- Учителю
- Түзусызықты теңүдемелі қозғалыс. ҮДеу.
Түзусызықты теңүдемелі қозғалыс. ҮДеу.
Сынып: | 9 | ||
Сабақтың тақырыбы: | Түзусызықты теңүдемелі қозғалыс. Үдеу. | ||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға түзусызықты теңүдемелі қозғалысты және үдеу ұғымын түсіндіру. | ||
Сабақтың міндеттері: |
| ||
Күтілетін нәтижелер: | Түзусызықты теңайнымалы қозғалысты түсінеді. «Үдеу» ұғымымен танысады.
|
| |
Сабақтың әдістері: | 1. «Топтастыру» 2. «Миға шабуыл» 3. «Мәтінмен жұмыс» 4. «Ойлан тап» 5. Деңгейлік тапсырмалар 6. «Кері байланыс»
|
| |
№
| Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
1 | Ұйымдастыру кезеңі | Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу, назарларын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру. Топтастыру. | Сыныпты топтастыру. |
2 | Үй тапсырмасын сұрау | «Миға шабуыл»
| Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, ойларын жинақтап, тақырыпты естеріне түсіреді. |
3 | Жаңа сабақ | «Мәтінмен жұмыс» Тең айнымалы қозғалыс туралы түсінік беру: оның тең үдемелі, тең баяулайтын қозғалыстар д/аталатын түрлері туралы бірнеше мысалдар келтіре отырып түсіндіру; жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттау үшін қоданылатын физикалық шамамен, оның формуласымен, өлшем бірлігімен жеке-жеке таныстыру: ; Үдеудің формуласынан жылдамдықты тапсақ: . Координата осьтеріндегі проекциялары енетін теңдеуді түрінде жазуға болады. формуласынан барлық үш вектор (v, vo, a) бір түзудің (хо )бойында жатқандықтан, олардың проекцияларының модульдері векторларының өздерінің модульдеріне тең болады. Егер vo және a векторлары проекцияларының таңбалары бірдей болса, онда дене жылдамидығының модулі уақыт өтуімен артады. Егер vo және a векторының проекцияларының таңбалары қарама-қарсы болса, онда дене жылдамдығының модулі уақыт өтуімен кемиді. S= орын ауыстыру.
| Топтар өз топтарына берілген мәтіндерді оқып, топпен ақылдасып, өз топтарына берілген мәтіндерді түсіндіреді. |
4 | Есептер шығару | «Ойлан тап» Есептер шығару. 3-жаттығу №1. Бер: a=1.5 м/с2 Шешу ; v=54км/сағ=15 м/с Табу керек: t=? t =15:1,5=10с №2. Бер:υ=36 км/сағ=10м/с Шешуі: t=4 с м/с2; Табу керек: a=?
№3. Бер: a=0,3 м/с2 Шешуі: Есептелуі: 0=4 м/с υ=0 + at υ=4+0.3·20 = 10 м/с t= 20 с Табу керек: υ=?
| Тесттер жинағынан есептерді оқушылар топтарындағы оқушылармен ақылдаса отырып, есептерді шығарады. |
5 | Сабақты бекіту | Жаңа сабақ бойынша бекіту сұрақтары. - тең айнымалы қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады? - тең айнымалы қозғалыс кезінде жылдамдық қалай өзгереді? - үдеу дегеніміз қандай физикалық шама? - үдеу қандай формуламен өрнектеледі және оның өлшем бірлігі қандай? - үдемелі қозғалыстың баяулайтын қозғалыстан айырмашылығы неде? -үдеумен қозғалатын дененің жылдамдығы нөлге тең бола ала ма? - үдеу нөлге тең болғанда (а=0), қозғалыс қандай сипат алады? | Сұрақтарға оқушылар топтасып та жекелеп те жауап беруге болады. |
6 | Деңгейлік тапсырмалар | Жекелеген оқушыларға қосымша тапсырмалар беру (Ж.Терлікбаев, С.Тілеубай. «Механика деңгейлік есептері «Алматы» 2008) №33. Автомобиль жылдамдық алып қозғала бастаған кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі vx=0.8t теңдеуімен берілген. Жылдамдықтың графигін салыңдар және автомобильдің бесінші секундтың аяғындағы жылдамдығын табыңдар. Шығарылуы: 100 Берілгені: vx =0,8 t; to = 5с Шешуі: vx(to )=0,8·5=4 м/с Табу керек: vx(to ) - ? 50 Жауабы: vx(to )=4 м/с №34. Поездың жылдамдығы 20 с ішінде 72-ден 54 км/сағ -қа дейін кеміді. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігінің формуласын жазыңдар және осы тәуелділіктің графигін салыңдар. v(м/с)
t(с) №35. Суреттегі жылдамдық графигін пайдаланып бастапқы жылдамдықты, төртінші секундтың бас кезіндегі және алтыншы секундтың аяқ кезіндегі жылдамдықты табыңдар. Үдеуді есептеп шығарыңдар және vx = vx(t) тәуелділігінің теңдеуін жазыңдар. Шығарылуы:
|
|
7 | Кері байланыс | Кері байланыс стикерлер арқылы алынады | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазады |
8 | Бағалау | Оқушыларды сабаққа қатысуларына және нақты әрі дұрыс жауап берулеріне қарап бағалау. | . |
9 | Үйге тапсырма | §5 4-жаттығу. №4,5 18-бет
|
|