- Учителю
- Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көзі. Күн – жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күн мен Айдың тұтылуы.
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көзі. Күн – жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күн мен Айдың тұтылуы.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4 В Күні: </ Сынып: 8 «В» |
Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы Мұғалімнің аты -жөні: Алдигулова Н.Ж. Қатысқандар саны: 10 Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы |
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көзі. Күн - жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күн мен Айдың тұтылуы. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| ||||||
Сабақ мақсаттары |
Жарық табиғаты және оның таралуын сипаттау. Күн мен Айдың тұтылу себебін анықтау | ||||||
Жетістік критерийлері |
Жарық туралы ұғымды өз беттерімен зерделеп, зерттеп өмірмен байланыстыра алу; | ||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек. Арнайы пәндік лексика мен терминология:
|
Орысша |
Ағылшынша | ||||
Жарық |
Свет |
light | |||||
Жарық көзі |
Источник света |
illuminant | |||||
Күннің тұтылуы |
Затмения Солнцы |
eclipse of the sun | |||||
Айдың тұтылуы |
Затмения Луны |
eclipse of the moon | |||||
Жарық сәулесі |
Луч света |
light ray | |||||
Көлеңке |
Тень |
shadow |
Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:
Оптика - жарық құбылыстарын зерттейтін физиканыӊ бір бөлімі.
Өзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады. Жарық көздері екіге бөлінеді: табиғи және жасанды жарық көздері.
Жарық сәулесі - жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық.
Жарықтың түзусызықты таралу заңы: жарық біртекті мөлдір ортада түзу сызық бойымен таралады.
Құндылықтарды дарыту
-
Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)
-
Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
-
Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
-
Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстар
Математика
АКТ қолдану дағдылары
Есептер мысалын АКТ көмегімен ұсыну
Бастапқы білім
Жаңа материалды меңгеру
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
3 мин
7 мин
Қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру
1.Оқушылармен амандасу
2.Түгендеу
3.Сыныптың сабаққа дайындығы
«Білімді шыңдау»
- «жарық», «жарық көзі», «Күн» сөздері жасырынған бағдаршам макетін дайындау;
- берілген жауаптар бойынша бағдаршамды жағу
Олай болса оқушылар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:
«Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көзі. Күн - жұлдыз. Жарықтың таралуы.
Күн мен Айдың тұтылуы.»
Жарық нені білдіреді?
Жарық -заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше
бөлшектер ағыны болып табылатын фотондар ағыны. Фотондар ағыны
энергияны жарық көздерінен жарықталған денелерге жеткізеді. Бұл
энергияны жарық энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы
деп аталады.
Оқушылар хабарламасы
Сабақтың ортасы
35 мин
Жаңа материалды меңгеру
Жарық және жарық құбылыстары туралы ілімді физиканың оптика
(грек сөзі, көрінетін, көруге болатын дегенді білдіреді) деп
аталатын бөлімі қарастырады.
Фотондар жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығы болып табылады.
Жарық жылдамдығы әр түрлі заттарда түрліше болады. Тәжірибе арқылы
вакуумдегі жарық жылдамдығы с-300 000 км/с-қа тең. Мұндай
жылдамдықпен бірде -бір дене, бірде-бір заттың бөлшектері қозғала
алмайды.
Вакуумде с=300 000 км/с
Ауада с= 299 711 км/с
Суда с=225 000 км/с
Шыныда с= 200 000 км/с
Вакуумдегі жарық жылдамдығы - табиғатта мүмкін болатын үлкен
жылдамдық.
Жарық көздері - жарық шығаратын денелер
Еске түсіру: «Балалар, осы Күннен келген жарық Жер бетіне қалай тарайды? », «Көлеңке неге пайда болады?», «Алакөлеңке дегенді естідіңдер ме? Ол қай кезде пайда болады?» деген сұрақтармен оқушыларға ой тастау
оқушыларға ой тастау
Егер көз бен жарық көзінің арасына мөлдір емес нәрсе
орналастырса, онда жарық көзі көрінбейтін болады. Бұл біртекті
ортада жарық сызық бойымен - түзу сызықты тарайтынын түсіндіреді.
Жарықтың таралу заңы дегеніміз осы.
Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық
сәулесі деп аталады.
Күннің тұтылуы. Егер Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында Жер
мен Күннің арасына келіп қалса , онда ол Күнді жауып қалса, онда
Күн тұтылады. Ай Жерге көлеңке мен ала көлеңке түсіреді. Жерге Ай
көлеңкесі түскен нүктелерінде Күн толық тұтылады, Жер бетінің
алакөлеңке аймағындағы нүктелерінде ол тұтылу жартылай болады.
Күннің тұтылуы таңғаларлық көрініс болып табылады. Аспанда қара
дөңгелекті және оның айналасындағы тамаша шұғыла-Күн тәжін көреміз.
Ол күннің қатты қызған атмосферасының жарқыраған сыртқы бөліктері.
Күннің толық тұтылуы кезінде тез қараңғы түседі. Ауа температурасы
төмендейді, тіпті шық пайда болады. Толық тұтылу көбіне 2-3 мин-қа
созылады және ұзақтығы 8 мин-та (7 мин 40 с) аспайды. Ол Жерде бір
жарым жылда бір рет болады, бірақ Жердің бір орында қайтадан болуы
өте сирек: шамамен 200-300 жылда 1 рет болатын құбылыс.
Күн тәжі
Айдың тұтылуы. Ай Жердің көлеңке аймағына енгенде, Ай тұтылуы басталады. Ай тұтылу тек Айдың толған кезінде, яғни Ай аспанның Күнге қарсы нүктесі маңайында болған кезінде байқалады. Бұл уақытта Ай Жерге өзінің барлық жарықталған жарты шарымен қарайды. Егер толық Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында толығымен Жердің көлеңкесіне енсе, онда Айдың толық тұтылуы болады. Егер ол көлеңке шетін жанап өтсе, онда тұтылу жартылай болады. Айдың толық тұтылуы ұзаққа созылады, екі сағат дерлік болуы мүмкін.
Ортағасырлық Шығыс ғалымы, Хорезмде туылған Мұхаммед ибн Ахмед
әл-Бируни (973-1048 жж) Ай тұтылу кезінде, Ай түсінің өзгеруін,
Күннің толық тұтылуы кезіндегі Күн тәжі құбылысын бақылап, суреттеп
жазған.
Флипчарт
Практикум
25 мин
1-тапсырма. Кестеге мына аталған денелердің қайсысы табиғи жарық көздеріне, қайсысы жасанды жарық көздеріне жататынын жазыңдар: Күн, шырақ, теледидар экраны, жұлдыздар, шіріген заттар, күндізгі жарық шамы, найзағай, газ плитасы жанарғысының жалыны, поляр шұғыласы, дисплей экраны.
Жарық көздері
Табиғи
Жасанды
2-тапсырма «Бос орынды толтыру»
3-тапсырма. Жерден қарағанда, Күннің толық және жартылай тұтылуының ауданын көрсетіңіз
Сабақтың соңы
5 мин
Үйге тапсырма
2 мин
Рефлексия
3 мин
Бүгінгі сабақтың қорытындылау мақсатында сұра-жауап әдісі арқылы оқушылардың алған білімдерін пысықтау
-
Күн сәулелерінің қандай бөлігі жерге түседі?
-
Жердегі тіршіліктің дамуында Күннің ролі қандай?
-
Қандай денелер жарық көздері бола алады?
-
Жарықтың түзу сызықты таралатынын қандай тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады? ( шағын эксперимент жасау)
-
Күннің немесе Айдың тұтылуын байқағандарын бар ма?
-
Біздің облыста Күннің тұтылуы соңғы рет қашан байқалды, білесіздер ме?
§ 61. Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері § 62. Күн -жұлдыз.
§ 63. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия парағын толтырады
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмыстыжалғастыруқажет
Физика
8 сынып
Б.М.Дүйсембаева
Г.З.Байжасарова
А.А.Медетбекова
Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Барлық оқушылар:
Жарық туралы біледі
Оқушылардың көпшілігі:
Жарық табиғатына сипаттама бере алады
Кейбір оқушылар:
Жарықтың түзу сызықты таралатыны нақты деректермен дәлелдей алады
Тексеру парақтары
Шапалақтау
Бағалау парақтары
Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы
Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау
Көз жаттығуларын орындау
Кабинетті желдету
Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау), серіппелерді ұқыпты қолдану
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?