- Учителю
- Теледидар. Байланыс құралдарының дамуы.
Теледидар. Байланыс құралдарының дамуы.
11 сынып №21 сабақ ____________________
Сабақтың тақырыбы: Теледидар. Байланыс құралдарының дамуы.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Теледидармен байланыс құралдарының дамуымен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
-
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
-
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша теледидармен байланыс құралдарының дамуымен танысамыз.
-
Ұзын радиотолқындар не себепті алыс қашықтыққа тарай алады?
-
Шалғай қашықтыққа қысқа толқындар арқылы радиобайланыс қалай жүзеге асады?
-
Ионосфераның пайда болу себебі неде?
-
Радиолокация дегеніміз не?
-
Не себепті телехабарлар үшін таратқыш антенналар биікке орналасуы қажет?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: Телевизия жөнінде түсінік
Радиотолқындар тек дыбысты ғана емес, сонымен бірге кескіндерді де қашықтыққа жеткізу үшін (телевизия) пайдаланылады.
Кескіндерді қашыктыққа жеткізу принципі мынадай. Хабарлағыш станцияда кескін тізбекті электр сигналдарына түрлендіріледі. Содан кейін ол сигнаддар жиілігі жоғары генератор өндіріп шығаратын тербелістерді модуляциялайды. Модуляцияланған электромагниттік толқын хабарды алысқа жеткізеді. Қабылдағышта кері түрлендіру жүргізіледі. Жиілігі жоғары модуляцияланған тербелістер детектирленеді де, жеткізілген сигнал көрінетін кескінге түрлендіріледі. Қозғалысты жеткізу үшін кино принципі пайдаланылады: бір-бірінен сәл ғана өзгеше козғалыстағы объектінің кескіндерін (кадрлерді) бір секундта ондаған рет береді (біздің телевизияда 50 рет).
1-суретКадр кескінің электр сигналдар сериясына түрлендіру иконоскоп (1-сурет) - жеткізуші вакуумдық-электрондық түтік көмегімен жүзеге асырылады. Иконоскоптан басқа да жеткізуші қондырғылар бар. Иконоскоп ішіне мозаикалы экран орнатылған, оған оптикалық жүйенің көмегімен объектінің кескіні проекцияланады. Мозаиканың әрбір ұясы зарадталады, оның заряды ұяға түсетін жарық интенсивтігіне тәуелді. Электрондық зеңбірек тудыратын электрон шоғы үяға түскенде, әлгі заряд өзгереді. Электрондық шоқ мозаиканың бір жолының, одан соң екінші жолының барлық элементтеріне ретімен сыпыра түсіп шығады, т.с.с. (барлығы 625 жол). R резистордағы ток күші, ұя зарядының қаншалықты күшті өзгеретініне тәуелді. Сондықтан резистордың кернеуі кадр жолының бойындағы жарықталынудың өзгеруіне пропорционал өзгереді.
Телевизиялық қабылдағышта детектирленгеннен кейін дәл әлгіндегідей сиганл шығады. Бұл - бейнесигнал. Ол вакуумдық-электрондық қабыддағыш түтіктің - кинескоптың экранында көрінетін кескінге түрленеді. Осындай түтіктің электрондық зеңбірегі шоқтағы электрондардың санын (яғни сәуле түскен жердегі экранның, жарқылын) басқаратын электродпен жабдықталған. Хабарлағыш түтікте электрондық сәуле мозаикалық экранды қалай сыпыра шарлап шықса, дәл осы тәрізді горизонталь және вертикаль бұрушы катушкалар жүйесі электрондық сәулені барлық экранды сыпыра шарлатып шығарады. Хабарлаушы және қабылдаушы түтіктердегі сәулелер қозғалысының синхрондығы дербес синхрондаушы сигнаддар жіберу арқылы іске асырылады.
Телевизиялық радиосигналдар тек улътрақысқа (метрлік) толқын диапазонында ғана жіберіледі. Осындай толқындар әдетте антеннаның тікелей көру шегінде ғана тарайды. Сондықтан телевизиялық хабармен үлкен атырапты қамту үшін телехабар таратқыштарды жиірек орнатастыру және олардың антенналарын жоғарырақ көтеру керек. Мәскеудегі Останкино телеорталығының мұнарасының биіктігі 540 м, ол радиусы 120 км атырапта телевизия хабарларын еркін хабарлауға мүмкіңдік береді. Қазіргі кезде бұрынғы кеңес Одағы телевизиялық желісінде бірнеше мың хабар таратушы станциялар жұмыс істейді, олардың хабарларын 100 миллиондай телевизиялық қабылдағыштар (телевизорлар) қабылдайды.
Телевизиялық қабылдаудың сенім-ді аймағы, әсіресе ретрансляциялық серіктерді пайдалану нәтижесінде, үздіксіз арта түсуде.
Түсті телевизия барған сайын кең өріс алуда. Түсті кескін алу үшін негізгі түстерге кескіннің (қызыл, жасыл, көк) сәйкес компоненттері тасымалданатын үш көру сигналының берілісі жүзеге асырылады.
Байланыс құралдарының даму.
Біздің елімізде бірынғай автоматтандырылған байланыс жүйесі жасалуда. Ол үшін әр түрлі техникалық байланыс құраддары қолданылатын жана облыстар дамытылып, жетілдірілуде.
Тіпті бертінге дейін калааралық телефон байланысы тек қана байланыстың ауа желілері арқылы орындалатын, ал байланыстың сенімді болуына желілерге найзағай мен мүз қатуының зиянды әсері болады. Осы кезде ондай байланыста автоматтандыру дәрежесі өсіп, енді кабельді және радиорелелі желі кеңінен қолданылып отыр.
1-суретБайланыстың радиорелелі желілерінде ультрақысқа (дециметрлік және сантиметрлік) толқындар пайдаланылады. Осы толқындар тікелей көріну шегінде тарайды. Сондықтан желілер шағын қуатты радиостанциялар тізбегінен құралады да, әрқайсысы сигналды көршілеріне, эстафета бойынша дерлік жеткізіп отырады. Мұндай станцияларда биіктігі 60-80 м діңгектер бар, олар бір-бірінен 40-60 км қашықтықта тұрады.
Ғарыштық радиобайланыс саласындағы жетістіктер "Орбита" делінетін жаңа байланыс жүйесін жасап шығаруға мүмкіндік берді. Бұл жүйеде ретрансляциялық байланыс серігі пайдаланылады (1-сурет). "Молния" сериялы байланыс серіктері аса созылыңқы орбитаға жіберіледі. Олардың айналыс периоды шамамен 12 сағат.
Сібір және Қиыр Шығыс аудандарын телевизиялық хабармен қамтамасыз ететін және біздің еліміздің алыс аудандарымен телефон-телеграфтық байланысты іске асыруға мүмкіндік беретін қуатты және сенімді жүйелер жасалынды.
"Радуга" сериялы жаңа байланыс серіктері орбитаға 36 000 км шамасындағы радиуспен ұшырылады. Осы орбитада серіктің айналу периоды 24 сағатқа тең, сондықтан серік ылғи да Жер бетінің бір ғана нүктесінің үстінде тұрады.
Телеграф пен фототелеграф сияқты едәуір ескі байланыс құралдары да жетшдіріліп жаңа мақсаттар үшін қолданылатын болды.
Қозғалмайтын кескіндерді фототелеграфпен жеткізу қай дәрежеге жеткенін мына цифрлардан көруге болады: жылына фототелеграфией 10 мыңға дейін газет беті жеткізіледі де, осылардың жергілікті орындарында 100 миллион данадан астам орталық газеттер басылады. Телевизия біздің еліміздің барлық елді пункттерін қамтиды деуге болады. Телевизияның бүкіләлемдік болатын күні де онша алыс емес.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§3.9 дайындық сұрақтарын талдау.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
-
Есептер шығарту.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §3.9 Есептер шығарту.