7


  • Учителю
  • Урок: Қатынас ыдыстар. (7 класс)

Урок: Қатынас ыдыстар. (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

7ә сынып

Сабақтың тақырыбы: §38. Қатынас ыдыстар.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: резеңке түтікпен жалғасқан шыны түтікшелермен тәжірибе жасай отырып, қатынас ыдыстардың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру.

  2. Дамытушылық мақсаты: тұрмыстан, өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, өмірге бейімділігін арттыру.

  3. Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа ұғым қалыптастыру.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгіме, жаттығулар орындау, ашық - ой сабағы.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, қатынас ыдыстар, приборлар, тірек схема.


Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, ашық сабақ. Бізге сабаққа мұғалымдер қатысып отыр, сондықтан белсенді араласып алған білімімізді көрсете білейік.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қатынас ыдыстар.

Сабағымыздың мақсаты: резеңке түтікпен жалғасқан шыны түтікшелермен тәжірибе жасай отырып, қатынас ыдыстар туралы түсінік қалыптастыру.

Алдымен «Еске түсіру» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын тексереміз. Ал тапсырмаларды орындайық:

№1 тапсырма: Цилиндр тәрізді әр түрлі екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған. Судың ыдыстар табанына түсіретін қысым күші бірдей бола ма?

Жауабы: бірдей болмайды, себебі қысым күші сұйық бағанының биіктігіне және тығыздығына тәуелді болады.

№2 тапсырма: Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық ең жоғарғы саңылаудан жақынға, ал ең төменгі саңылаудан алысқа шашырайды. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады.

Жауабы: сұйық қабаты неғұрлым төмен болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады. Сондықтан ең төменгі саңылаудан су шашырап шығады.

№3 тапсырма: теңіздің 10900 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын табыңдар. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3.

Жауабы: р=112 000 кПа;

№4 тапсырма: Қысым дегеніміз не? Қысымның өлшем бірліктерін ата?

Жауабы: Қысым дегеніміз белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама р= F/S; Қысымның өлшем бірлігі: Н/м 2; Па;

№5 тапсырма: Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар? Теңіз суының тығыздығы: 1030 кг/м3 ;

Жауабы: р=92,7 кПа;

№6 тапсырма: Қатты денелер, газ және сұйықтар арқылы қысым қалай беріледі?

Жауабы: Қатты денелерде қысым бір бағытта беріледі. Сұйық пен газдарда қысым барлық жаққа, бірдей қашықтыққа беріледі.

Келесі «Білімділік стратегиясы». Мұнда біз жаңа тақырыппен танысамыз.

Өзіміздің күнделікті өмірде қолданып жүрген шәйнектің шүмегі, егер байқап қарасаңдар, оның бетімен деңгейлес келеді. Ал егер шәйнектің шүмегі оның ортан белінен -ақ келсе немесе аса ұзын болса, қалай болар еді?

Егер шәйнектің шүмегі өте қысқа болса, онда су шүмектен ағып кете берер еді, біз суды еш уақытта қақпағына дейін толтыра алмас едік. Ал шәйнектің шүмегі аса ұзын болса, онда сәл ғана еңкейткен кезде, су шүмектен емес, оның қақпағының астынан бұрын ағар еді.

Мұның себебі неде?

Өйткені, шәйнек пен оның шүмегіндегі су бірдей деңгейде тұрады, шәйнекті еңкейткен кезде оның шүмегі шәйнектегі судың деңгейіне дейін төмен түседі, одан су аға бастайды.

Сұйық құйылған бәріне ортақ бөлігі бар ыдыстар қатынас ыдыстар деп аталады.

Мұндай ыдыстардың көлемдері мен пішіні әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, шәйнек, құмған, кофе қайнатқыш, т.б. Бұл ыдыстар қатынас ыдыстарға жатады.

Қатынас ыдыстардың жұмыс принципін мынадай тәжірибемен көрсетуге болады. Шыны түтікті резеңке түтікпен жалғап оны сумен толтырайық. Сөйтіп оларды бір - бірімен жоғары төмен қозғалтып салыстырғанда түтіктердегі судың деңгейі өзгермейтінін көреміз. Сұйық бағанының қысымы оның биіктігіне байланысты болады. Бірақ оң жақтан да, сол жақтанда бірдей қысым түскенде, сұйық тепе - теңдікте болады, олай болса қысым да бірдей болады.


Енді тәжірибені әр түрлі пішінді түтіктермен алмастырып, қайта жасаймыз. Сонда кез келген қатынас ыдыстағы судың деңгейлері бірдей болатынын көреміз.

Бұдан мынадай қорытынды шығады.: кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бірдей деңгейде болады.

Егер қатынас ыдыстардың тармақтарына әр түрлі сұйықтар құйылса, бұл сұйықтардың деңгейлері бірдей болмайды. Қысымдары тең, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады, яғни қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағанының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал:



«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша алған білімдерімізді пысықтап алайық.

  1. Қатынас ыдыстарға қандай мысалдар келтіре аласын?

  2. Қатынас ыдыстардың әр тармағына әртүрлі сұйықтар құйылса, олардың деңгейі қандай болады?

  3. Қатынас ыдыстардың тармақтарына бірдей су құйылса, деңгейі қандай болады?

  4. Егер ыдыстың шүмегі бетінен кіші болса не байқалады?

  5. Егер ыдыс шүмегі ыдыс бетінен ұзын болса, не байқалады?

Енді «Ой толғаныс» стратегиясында алған білімдерімізді қорытындылаймыз. Ол үшін «Семантикалық карта» тапсырмаларын орындаймыз:

Семантикалық карта

Физикалық шама

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Формуласы

ρ

υ

р

s

F

м/с

кг/м3

Н

м

Па

υ·t

F/S

m·a

m/V

s/t

Жол


Күш


Қысым


Тығыздық


Жылдамдық

Тірек схема

F

м

Биіктік

h

кг

тығыздық

р

с

Күш

m

кг/м3

аудан

ρ

Н

қысым

t

м 2

уақыт

s

Па

масса



Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: §38. Қатынас ыдыстар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал