7


  • Учителю
  • Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығару

Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығару

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 1 бет

I бөлім

Жер асты суларының маңызы мен пайдасы 2-11 бет

II бөлім

Қатынас ыдыстар мен су құбырының ашылу тарихы 11-16 бет

III бөлім

Қатынас ыдыс арқылы жердің астынан су шығару 16-18 бет

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі 21 бет

Ұсыныс 22 бет







































































Андатпа



Зерттеу жұмысының тақырыбы: "Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су алу"

Зертеудің мақсаты: Жарықсыз табиғи тәсілмен жер астынан су құбырын жасау көрсету.

Міндеті: Су - тіршілік көзі. Осы заманда электр тогын көп қолданады, сондықтан осы тогты үнемдеу үшін құбырды жасау үлгісін шығару керек. Осы тақырыпта бірнеше тәжірибелер жасалынған.

Зерттеу жұмысы 3 бөлімнен тұрады:

Кіріспе бөлімінде:

Адамзаттығң сусыз өмір сүруі мүмкін емес екенін көрсету. Жер астынан су қалай пайда болып, оның жер бетіне қалай көтерілетіні екенін зерттеу.

Негізгі бөлімінде:

Жер асты суларының маңызы мен пайдасы туралы және қатынас ыдыстар арқылы су құбырын жасап шығаруын қамтиды.

Қорытынды бөлімінде:

Электр тогысыз су құбырын Қазақтанда жасап шығаруын көрсету.

Зерттеу жұмысымыздың жаңалағы - Орталық Қазақстанда бұл облыс шөл зонасында жатқандақтан, суды Шығыс Қазақстаннан 500 м тереңдікте орналасқан құбыр арқылы су тартады. Осындай қиыншылықтан құтылу үшңн Қазақстанда болмаған су құбырын жасап шығару. Осындай құбырды Әзербайджан мемлекетінде Наби Гамидов суды химиялық газ арқылы тартып тиімді жолмен тапқан.

Зерттеу жұмысымыздың өзектілігі: күнделікті өмірдегі қолданылатын заттармен су құбырын жасап шығару. Адамзаттың өмірін жеңілдету.



































Кіріспе

Су - бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады. Ғалымдардың зерттеуінше су жер бетінде ең көп кездесетін сұйықтыққа жатады. Судың қазіргі кезде қаупі бар. Адамдардың суды үнемдемей құртуының әсерінен тұщы судың жойылу төтенше жағдайлар қатарында. Ал жер шарына қауіптілігі су басу жағдайы.

Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін.

Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді.Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады.

Төменгі қабатта судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал жоғарғысында - су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады - жоғарғы, ортаңғы және төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады. Жоғарғы аймақта адам шаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.

Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты өз сипаттамасын өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының үш түрі белгілі.

  • Бірінші түрі жетекші деп аталады.

    • Бұл - жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады.

  • Екінші атауы - артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ рельефіне байланысты.

  • Жетекші сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады.









Негізгі бөлім

I. бөлім

Жер асты суларының маңызы мен пайдасы



Жер асты суының кен орны

Жер асты суының кен орны - жауын-шашынның, өзен суларының жерге сіңуінен пайда болатын жер асты суларының шоғырланған орны. Судың сапасына, химиялық құрамына, температурасына қарай тұщы, ашқылтым, термальді, шипалы, өндірістік қазба байлықты су кен орны болып бөлінеді. Ал қалыптасу жағдайларына қарай өзен арналарының грунт сулары,

Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығару

1- сурет. Жер астының құрылысы.

тау жыныстарының жарықшаларының, карст қуыстарының грунт сулары, артезиан алаптарындағы арынды сулар, тектоникалық жарықтардағы сулар, тау етегіндегі ысырынды конус сулары, құм массивтерінің грунт сулары, т.б. болып бөлінеді. Ең ірі жер асты суының кен орындары таулы аудандарға жанаса орналасқан қиыршыққұм, шағылқұм, малтатастардан құралған ысырынды моллас кешендерінде, өзен арналарының аллювиальдік шөгінділерінде, ірі артезиан алаптарында кездеседі. Жер бетіне таяу жатқан жер асты суының кен орындары өзен арналарындағы аллювиальдік шөгінділерде орналасқан.

Термальді су кен орындары, негізінен, тереңде жатқан артезиан сулы қабаттарда, кейбір таулы аудандардың тектоникалық жарықтарында таралған. Температурасы 100°С-тан асатын тұщы термальді су кен орындары Жаркент артезиан алабында 4000 - 4500 м тереңдіктен табылған. Бұл бүкіл жер шарындағы тұщы сулардың ең тереңге сіңген деңгейі. Басқа жерлерде мұндай тұщы сулар 2000 м тереңдіктен аспайды. Қазақстанда 623 жер асты суының кен орындары зерттеліп, қоры анықталған. Жер асты суының кен орындары елді мекендерді, қалаларды, ірі өндіріс орындарын, санаторий, профилакторийлерді ауыз сумен, емдік қасиеті бар минералды сулармен қамтамасыз етуге пайдаланылуда.

Жер асты суының қоры

Жер асты суының қоры - жер асты суларының көп жылдар бойы шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болатын, үздіксіз жиналып, толығып отыратын мөлшері. Ол табиғи қор, табиғи ресурс, пайдалану қоры болып бөлінеді. Табиғи қор - геологиялық мерзімде немесе көп жылдар бойы сулы қабаттарда, гидрогеологиялық құрылымдарда жиналған су мөлшері. Табиғи ресурс - жауын-шашынның, өзен суларының жер бетінен оның астына әр мезгілде әр түрлі мөлшерде сіңуіне, Жер бетінің көп жылдық мерзімде ылғалдану режиміне сәйкес жер асты суының толығып отыратын бөлігі. Жер асты суының пайдалану қоры - аумағы белгілі сулы қабаттардан белгілі бір уақыт бойы, техникалық-экономикалық тұрғыдан тиімді түрде арнаулы су қабылдағыштар арқылы тәулігіне алынатын судың мөлшері. Олар халық шаруашылығындағы маңыздылығына, экономикалық тиімділігіне байланысты баланстағы және баланстан тыс қорлар болып 2 топқа бөлінеді. Зерттеліп барланғаннан кейін жоғары сапалы жер асты су қоры мемлекеттік балансқа алынады. Балансқа алынған су қорын пайдалану экономикалық жағынан тиімді болады.

Жер асты суын қорғау

Жер асты суын қорғау - жер асты суын жинауға арналған құрылыстарды пайдалану тәртібі оның қорларының сарқылуын болдырмауға тиістілігін қадағалау. Газ, мұнай, көмір және басқа да кен байлықтарды іздестіруге, барлауға және пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізген кезде ашылған жер астындағы су шығатын қабаттар олардың ластануын болдырмайтын сенімді оқшаулаумен қамтамасыз етілуге тиіс. Суы өздігінен құйылып жатқан ұңғымалар, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдалануы доғарылған реттегіш құрылғыларымен жабдықталуға, тоқтатып қоюға немесе жойылуға жатады. Өнеркәсіптік пайдаланылған ақаба суды төгуге арналған сіңіргіш ұңғымаларды бұрғылауға бұл ұңғымалар ауыз сумен және тұрмыстық сумен жабдықтау үшін жарамды немесе пайдаланылып отырған су шығатын қабатты ластаудың көзі болып табылуы мүмкін реттерде тыйым салынады. Cіңіргіш ұңғымаларды бұрғылауға бұл ұңғымаларды бұрғылау ауданында арнайы зерттеулер жүргізілгеннен кейін берілген табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, геология және жер қойнауын қорғайтын, кен және санитарлық қадағалау жасайтын мемлекеттік органдардың оң қорытындылары болған кезде жол беріледі. Сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты сулары түзілетін және олар жатқан жерлерде қатты және сұйық қалдықтар, төгінділер жинағыштар құрылысын орнатуға, сондай-ақ жер асты суларын ластау көзі болып табылатын басқа да нысандарды салуға жол берілмейді. Жер асты суларын пайдаланатын кәсіпорындар оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

Грунт суы

Грунт суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Жауын-шашын көбейсе көтеріледі, жер беті тілімденсе төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған. Қазақстанның өзен жүйесі сирек өңірлерінде еспе суы мен терең қабат аралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді. Шөлейт аймақтарында негізінен құдық суын пайдаланады, ал шөлді жерлерде құдық болса ғана мал шаруашылығымен шұғылдануға болады. Бірақ халық шаруашылығының суға деген қажетін еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек болады. Мұндай су көздері де табылды, бұл - терең қабат аралық жер асты суы.

Артезиан сулары

Республикада артезиан алаптары табылды. Олардың ауданы Балқаш сияқты 70 көлдің көлеміне тең. «Артезиан» сөзінің төркіні Францияның Артуа провинциясында 1126 ж. шыңырау құдық қазылып, су алынуына байланысты аталған. Бұл - су өткізбейтін қабаттар арасындағы кездесетін қысымы күшті жер асты суы. Артезиан сулары платформалар мен ойпаттарда, тау аралық ойыстарда кездеседі. Қазақстанда тұщы артезиан сулары 50-2700 м, ал тұзды және ащы су онан да тереңде жатыр. Каспий маңы ойпатында 10-23 км-ге жетеді. Мысалы, Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатқан тұтас әсер асты теңізінің бар екені анықталды. Оның суы ішуге де, егін суаруға да жарамды. Қызылқұмда 80-300 м тереңдікте жатқан орасан зор жер асты су алабы табылды. Жер асты суы республиканың басқа да аудандарынан, атап айтқанда, солтүстік облыстардан да табылды. Алматы қаласы, 14 облыс орталығы, 200-ден астам аудан орталықтары, өнеркәсіп және 3500-ден астам ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен елді мекендері қазірдің өзінде жер асты суымен камтамасыз етіледі. 100 млн гектардай жайылымдарды суландыруға, 50 мың гектардай егістікті суаруға мүмкіндік алады. Таяу жылдар ішінде жер асты суы бұдан да кең пайдаланылатын болады. Қазақстанда жер астынан ыстық су табу үшін барлау жұмыстары жүргізіліп отыр. Термальды жер асты суы өнеркәсіпте, сондай-ақ үйлерді, жылыжайды, фермаларды және моншаларды жылыту үшін пайдаланылады.

Минералды сулар

Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан әр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдаланғаны болмаса, олар әлі игерілмеген.

Республика жерінде 300-ден аса минералды бұлақтар зерттеліп, олардың әр түрлі дертке шипалық қасиеттері анықталды. Олар Қазақстан жерінде ерте кезден белгілі. Мысалы, Алмаарасан радонды ыстық минералды су көзі XIV ғасырдан бері белгілі, Ақсақ Темір жорықтарының жазбаларында кездеседі. Алтайдағы Рахман қайнары жөніндегі алғашқы деректер баспасөз бетінде 1834 жылы жарияланған. Қызылорда аймағындағы Жаңақорған санаторийі 1919 жылдан жұмыс істейді.

Жер асты су ағыны

Жер асты су ағыны - таужыныстардың ішінде арын күшінің азаю жағына карай козғалатын жер асты суы.

Жер асты су ағынының алабы

Жер асты су ағынының алабы- жер асты суларының негізгі ағын базисінің жалпылығына байланысты бір бағытта козғалатын, планда бір реттегі суайрықтармен шектелген ағындар жүйесі. Мұндай жүйенің төменгі шекарасының қимадағы орны негізгі ағын базисінің сорғытулық әсерінің терендігімен анықталады.

Жер асты су жинау шекарасы

Жер асты су жинау шекарасы- аумағында жер асты сулары жиналатын таужыныстардың таралу ауданының контуры.

Жер асты сужиғысы

Жер асты сужиғысы- жер асты суларының өзен торабына сүзіліп келетін аумағы. Синонимдері: гидрогеологиялық алап, сужиғы ауданы.

Жер асты сулары

Жер асты сулары - жер қыртысын құрайтын таужыныстардың ішіндегі барлық физикалық күйдегі сулар. Орналасуына карай жер асты сулары кеуектердегі, жарықшақтардағы, карстық қуыстардағы болып, ал жатыc жағдайлары бойынша - қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып ажыратылады.

Жер асты сулары балансының теңдеуі

Жер асты сулары балансының теңдеуі - жер асты суларының бір жерге ағып келуі мен ағып кетуі элементтері арасындағы байланыс тендеуі. Тұйық алап үшін оның кіріс бөлігін алап аумағында жауатын жауын-шашын, су буларының конденсациялануы және жер астылық ағып келу құрайды; шығыс бөлігі жер үсті ағынынан, буланудан және алаптан жер астымен ағып кететін судан тұрады.

Жер асты сулары деңгейінің тербелу амплитудасы

Жер асты сулары деңгейінің тербелу амплитудасы - жер асты сулары деңгейінің әр түрлі табиғи және жасанды факторлардың әсерінен белгілі бір деңгейден көтеріліп-төмендеу шамасы.

Жер асты сулары деңгейлерінің турақтануы

Жер асты сулары деңгейлерінің турақтануы - жер асты сулары деңгейінің белгілі бір уақыт ішінде көп ауытқымай, бір шамада болуы.

Жер асты сулары қалыптасуының генетикалық циклдері

Жер асты сулары қалыптасуының генетикалық циклдері - белгілі бір жүйелілікпен байланысқан генетикалық процестердің жиынтығы. Үш генетикалық цикл сараланады

  • 1) инфильтрациялық немесе континенттік;

  • 2) теңіздік немесе шөгіндік;

  • 3) метаморфтық және магмалық.

Жер асты сулары қалыптасуының седиментациялық теориясы

Жер асты сулары қалыптасуының седиментациялық теориясы - жер асты суларының пайда болуын үйықтық сулардың шөгінді жиналу процесінде көміліп, соңынан олардың диагенез және катагенез стадияларында өзгеруімен түсіндіретін теория. Осындай жолмен артезиан алаптарындагы тереңде жатқан жер асты суларының негізгі бөлігі пайда болатындыгы дәлелденді.

Жер асты сулары пайда болуының кондесациялық теориясы

Жер асты сулары пайда болуының кондесациялық теориясы- жер асты суларының пайда болуын таужыныстардың кеуектеріндегі, жарықшақтарындагы және баска да қуыстарындагы атмосфералық ауаның су буларының конденсациялануынан деп түсіндіретін теория.

Жер асты сулары пайда болуының ювинильдік теориясы

Жер асты сулары пайда болуының ювинильдік теориясы - бұл теория бойынша жер асты сулары жер қойнауының өте терең қабаттарында оттек пен сутектің қосылуынан немесе магмадан бөлініп шыққан су буларынан пайда болады.

Жер асты суларын барлау

Жер асты суларын барлау - жер асты суларының пайдалану қорын өнеркәсіптік санаттар бойынша анықтау және мұндай сулардың кенорнын игеру мақсатымен топтық сутартқы жүмыстарын жобалауға керекті мәліметтер алу үшін жүргізілетін гидрогеологиялық зертгеулер кешені. Жер асты суларын барлау: алдын ала, түбегейлі және паңдаланудағы барлау болып ажыратылады.

Жер асты суларын жіктеу

Жер асты суларын жіктеу - әрқайсысының өзгергіш параметрлері болатын үш геосфераның немесе динамикалық физика-химиялық тепе-теңдік жүйелерінің: атмосфераның, гидросфераның және литосфераның бір-бірімен әрекетгесуі нәтижесінде табиғи қүрылымдар ретінде қалыптасатын жер асты суларының типтерін топтарға бөлу. Мұндай сулардың көптеген жіктемелері үсынылған. Оларды негізінен үш топқа біріктіруге болады:

  • 1) табиғи сулардың, солардың ішінде жер асты суларының, химиялық жіктемелері;

  • 2) жер асты суларының пайда болуы, жату жағдайлары, немесе пайда болуы мен басқа да белгілері бойынша жасалған жалпы жіктемелер;

  • 3) жалпы жіктемелермен біріккен және жер асты суларының бір немесе бірнеше белгілері бойынша жасалған жеке жіктемелер.

Жер асты суларын пайдалану

Жер асты суларын пайдалану- жер асты суларын минералдылық дәрежесіне, химиялық қүрамына және физикалық қасиеттеріне қарай халық шаруашылығында пайдалану түрлері. Олар ауыз су ретінде және шаруашылық сулармен қамтамасыз ету үшін, жер суаруға, ауруларды емдеуге, су қүрамындағы кейбір бағалы құрам бөліктерді өндіріп алу үшін және жылу көзі ретінде пайдаланылады.

Жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жіктеу

Жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жіктеу - химиялық құрамының құрамдас бөліктерінің басымдылығы, әр алуан құрамбөліктердің бір-бірімен арақатынасы, газдық және иондық құрамында ерекше құрамбөліктердің болуы және т.б. белгілері бойынша топтарға бөлу.

Жер асты суларын шегендеу

Жер асты суларын шегендеу - жер асты суларын шаруашылықта пайдалану мақсатымен оларды ашып, жер бетіне шығару үшін орыңдалатын инженерлік-техникалық жұмыстар және осындай жұмыстарды жүргізуге арналған құрылғылар.

Жер асты суларын іздеу және барлау

Жер асты суларын іздеу және барлау - ішуге және техникалық сумен жабдықтауға, емдік мақсаттар мен химиялық шикізат алуға жарамды жер асты суларын іздеп табу мақсатымен жүргізілетін геологиялық, гидрогеология,геофизикалық және тәжірибелік жүмыстардың жиынтығы.

Жер асты суларында газдың жылыстауы, минрациясы

Жер асты суларында газдың жылыстауы, минрациясы - жер асты суларында әдетте еріген күйде болатын газдың осындай сулардың көмегімен жер қыртысының бір түсынан басқа тұсына орын ауыстыруы. Суда еріген газдар сулы қатғарда қозғалатын сумен бірге, сондай-ақ диффузиялық және эффузиялық процестердің нәтижесінде орын ауыстырады. Көмірсутекті газдардың ішінде ең жақсы жылжитыны - метан.

Жер асты суларындағы химиялық элементтердің жылыстауы

Жер асты суларындағы химиялық элементтердің жылыстауы - мұндай элементтер қоспаларының түпкі кен орнынан басқа жаққа оны қоршаған таужыныстардағы сулармен бірге орын ауыстыруы, соңынан олардың мүмкін болатын су ерітінділерінен тұнуы және тұнған шөгінділердің әдденеше рет жаңадан еруі және қайтадан түзілімденуі. Элементтердің жылыстау қабілеті олардың концентрациясына және геологиялық ортаның құрамына, температурасы мен қысымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.

Жер асты суларының алабы

Жер асты суларының алабы - гидрогеологиялық алап терминінің синонимі.

Жер асты суларының балансы

Жер асты суларының балансы - сулы таужыныстың берілген көлеміндегі жер асты суларының қорын толтыратын су мөлшері мен осы қордан біршама уақыт ішінде алынатын су мөлшерінің ара-катысы. Оны зерттеу ылғал айналымы процестерімен байланысты, жер асты суларының қоректену және режімі заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Жер асты суларының болжамдық қоры

Жер асты суларының болжамдық қоры - жер асты суларының жалпы гидрогеологиялық түсініктер, теориялық алғышарттар, геологиялық және гидрогеологиялық карталау нәтижелері, геофизикалық, гидрохимиялық, гидрологиялық және субаланстық зерттеулер негізінде шамалап, жорамалданатын олеуеттік қоры. Жер асты суларының болжамдық қоры туралы мәліметтер жер асты суларын іздестіру жұмыстарын жоспарлағанда пайдаланылады, сонымен катар жер асты және жер үсті суларын кешенді пайдалану мен қорғау шараларын белгілегенде ескеріледі.

Жер асты суларының балансы - Кен орындарындағы есептелген минералдық шикі заттар қоры.

Жер асты суларының газдық құрамы

Жер асты суларының газдық құрамы - жер асты суларында еріген газдардың

  • Ең көп тарағандары: оттек, азот, метан, көмірқышқыл газы, күкіртті сутек, салғырт газдар.

  • Сирегірек кездесетіндері: сутек, этан, пропан және бутан, сондай-ақ көміртек тотығы, азот тотығы мен шала тотығы және т.б.

Олардың пайда болуы атмосферамен, мантияның газсыздануымен, жердің терең қойнауында және оның бетінде болатын химиялық және биохимиялық процестермен байланысты.

Жер асты суларының геологиялық қорлары

Жер асты суларының геологиялық қорлары - жер асты су ағынына қатынасатын және литосфераның қанығу белдемінің кеуектерін толтырып тұратын жер асты суларының көлемі; оларға жер асты суларының берік байланысқан суынан басқа барлық түрлері кіреді. Қорлар: динамикалық, статикалық, серпімді болып бөлінеді.

Жер асты суларының динамикасы

Жер асты суларының динамикасы

  • - 1) гравитациялық жер асты суларының жер қыртысына тон таужыныстар ауқымында әр түрлі табиғи және жасанды факторлар есебінен қозғалуын зерттейтін ғылыми сала;

  • - 2) Жер асты суларының таужыныстар қимасындағы қозғалысы.

Жер асты сулараның жалпы қоры

Жер асты сулараның жалпы қоры - жер асты суларының статикалық және динамикалық қорларының жиынтығы. Жер асты суларының табиғи ресурстары.

Жер асты суларының жаңаратын қоры

Жер асты суларының жаңаратын қоры - жер асты суларының динамикалық қоры терминінің синонимі.

Жер астысуларының жылыстауы

Жер астысуларының жылыстауы - жер асты суларының бір сулы таужыныстан сапасын сақтай отырып, басқа сулы қабатқа сүзіліп өтуі.

Жер асты суларының игерілетін қоры

Жер асты суларының игерілетін қоры - аумағы анықталған сулы горизонттан сутартқы құрылыстар арқылы, берілген пайдалану режимінде және су сапасының барлық есептелген түтыну уақыты ішінде өзгермеуі жағдайында, техникалық-экономикалық жағынан тиімді түрде алуға болатын су мөлшері. Ол көбінесе тәулігіне текше-метрмен өлшенеді. Игерілетін қор жер асты суы кенорнының барланғандық дәрежесіне, су сапасының зерттелгендігіне және пайдалану жағдайларына байланысты 4 категорияға бөлінеді: А, В, С, және С2.

Жер асты суларының кадастры

Жер асты суларының кадастры - жер асты сулары жайындағы барлық деректердің жүйеленген және үнемі толықтырылып отыратын жинағы.

Жер асты суларының қалыптасуы

Жер асты суларының қалыптасуы - жер қыртысының ішінде өздеріне тән барлық белгілерімен сипатталатын сулардың пайда болуына әкелетін табиғи процестер жиынтығы.

Жер асты суларының ластануы

Жер асты суларының ластануы - жер асты сулары сапасының адамдардың іс-әрекеті салдарынан алғашқы калпына қарағанда нашарлауы. Мұның өзі ақыр аяғында олардың пайдалануға жарамай қалуына әкеледі. Сапасынын өзгеру денгейіне қарай жер асты сулары былайша бөлінеді:

  • 1) аздап ластанған - су сапасының көрсеткіштері табиғи мәннен артық, бірақ

пайдаланудың нақты түрлері үшін шектелген рауалы концентрациядан төмен;

  • 2) ластанған - су сапасының көрсеткіштері ШРК-дан бірнеше есе артық;

  • 3) өте ластанған - су сапасының көрсеткіштері ШРК-дан әлдеқайда артық және ластану көзіндегі ерітінді қүрамының көрсеткіштеріне жуық. Жер асты суларының ластану көздері: ластағыш заттардың түрлері мен пайда болуы, сулы горизонтқа ластағыш заттардың ену жағдайлары, ластану масштабы белгілері бойынша жіктеледі.

Жер асты сулатының метаморфтануы

Жер асты сулатының метаморфтануы - ортаның әдетте тотықсыздандыру жағдайларында өтетін және суларда Са, Sг, Вг және басқа да құрам бөліктердің жиналуына әкелетін жер асты сулары химиялық құрамының өзгеру процесі.

Жер асты суларының органикалық заттары

Жер асты суларының органикалық заттары - жер асты суларында еріген күйде иондық, молекулалық және коллоидтік түрде болатын органикалық қоспалар. Олардың құрамына: шайыр және май, нафтен және амин қышқылдары, фенолдар, бензолдар, кейбір көмірсутектер және т.б. кіреді. Жер асты сулатының метаморфтануын зерттеудің мұнай түзілу және мұнай жиналу процестерін тануда үлкен маңызы бар.

Жер асты суларының пайда болу түрлері

Жер асты суларының пайда болу түрлері - пайда болу ерекшеліктеріне қарай жер асты сулары бес түрге бөлінеді:

  • 1) инфильтрациялық сулар ;

  • 2) конденсациялық сулар ; *3) седиментациялық сулар ;

  • 4) органикалық текті сулар ;

  • 5) өте теренде пайда болатын, немесе ювенилді сулар.

Жер асты суларының пайда болуы

Жер асты суларының пайда болуы - жер асты суларының тарихи жаратылыстық факторлардың және адамның өндірістік қызметінің әсерімен қалыптасу процесі.

Жер асты суларының режімі

Жер асты суларының режімі - жер асты суларының қалыптасуын қамтып көрсететін тарихи-табиғи процесс. Ол жер асты сулары ресурсының, қасиетінің және құрамының, соның ішінде деңгейінің немесе арын кушінің, өтімінің ағу жылдамдығының, температурасының, химиялық, газдық және бактериялық құрамының уақыт бойынша өзгеруін сипаттайды.Жер асты суларының режімі оларға әсер ететін факторлардың басымдылығына қарай табиғи және бұзылған болып негізінен екіге бөлінеді.

Жер асты суларының резервуары

Жер асты суларының резервуары - жер асты суларын жинап сақтауға қолайлы, сыйымдылығы мол орын.

Жер асты суларының ретеулі қоры

Жер асты суларының ретеулі қоры - еркін бетті жер асты сулары деңгейінің мерзімді ауытқу белдеміндегі су көлемі.

Жер асты суларының серпімді қоры

Жер асты суларының серпімді қоры - жер астындағы арынсулы қатты ұңғымамен ашқанда және ондағы қысымды сутартумен төмендеткенде серпімді күштердің әсерімен судың көлемдік улғаюы мен қаттың өзінің кеуектерінің кішіреюі нәтижесінде босап шығатын жер асты суларының мөлшері.

Жер асты суларының сутартқысы

Жер асты суларының сутартқысы - жер асты суларын елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін және басқа да ақсаттарда пайдалану үшін салынатын гидротехникалық құрылыс. Жер асты суларының сутартқыларын пайдалану жағдайлары мен атқаратын міндеттеріне қарай негізінен: тік, көлбеу, сәуле тәрізді және жер асты табиғи су көздерін шегендеу болып бөлінеді. Үңғымалық сутартқы егер сулы қабаттың барлық қалыңдығын кесіп өтсе, ол жетілген, ал егер ол сулы горизонтқа тек жарым-жартылай кірсе және сутірекке жетпесе - жетілмеген Жер асты суларының сутартқысы деп аталады.

Жер асты суларының табиғи ресурстары

Жер асты суларының табиғи ресурстары - сулы горизонттың табиғи жағдайда қәректенуін қамтамасыз ететін, жыл сайын үздіксіз жиналып, толығып отыратын су мөлшері. Ол атмосфералық жауын-шашынның, жер бетіндегі суқоймалар мен ағынсулардың жерге сіңуі, жер асты суларының одан жоғары және төмен орналасқан горизонттардан және шектес аумақтардан сүзіліп келуі нәтижесінде қалыптасады. Жер асты суларының табиғи ресурстары сулы қабаттың көлденең қимасынан белгілі уақыт ішінде ағып өтетін су көлемімен өлшенеді. Синонимі: жер асты суларының динамикалық қоры.

Жер асты суларының табиғи қоры

Жер асты суларының табиғи қоры - табиғи жағдайда таужыныстардағы гравитациялық судың текшеметрмен өлшенетін көлемі. Арынды қабаттарда оған сондай-ақ жер асты суларының серпімді қоры жатады. Серпімді қор осындай сулардың деңгейін судың өзі мен таужыныстардың серпімді қасиетгері есебінен төмендеткенде қалыптасады.

Жер асты суларының тежеме көтерілу белдемі

Жер асты суларының тежеме көтерілу белдемі - жер асты сулары деңгейінің олардың қозғалу жолындағы бөгенге, өзенге, жер асты су өткізбейтін қабатқа тіреліп, жоғары көтерілу белдемі.



II бөлім

Қатынас ыдыстар мен су құбырының ашылу тарихы



Су құбыры - бұл күрделі қондырғы. Оның көмегімен қаланы, ауылды, өндіріс пен шаруашылық орындарын бір орталықтан сумен қамтамасыз етеді. Тұрмыстық су құбыры тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етеді, заводтар мен мекемелердегі адамдардың тұрмыстық қажетін қанағаттандырады. Өнеркәсіптік су құбыры тек қана өндірістік және технологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Алғашқы қарапайым су құбырлары

Ең алғашқы қарапайым су құбырлары бірнеше мың жылдар бұрын салынған болатын. Ертедегі Мысырда жер асты сулары терең құдықтардан су көтергіштермен көтеріліп, қыш немесе ағаш құбырлар арқылы тұтынушыларға жеткізіліп отырған. Ежелгі Римде одан неғұрлым күрделірек жүйе пайдаланылған. Онда су құбырлары жыралар, өзендер, жолдар және т.б. арқылы өткізілген. Батыс Еуропада XVII ғасырдың аяғында ағаштан жасалған су құбырлары салынған. XVIII ғасырда су құбырын салу Англияда қолға алына бастады. Мәскеуде 1804 жылы орталықтандырылған тұрмыстық су құбыры, ал Алматыда 1933 жылы алғашқы ағаштан жасалған су құбыры салынды. 1935 жылдан бастап су құбырын салу жоспарлы түрде дами бастады. Онда енді темірбетон және қыш (керамика) құбырлар пайдаланылды.Қазақстанда күйдірілген қыштан жасалған су құбырлары Х-ХІІ ғасырларда Отырар қаласында, Х-ХІ ғасырларда Тараз қаласында салынғаны археологиялық қазба жұмыстарынан белгілі.

Су құбырының жұмыс істеу принципі

Су құбырының жұмыс істеу принципі мынадай: су жинау үшін биік мұнара үстіне үлкен ыдыс орнатылады. Одан үйлерге, тұтынушыларға қарай тармақталған құбырлар жүргізіледі. Құбырдың үйдегі немесе пәтердегі ұшы (шеті) шүмекпен жабылады. Шүмектегі қысым биіктігі шүмектің биіктігі мен ыдыстағы судың еркін беті биіктігінің айырымына тең болатын су бағанының қысымына тең. Бұл біршама елеулі қысым, өйткені су құбырының мұнарасы қаланың, ауылдың, аймақтың ең биік жеріне салынады (1-сурет). Мұнаралық су құбырының жұмысы катынас ыдыстардың қасиетіне негізделген.















Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығаруҚатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығару













а) б)



2-сурет. Су құбыры.

Су құбыры. Адамзат сусыз өмір сүре алмайды. Су - біздің тамағымыздың негізгі элементі. Суды тұтынушылар: өндіріс, энергетика, ауыл шаруашылығы және транспорт. Тұрғын үйлердегі санитарлы-техникалық жабдықтау (ванна, душ, канализация, жылыту жүйелері т.б.) суды пайдалануға негізделген. Халықты, сол сияқты зауыт, фабрикаларды т.б. сумен қамтамыз ету үшін салынған инженерлік құрылысты - су құбыры деп атайды. Суды өзеннен, су қоймаларынан, көлден немесе жер астынан алады. Кейде суды алыстан әкелуге тура келеді. Мысалы, Мәскеу үшін судың біраз бөлігін ұзындығы 128 км канал бойымен Волгадан алады. Бұлақ көзінен алынған су тұтынушыларға жеткенше су тазалайтын қондырғылардан өтеді (тұңғыш мұндай қондырғылар 1888 ж. Петербург қаласында салынған болатын). Содан кейін насосты станциялардың көмегімен тазаланған су қаланың, зауыттардың, мал шаруашылық фермалардың т.б. су құбырларына беріледі. Су құбыры құрылысының сұлбасы 125-суретте көрсетілген. Насостың 2 көмегімен су, суды қысыммен ағызатын мұнарада 1 орналасқан үлкен бакқа барады. Осы мұнарадан қала көшелерінің бойымен 2,5 м тереңдікте құбырлар жүргізіледі, одан әрбір үйге кранмен аяқталатын арнаулы тармақтарға бөлінеді. Бұл крандардағы су деңгейі суды қысыммен ағызатын мұнарадағы су деңгейінен төмен болу керек, немесе су келмейді. Суды қысыммен ағызатын мұнарадағы бакке су насос арқылы беріледі. Бұл насостар электр тогымен жұмыс істейтін центрден тепкіш насостар. Біз 126-суретте көрсетілген поршеньді сұйықтық насостың жұмыс істеу принципін қарастырайық. Бұл насостың негізгі бөлігі 1 клапаны бар поршень жєне 2 клапаны бар цилиндр. Поршень төмен түскенде оның астындағы су 1 клапанды ашады да 2 клапанды жабады. Осы клапан арқылы су цилиндрден 3 құбыр бойымен жоғарғы суы бар резервуарға тартыла бастайды (мысалы, суды қысыммен мұнарадан бакқа ағызады). Поршень көтерліген кезде 2-клапан жабылады, ал 1-клапан керісінше, ашылады. құбыр 4 арқылы су насосқа келіп цилиндрді толтырады. Келесі поршеннің төмен түсуі мен көтерілулерінде бұл процестер қайталанады. Сөйтіп су порция, порциямен 3 құбыр бойынша жоғарғы резервуарға қотарылады.

Тәжірибе

Оған мынадай тәжірибе жасап көз жеткізуге болады. Шыны түтіктердің біреуін бүйірінде шүмектері бар түтікпен жалғастырып, түтіктерге су толтырамыз. Сонда бірінші түтіктегі судын деңгейінен төмен орналасқан кез келген шүмектен су ағатын болады . Су қоймасынн мұнара үстіндегі ыдысқа су сорғы арқылы құйылады. Ол өз жолында су жинағыштан, тұндырғыштан, сүзгіден өтеді.





Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығаруҚатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығаруҚатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығаруҚатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығару



3 - сурет. Қазіргі кездегі су құбырының жұмыс істеу принципі.



Тоқырауын-Саяқ су құбыры

Тоқырауын-Саяқ су құбыры, Токырауынның тұщы жер асты суын Саяқка су құбыры арқылы жеткізу максатында 1972 жылы салынған, ұзындығы 180 км. Токырауыннан Саяқка су жеткізу үшін 5 скважина бұрғыланып, үш деңғейлі биіктікте суды айдайтын үш насос бекегі орнатылған. Саяқтағы су коймасының биіктігі теңіз деңгейінен 530 м биіктікте орналасқан. Сондықтан Саяқ тұрғындарының пөтерлеріне ас суы өз ағысымен келіп жетеді.

Преснов су құбыры - Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облыстары және Ресейдің Қорған облысы жеріндегі тармақталған құбыр жүйесі. 1975 ж. пайдалануға берілген. Құбыр Тобыл өзенінен басталады. Жалпы ұзындығы 3334 км, оның 2121 км-і Қазақстан аумағында. Тәуліктік орташа су ағымы 85,2 мың м3, ал ең жоғарғы су ағымы 104,8 мың м3.

Дарбаза су құбыры

‎Дарбаза су құбыры - Сырдарияның бір саласы Келес өз алабындағы жер асты су қорына негізделген су құбыры. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы жерінде. Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1975 ж. салынды. Шатқал жотасының Шардара даласына ұласатын етегіндегі Абай бұлағынан басталады да солтүстіктегі Дарбаза аулына дейін 174 км-ге созылады. Бастауындағы су ағымы 9300 м³/сағ. Сорғы станцияларының торабы Абай аулында орналасқан. Құбыр 14 елді мекенге ауыз су таратады және 63,5 мың га жайылымдықты суландырады. Оңтүстік Қазақстан облысында 1977 ж. іске қосылған. Келес және Сарыағаш аудандарының 34 елді мекенін сумен қамтамасыз етеді. Құбыр ұзындығы - 198 км, қамту ауданы - 21 мың га. Негізгі су көзі - Абай артезиан алабы. Алабына су жинау Келес ауданының Абай аулындағы 11 ұңғыма арқылы жүзеге асырылады. Тәулігіне 32 мың м3 су береді. Құбыр төңірегінде 55 мың халық мекендейді.

Тоқырауын-Саяқ су құбыры

Тоқырауын-Саяқ су құбыры, Токырауынның тұщы жер асты суын Саяқка су құбыры арқылы жеткізу максатында 1972 жылы салынған, ұзындығы 180 км. Токырауыннан Саяқка су жеткізу үшін 5 скважина бұрғыланып, үш деңғейлі биіктікте суды айдайтын үш насос бекегі орнатылған. Саяқтағы су коймасының биіктігі теңіз деңгейінен 530 м биіктікте орналасқан. Сондықтан Саяқ тұрғындарының пөтерлеріне ас суы өз ағысымен келіп жетеді.

Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығаруҚатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығаруҚатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығару Өзіміз күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген шайнектің шүмегін салыстырып қарасақ олардың деңгейі бірдей биіктікте тұрады. Ал ол шайнекке су құятын болсақ, құйылған судың деңгейі де бірдей деңгейде болады. Күнделікті өзіміз қолданып жүрген шайнек қарапайым қатынас ыдысқа мысал бола алады. Мұндай ыдыс пішіні әр түрлі болуы мүмкін.

Өзара резеңке түтікпен жалғасқан ыдысты қатынас ыдыстар деп атаймыз.

Мысалы: Шайнек, құмған, лейка т. б. Сұйық бағанының қысымы оның биіктігіне байланысты болатыны белгілі, бірақ оң жақтан да, сол жақтан да бірдей қысым түскенде тепе - теңдікте болады. Екі ыдыста да сұйық бағаны бірдей болады.

Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығару

4 - сурет. Қатынас ыдыстар (шәйнек)

Енді әр түрлі пішінді қатынас ыдыс алып, сұйық құйсақ онда да сұйық деңгейі бірдей болады. Енді түтіктің екі жағына екі түрлі сұйық құйсақ, қай сұйықтың тығыздығы жоғары болса сол түтіктегі сұйық биіктігі кіші болады.

Сұйықтың ыдыс қабырғасымен жанаспайтын бетін сұйықтың еркін беті деп атаймыз.

Біз сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы сұйық бағанының биіктігі мен оның тығыздығына тура пропорционал екенін білеміз. Демек, P1=P2 болғанда тығыздығы үлкен сұйық бағанның биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанның биіктігінен кем болады.

Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығаруҚатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығаруҚатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығару

а) ә) б)

5 - сурет. Қатынас ыдыстар

5-суретте бірнеше ыдыс кескінделген. Олардың пішіндері әр түрлі болғанымен бәріне тең бір ерекшелік ыдыстарды бір-біріне ұқсатады. Қандай? Жақсырақ қарағанда олардың құйылған бүліктері бір-бірімен жалғанғаны байқалады.

Сұйық құйылған бәріне ортақ бүлігі бар (оларды жалғайтын) ыдыстар қатынас ыдыстар деп аталады. Тәжірибе жасайық. Екі шыны ыдысты резина түтікпен жалғап, оның ортасын қысып, ыдыстың біріне су құяйық (5, а-сурет). Енді қысқышты ашып судың бірінен екіншіcіне, оған қатынасқан ыдысқа ағуын бақылайық. Біз судың екі түтікшедегі деңгейлері теңелгенше ағатынын байқаймыз (5, ә-сурет). Егер бірін штативке бекітіп, екіншісін көтеріп не төмен түсірсек, сұйықтың қозғалысы тоқтағанда, екі ыдыстағы сұйықтардың деңгейлері теңелетіні байқалады (5,б-сурет).

Қатынас ыдыстар заңы:Қатынас ыдыстардағы біртекті сұйықтың беті бір деңгейге ие болады.

Бұл заңда айтылатын ыдыстардың диаметрі өте кіші болмауы тиіс, себебі бұл кезде капиллярлық құбылыстар байқалады. Бұл заңды дәлелдеу үшін, ыдыстар жалағанған жердегі сұйықтың бөлшектерін қарастырамыз. (5, а-сурет). Бұл бөлшектер (қалған барлық басқа сұйықпен қатар) тыныштықта болғандықтан, оған сол және оң жақтарынан әсер ететтін қысым күштері бір-бірін теңгереді. Бұл күштер қысымға, ал қысым осы күштер әсер ететін жақтағы сұйық бағанының биіктігіне пропорционал. Сонда қарастырылатын күштердің теңдігенен қатынас ыдыстардағы сұйық бағанасының теңдігі шығады. Осы кезге дейін біз екі қатынас ыдыстарға бірдей сұйықтар құйылған жағдайды қарастырдық. Ал егер осы ыдыстың біреуіне бір сұйық (мысалы, тығыздығы ρ1 су), ал екіншісіне басқа сұйық (мысалы, тығыздығы ρ2 керосин) құйылса, онда ыдыстағы сұйықтар деңгейі әр түрлі болады. Бірақ бұл кезде сұйықтар тыныштыққа болғандықтан бұрынғыдай сұйықтардың оң және сол бағаналарының қысымдары тең деп саналады (мысалы, суреттегі АВ деңгейі): p1 = p2 Бұл қысымдардың әрқайсы гидростатикалық қысымның көмегімен өрнектеледі. p1 = ρ1gh1, p2 = ρ2gh2

Бұл өрнектерді теңестіріп мынаны аламыз. ρ1gh1 = ρ2gh2 одан ρ1h1 = ρ2h2.

Осы теңдіктен, егер ρ1 > ρ2 болса, h1 < h2 екендігі шығады. Бұл әр түрлі сұйықтар құйылған қатынас ыдыстардағы тығыздығы жоғары сұйық бағанасының биіктігінің тығыздығы аз сұйық бағанасының биіктігінен кем болатыны білінеді. Бұл кезде сұйық бағаналарының биіктігі, олардың бір-біріне тиіскен беттерінен бастап саналады.





III бөлім

Қатынас ыдыс арқылы жердің астынан су шығару



Сұйық құйылған бәріне ортақ бүлігі бар (оларды жалғайтын) ыдыстар қатынас ыдыстар деп аталады.

Халықты, сол сияқты зауыт, фабрикаларды т.б. сумен қамтамыз ету үшін салынған инженерлік құрылысты - су құбыры деп атайды.

Біздің су құбыры жаңадан жасалынған электр тогысыз жұмыс істейді.



Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығару

6 - сурет. 1-тәжірибе.

Бізге керекті құралдар: құты, құтыны белгілі бір биіктікте ұстайтын темір, жгут, пластелин, клей, трубочка 7 дана, шелек 2 дана.

Құтыны алып, сыртына темірді орап,15см. биіктікте орналастырдық. 0,5л. құтының астынан және 0,4л. жерінен тестік. 0,4л. жерінде тесілген тесікке жгуттың бірінші жағын кіргізіп, екінші жағын 20см. биіктікте орналасқан шелекке салдық. Астыңғы тесікке трубочканы бір-біріне пластелин арқылы жалғап кіргіздік. Трубочканың екінші жағын-70см. төменге қарай жіберіп шелекке салдық. Астындағы шелекке толтырып су құйдық. Құтыға да толтырып су құйдық.

Нәтиже

Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығару

7 - сурет. Су құбырының айналымы.



Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығаруҚатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығару

а) ә)



Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығару

б)

8 - сурет. 2 - тәжірибе.



Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығаруҚатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығару

а) ә)

9- сурет. 3 - тәжірибе.



Қатынас ыдыстар арқылы жер астынан су шығару

10 - сурет. Су құбырын жасау үлгісі.







Жұмыс барысы біз екінші тәжірбие жасап көрдік. Екінші тәжірбиеге керекті құралдар жгут, құты 2 дана, система(түтікше). Құтының астынан және үстінен тесіп, система(түтікшелерді) орналастырдық. Құтыға су толтырып екеуін алшақтатсақ қысымы азайып, су көтерілмейді. Ал жақындатсақ қысым теңесіп, су ағады. Жоғары, төмен қойсақта осындай нәтиже алдық.























Қорытынды



Қазақстанның жер асты сулары - Қазақстан Республикасында жер асты суларының едәуір қоры бар. Оның пайдаланылатын болжамды қоры 55 млрд м3/жыл деп есептеледі. Барланған 456 кен орны мен 122 телімнен жылына 16 млрд текше метр тұщы және тұздылығы аз су қорларын пайдалануға болады деп белгіленген. Жер үсті сулары секілді жер асты сулары да өте-мөте әркелкі болып бөлінген. Бұл қорлардың 70%-нан астамы еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында. Жер асты суларының барланған жалпы қорынан 261 кен орны (57%) мен 71 телім (58%) пайдаланылады. 1996 ж. мөлшермен есептегенде жер астынан алынған 1,5 млрд текше метр судың 66%- ы шаруашылық-ауыз су қажеттеріне, 23%- ы өндірістік-техникалық қажеттерге, жүйелі суармалауға 3,7 және жайылымдарды суландыруға 7,3%-ы пайдаланылды. Тұщы және тұздылығы аз жер асты суларынан басқа Қазақстан Республикасының аумағында минералды сулардың</<font face="Times New Roman, serif"> 45 кең орны барланған, оның тиянақталған қоры жылына 11 млн текше метр деп есептеледі. Қазіргі таңда жер асты сулары пайдаланатын елді-мекендер бар мәселен Жаңақорғанның 70% жер асты суы құдықты пайдаланады.























































Ұсыныс



Су- тірщілік көзі. Су біздің тағамымыздың негізгі элементі. Адамзат сусыз өмір сүре алмайды. Біздің ұсынысымыз ең бірінші адам өмірін жеңілдету. Кейбір жағдайда жарық көзінің болмауы. Мысалы алатын болсақ: Орталық Қазақстан. Бұл облыс шөл зонасында жатқандықтан, суды Шығыс Қазақстаннан 500м тереңдікте орналасқан құбыр арқылы су тартады. Бұл құбырға да жарық көзі көп мөлшерде жұмсалады, сондықтан тиімсіз болып есептеледі.

Әзербайджан мемлекетінде Наби Гамидов ғалымы суды химиялық газ арқылы тартып, тиімді жолмен тапқан. Ол тіпті ең ауыр сұйықтық (ртуть) тартып алған. Бұл ғалым әлі осы құпиясын жасырып отыр.

Ал енді біздің соған ұқсас су құбырын жасап жатырмыз. Бірақ бізде құрал- жабдықтар жоқ болғандықтан нәтижемізге жете алмадық.

Осы тақырып арқылы насоссыз су құбырының үлгісін жасадық.



























































Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. "Ғасыр-Ш", 2005 жыл.

  2. Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.

  3. Қазақстан энциклопедиясы, VII-том

  4. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008

  5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. - Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.

  6. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған - түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. - Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. - 456 бет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал