7


'Физикалық шоу' (9 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Келісілген

Согласовано:

Заседание МС

Протокол № 1

« » қаңтар 2015ж



қаралды

Рассмотрено

заседание МО

Протокол № 1

« » қаңтар 2015ж



Бекітемін

Утверждаю

Директор ШГ№ 14

_________Надеин О.А.

« » қаңтар 2015ж



Физика пәнінен сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: Физикалық шоу

Өткізген:Физика пәнінің

мұғалімі: Тургинбаева А.Б









Астана 2015



Физикалық шоу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.

  2. Дамытушылық: Сайысқа қатысқан әрбір оқушы өз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады. Қазақтың салт-дәстүрлері мен мақал-мәтелдерімен жұмбақтарын толық пайдаланып, көріністер мен ойындар қызықты логикалық есепті шығару арқылы оқушының абстракциялық ойлау қабілеті дамиды.

  3. Тәрбиелік: Оқушы өзінің ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға үйренеді.

Сабақтың түрі: Жарыс

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет.

Көрнекіліктер: плакаттар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2. Әр топ өзін - өзі таныстыру (ұран)

3. Сырлы сауалдар (талас сұрақтар)

4. Мақал-мәтелдер (сәйкестіру)

5. Есептеп көр ерінбей

6. Жұмбақ шешу

7. Ақындар айтысы

Жүргізуші:

Ойдың білім атасы

Көрегенді данасы

Көп алғысы бар батасы

әділқазы алқасы деп сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұран, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Жүргізуші:

сұраққа жауап беріп айтысайық

сауалды іліп алып тартысайық

бәрін айтпа бірін айт алдыменен

жобасымен сайыстың танысайық

1. Әр топ өзін - өзі таныстыру (ұран)

2. Сырлы сауалдар (талас сұрақтар)

3. Мақал-мәтелдер (сәйкестіру)

4. Есептеп көр ерінбей

5. Жұмбақ шешу

6. Ақындар айтысы

Жүргізуші:

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу

Алға қойған мақсаты

әрқашанда мектепте

шығып жүрген жақсы аты

жиналған ылғи дарындар,

жүректе от көздерінде жалын бар.

қайтпас, қайсар топтарын,

қол соғып қарсы алыңдар - дей келе сайысымыздың бірінші бағыты бойынша әр топ өз-өзін таныстырып өтсін. топ басшылары ортаға шығып, өз тобын таныстырады.

  1. «Қайсар» тобы

Армысыздар ағайын

Бармысыздар бауырлар

Ағайын тілін табайын

Жеңілдер сұрақ ауырлар

Есенсіздер ме ұстаздар

Ойыңызда мықты ұстам бар

Құрметке ие үлкендер

Батаңды бізге үлкен бер

Кешке келген сайланып

Отырам деп жайланып

Отырған анау ойланып

Бәріңізге мың сәлем

Бұл сайысты көптен бері күткенбіз

Жалындаған жаспыз гүл көктембіз

Мақсатымыз биіктерден көріну

Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз

Армандарға қол созумен келеміз

Білім теңіз жүзіп келет кемеміз

Білімменен қаруланған тобымыз

Қарсыласты қалайда біз жеңеміз

Ұраны: математик физикпіз

шетінен ойлы жүйрікпіз

жеңіс үшін қайсар алға

қарсыластан қалма

  1. «Қайтпас» тобы

Бүгін үлкен қуаныш барша үшін

Жүректе бар әнменен әсем гүлің

МИФ апталығы басталды деп

Айтамыз қуанышты мектеп үшін

Құттықтаймыз шын жүректен баршаңызды

әндетейік жырлайық ұлы күнді

апталықтың мезеті жақсылыққа

тола берсін демекпіз асыл нұрға

қасиетті аяулы ұлағатты

бас иеміз құрметті ұстаздарға


шақырып жарыстарға сан саналды

қайтпас топ жалындап жар салады

ту етіп достықпенен татулықты

қарсылас қайсар тобын қарсы алады


тобымыз биіктерде шарықтасын

жеңісіміз көк аспанда қалықтасын

жеңіс туы желбіреп алауласын

жеңісті бізден ешкім ала алмасын

Ұраны:көңілден әнді тербейміз

Біліммен өсіп гүлдейміз

Біз ешқашан осал емеспіз

Намысты қолдан бермейміз

Жүргізуші:

Ағатын мөлдір бұлақтар

Білімнен кім бар жырақтар

Тақтаға қарап үңілсең

Сырлы сауал сұрақ бар - дей келе сайысымыздың екінші бағыты бойынша сырлы сауалдарға кезек берейік.Әр сұрақ 1 ұпайдан есептелінеді.

Жүргізуші:

Сөзге бай қазақпыз ғой жанымыз,

Келіспей ме мақалменен сәніміз.

Сәйкестіріп бағытты сызықтармен,

Физикалық құбылысты табыңыз - дей келе сайысымыздың 3-ші бағыты мақал мәтелдерді сәйкестіру кезеңіне кезек берейік.

Қайсар тобы:

Қарыстан сүйем жақын Жылу өткізгіштік

Тонның жылуы терісінен емес жүнінен Физикалық шама


Қимылдаған қыр асар Заттың агрегаттық күйі


Таумен тасты су бұзар

Адамзатты сөз бұзар Механикалық қозғалыс


Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер Жылдамдық

Шапшаң озар

Жатқан қалар Инерция


«Қайтпас» тобы:

Жеті рет өлшеп бір рет кес Диффузия


Көсеу ұзын болса қол күймес Физикалық шаманы өлшеу


Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді Жылу өткізгіштік


Отқа салса темірде балқиды Жылдамдық


Аттыға жаяу жолдас болмас Заттың агрегаттық күйі(балқу)


Дән себілмей астық өнбейді Булану конденсация

Дария буланбай шық түспейді.


Жүргізуші:

Қалмаңдар білімде көрінбей

Ұлдар мен қыздар өрімдей

Топ қатысушыларына беремін

Есепті есептеп көр ерінбей - дей келе сайысымыздың 4-ші бағыты есептеп көр ерінбей кезеңіне береміз.

«Қайсар» тобы:

  1. есеп

Қатаңдығы 250 Н/м серіппеде 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасын табыңдар.

Шешуі:

, Жауабы: 4 кг

  1. есеп

Массасы 2 кг денеге F=150 Н күш 3 секунд бойы әсер етеді. Дененің бастапқы жылдамдығын 5 м/с деп есептеп, күш әсер еткеннен кейінгі дененің импульсін табыңыз.

Шешуі: F


Жауабы: 460 Н . с

«Қайтпас» тобы:

  1. есеп

Массасы 3 кг денеге 5 секунд бойы F=6 Н күш әсер етеді. Бастапқы дене тыныштықта болса, күш әсер еткеннен кейін оның кинетикалық энергиясы қандай болады?

Шешуі: F

Жауабы:150 Дж

  1. есеп

Сыйымдылығы 1 мкФ конденсатордан және индуктивтілігі 0,01 Гн катушкадан тұратын тербелмелі контурда пайда болатын тербелістің периодын анықтаңыз.

Шешуі: =2*3.14 = 6.28*0.1*10-3=0.628*10-3c=6.28*10-4c


Жауабы:

Жүргізуші:

Шыңына ойдың қонайық

Көңілге қуаныш алайық

Берілсе сырлы жұмбақтар

Шешуін бірден табайық - дей келе сайысымыздың 5-ші бағыты бойынша кезекті жұмбақ шешу кезеңіне берейік. Әр жауап 5 ұпайдан есептеледі.


  1. Жай көзге көрінбейді

Қозғалуға ерінбейді (молекула)


  1. Жоғарламайды ешқашан

Түрлендірсең егерде

Басқа күйге ауысса

Жұмыс істейді әрқашан (энергия)

  1. Өзі затты құрайды

Теңелуге таразыны сұрайды (масса)

  1. Формуласы күрделі

Есептен жылу мөлшерін

Ойлап тапқан ғалымға

Берген өлшем бірлігін. Д.Джоуль


  1. Тоқ күшінің өлшемі

Ағып өткен мөлшері

Физикалық шаманың

Ғалым атына теңеді. (А.Ампер)


  1. Көтерілсе жоғары

Ерітер мұхит мұздарды

Төмен түссе шамалы

Сездірер суық ызғарды (температура)


  1. Қозғалысқа келтіріп

Жылдамдығын береді

өлшем бірлігін қарасаң

Ньютонға келеді (күш)


  1. Оңынан оқы тіршілік нәрі

Солынан оқы онсыз адам

өсімдік, аң, құс

әп-сәтте сөнер

тұншығып бәрі (ауа)


6. Тапқыр ойыны

7.Айтыстар сайысы

Ақындар шықсын айтысқа...

Айтысып тер төкпесе,қазақ, қазақ болама.

Механика мен Электр мырзаларын ортаға шақырамыз.

Механика: Ассалаумағалейкум, электрім,

Немене болып кеткен сенің түрің

Төленбей дер кезінде еңбек ақың,

Бейшара халге түсті - ау, әрбір күнің.


Электр: Механикам аман ба?

Тап болған мына заманға,

Өзіңе ешкім көз салмай,

Көңілің сенің алаң ба?


Механика: Неменеге алаңдайын бала батыр

Өзендер арасында ағып жатыр.

Қадірімді сен менің білмей кетсең,

Сөзсіз - ау болатыны заман ақыр.


Электр: Қорқытпағын сен мені,

Заман ақыр сөзімен.

Энергия халық алуда,

Электрдің көзінен.


Механика: Ол жағын дұрыс айттың бала батыр,

Электрмен жарықтанып дала жатыр.

Кей кезде ашуланып долданумен,

Шығарасың тіпті от сатыр - сатыр.


Электр: Физикада басқалар,

Өзіңменен теңбеді?

Салыстырып өзгемен

Мойындағын сен мені.

Мақсатымыз емес ғой,

Механикамен электрдің

Бірін - бірін женгені.

Осыменен доғарайық!

Жүргізуші:

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.

Шеберлік пен білімді,

Сарапқа сап көріңіз.

Әділ қазы алқасы,

әділ баға беріңіз.

Жүргізуші:

Ғылым дами берсін ғаламдағы

Білімді үйренейік жаңа замандағы

Аман сау тұрыңыздар осыменен

физикалық шоуымыз тәмамдалды



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал