7


  • Учителю
  • Презентация по тему Архимед күші

Презентация по тему Архимед күші

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Физика әлемінде» сайысы

Мақсаты: 1. Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттыруға, іздемпаздыққа тәрбиелеу

Қажетті құралдар: аспаптар: Динамометр, электроскоп, мензурка, барометр, амперметр, вольтметр.

Өткізілу этаптары:

1 - тур Ойға шабуыл ( Әр сұрақ 1 ұпай)

2 - тур Көмекке келетін жұмбақтар ( әр сұрақ 5, 3, 2, 1 ұпай )

3 - тур Аспапты білесің бе? (әр сұрақ 1 ұпай)

4 - тур логикалық сұрақтар (әр сұрақ 1 ұпай )

5 - тур Формула сыры (сұрақ 2 ұпай )

Қатысатын сыныптар 8

Әр сынып жеке топ болып бөлінеді. Топтың атын қойып, ұрандарын айтады.



1 тур Ойға шабуыл

1) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)

2) 1 кг массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма? (бірдей)

3) 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты (зодиак)

4) Табиғатты зерттеудің негізгі 3 әдістері? ( бақылау, эксперимент, теория)

5) Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер)

6) Инерция құбылысын кім ашты? ( Галилей)

7) Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім? (Архимед)





8) Темір не? (зат )

9 )Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )

10). Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)

11). массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)

12). Ең кішкентай заряд? (электрон)

13). электр заряды жоқ бөлшек? ( нейтрон)

14). Жылдамдықты өлшеуге арналған құрал? (спидометр))





15). Аттас зарядтар бір біріне тартыла ма?( жоқ тебіледі)

16). Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол....? (инерция)

17). Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)

18). Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама... (энергия)

19. Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)

20. Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)

21. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі - бұл.... (диффузия)





2 тур. Көмекке келетін жұмбақ

Шарты: 1 көмек 5 ұпай, 2 көмек 3 ұпай, 3 көмек 2 ұпай

4 көмек 1 ұпай



1 Ғалым туралы.....

а) Зарядталған денелердің өзара әсерін тексерген 5 ұпай

б) Француз физигі электростатиканың негізгі заңын ашқан ғалым 3 ұпай



в) зарядтың өлшем бірлігі ретінде алынған 2 ұпай



г) Презентация по тему Архимед күші 1 ұпай

(Шарль Огюстен Кулон)



2 Жанды нәрсе туралы.....

а) Көзі қырағы, жанған жарықта алыстан көреді 5 ұпай

б) Жүрегіңнің қуаты 2. 2 Вт 3 ұпай

в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді 2 ұпай

г) жердегі ең ақылды кім? 1 ұпай

( адам)

3 Бұл қандай зат?

а) Адам организмнің 65 процент 5 ұпай

б) Заттың үш күйінің біреу 3 ұпай

в) Үш күйде де бола алады 2 ұпай

г) Жерде онсыз өмір жоқ 1 ұпай

( Су)



3 - тур

Аспаптар ( 1 ұпай )

1) Аспапты білеміз бе? Нені өлшейміз?

Динамометр

Мензурка

Электроскоп

Амперметр,Вольтметр

Барометр

Қатынас ыдыстар



4- тур логикалық сұрақтар ( 1ұпай)

1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)

2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)

3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)

4. неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

5. дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)

6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)

7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)

8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

9. ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)

10. қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)

11. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)

12. жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)

13. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)

14. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)

15. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)



5 - тур.

Формула сыры.

Сайысымыздың бұл сатысында берілген физикалық шаманың белгілетін әріпін және өлшем бірлігін атауыңыз керек. Шаманы атағаннан кейін бірінші болып толық жауап берген топқа 20 және сұрақтың бір бөліміне жауап берген топқа 10 ұпай беріледі .

1- топ.

2- топ.





3-топ

Қорытындылау. Жеңімпаз топты анықтау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал