7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Денелердің электрленуі (8 сынып)

Ашық сабақ Денелердің электрленуі (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ Денелердің электрленуі (8 сынып)



Утепова Толкын Аскаровна

Орал қаласы. Ә. Молдағұлова атындағы № 38 мектеп- лицей

Физика пәнінің мұғалімі









Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: §28 - § 29 Денелердің электрленуі. Электр зарядының

сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және

өткізбейтіндер.

Сабақтың мақсаты:

  • Электростатикалық өріс жөнінде, электр заряды туралы түсінік қалыптастыру;

  • Денелердің электрленуі,электр зарядының сақталу зағы туралы түсініктерін нығайту;

  • Ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа, өз бетінше, топтық ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі ашық ұйымдастырылған сабақ.

Сабақтың әдісі: топтық, сұрақ - жауап, пікірталас, баяндау,постер қорғау т.б.

Сабаққа керек құрал - жабдықтар: оқулық, АКТ, карточкалар, интербелменді тақта, стикер, маркер, эбонит таяқшалары,гофер, электрометр.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, информатика, өзін - өзі тану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сыныптың гигиеналық тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тиянақтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Интербелсенді тақтаның көмегімен слайдта бейнеленген ұяшықтарды таңдау арқылы бірінші топ электр құбылыстарының пайдасы, екінші топ электр құбылыстарының зияны туралы өз пікірлерін айтып 10 минуттық пікірталас ұйымдастырылады.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей, құрғақ шүберекпен сүртілген айна, шыын мен пластикан тозанды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады. Біздің заманымызға дейінгі 600 жылдары ежелгі гректер құрғақ, қатты шайыр күйдегі сары янтарь өндірген және сары янтарьдың ерекше қасиетін байқайды. Янтарьды теріге немесе жүнге үйкегенде талшықтарды өзіне тартқан. Гректер осы шайырды электрон деп атаған. Оған қатысты құбылысты денелердің электрленуі деп тұжырымдаған. Электрлену барысында пайда болатын күштерді электр күштері деп атаған. Денелердің немесе бөлшектердің өзара электрлік әрекеттесу қасиетіне ие болатын физикалық шаманы электр заряды деп атап, оны q әрпімен белгілейді.

Сонымен, бір - бірімен денелдің өзара ісерлесу құбылысын денелердің электрленуі, сол кезде туындайтын күштерді электр күштері деп атайды. Электр зарядының сақталу заңы тұйық жүйеде денелердің электрлену құбылстарының барлығында да электр қосындысы сақталады.

q1+q2+q3= const

Денелердің электрленгенін білуге арналған құрал - электроскоп немесе электрометр деп аталады.

Өткізгіштерге: адамның, малдың денесі, ылғал жер жатады. Барлық металдар, тұздар және қышқылдардың судағы ерітінділері, графит, электр зарядтарын жақсы өткізеді.

Өткізбейтіндерге немесе диэлектриктерге: пластмассалар, фарфор, шыны, эбонит таяқшалары, резеңке, мата т.б жатады. Оларды оқшауланған немес изоляторлар деп атайды. (грек тілінен аударғанда - оңашалу деген мағына білдіреді).

IV. Топтық жұмыс.

Алдарында тұрған алма ағашындағы алмаларды топ болып екі топ таңдап онда жасырылған тапсырмаларды топ болып орындайды.

  • Қызыл алманы таңдаған топ:

  1. Электр зарядының неше түрі бар? (Оң және теріс).

  2. Электр заряды бар денелер қалай аталады? (Зарядталған немесе электрленген).

  3. Электр заряды жоқ денелер қандай денелер? (Нейтраль немес бейтарап)

  • Сары алманы таңдаған топ:

  1. Статикалық заряды бар тыныштықтағы денелердің өзара әрекеттесуі қалай аталады? (электростатикалық өзара әрекеттесу)

  2. Денелердің электрленгенін білуге арналған құрал қалай аталады? (Электрометр немес электроскоп)

V. Пысықтау.

Бүгінгі сабақ бойынша қандай ақпарат алды, қандай құрылғымен танысты не білді, өз білімдерін тиянақтау.Сонымен қатар, 2 тілек, бір ұсыныс әдісі бойынша алдарынызда тұрған тілек ағашына стикер жабыстыру арқылы тілек ұсыныстарынды білдіріңдер.

VI. Бағалау.

Екі топ бір бірін бағалау парағы бойынша бағалап орташа баллын шығарады.Орташа балл кретересі

50 % - 70 % - төмен деңгей

70 % - 90% жақсы деңгей

</ 90 % - 100% - өте жақсы деңгей

Қорытынды бағалау

VII. Үйге тапсырма:

§28 - § 29 Денелердің электрленуі.

Электр зарядының сақталу заңы.

Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндер.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал