табиғат ел байлығы.Қайнар» баспасы.Алматы-1979ж.
2.Қазақстанның экономикалық географиясы А.Есназарова.
3.Материялдық өндіріс негіздері.Оқу құралы.Алматы-2005ж.
4.Квант журналы 1980-1985жж.
5. «Экология»Бейсенова Ә,Шілдебаев Ж.Жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сыныбына арналған оқулық.Экология.
6.Математика және физика журналы.
7.Ғаламтор мәліметтері.