- Учителю
- Орташа жылдамдыққа есептер шығару. (7 сынып)
Орташа жылдамдыққа есептер шығару. (7 сынып)
Бекітемін: Сыныбы: 7 «Ә», «В»
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Орташа жылдамдыққа есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Орташа жылдамдық ұғымдарын түсіндіру және есептер шығару.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: теориялық білімдерін практика жүзінде көрсетуге бейімдеу
Дамытушылдық: шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: сауаттылыққа, ұқыптылыққа, өзін өзі бағалай білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
ІV. Сабақты пысықтау.
V. Сабақты қорыту.
VІ. Үйге тапсырма беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Бірқалыпты қозғалысқа анықтама бер.
Бірқалыпты қозғалысқа мысал келтір.
Бірқалыпты емес қозғалысқа анықтама бер.
Бірқалыпты емес қозғалысқа мысал келтір.
Жылдамдық дегеніміз не?
Жылдамдықтың формуласы? Өлшем бірлігі?
Орташа жылдамдық дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Орташа жылдамдықты есептеп табу үшін берілген уақыт аралығындағы
орын ауыстыруды осы уақыт аралығына бөледі
Егер дене жолдын жартысын , ал қалған жартысын жылдамдықпен жүрсе: - орташа жылдамдық.
Егер дене уақыттың жартысын , ал қалған жартысын жылдамдықпен жүрсе: - уақыт жартысы
1. Велосипедші бірқалыпты қозғалып 60 мин ішінде 18 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м /с - пен өрнекте.
2. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығын тап.
3. Автомобиль жерге қатысты 15 м /с жылдықпен жүріп келеді. Автомобильдің 10 мин ішіндегі жерге қатысты жүрген жолын тап.
4. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы автомобильдің орташа жылдамдығын тап.
5. Ұзындығы 200 м поезд 36 км / сағ жылдамдықпен ұзындығы 400 м көпірді жүріп өту үшін кеткен уақытты тап.
6. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км /сағ жылдамдықпен қозғалды. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығын тап.
7. Үйден шыққан оқушы мектепке дейін 1км жолды 1 минутта жүреді. Оқушының қозғалысын бір қалыпты деп ұйғарып, жылдамдығын анықтау керек.
8. Автомашина 200 м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтаңыз.
ІV. Сабақты пысықтау.
1. Егер жол мен жылдамдық белгілі болса, қозғалыс уақытын қалай табуға
болады ?
2. Жылдамдықтың 36 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.
3. Велосипедші 150 м жолды 1,5 м /с жылдамдықпен жүрген. Осы ара
қашықтықты велосипедші қанша уақытта жүріп өтеді ?
4. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейді ?
5. Жылдамдықтың 54 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.
6. Автомобильдің 2 сағат ішінде 120 км /сағ жылдамдықпен жүрген жолын тап.
7. Егер жол мен уақыт белгілі болса, онда жылдамдықты қалай өрнектейміз ?
8. Жылдамдықтың 25 м /с - пен берілген мәнін км /сағ - пен өрнекте.
9. Велосипедші 30 минут ішінде 9 км жол жүрді. Велосипедшнің жылдамдығын
табу керек.
V. Сабақты қорыту.
VІ. Үйге тапсырма беру.
</