7


  • Учителю
  • Поурочный план по физике на тему 'Молекуллар массасы мен өлшемi. Салыстырмалы молярлық және молекулалық масса. Авогадро саны' (10 сынып)

Поурочный план по физике на тему 'Молекуллар массасы мен өлшемi. Салыстырмалы молярлық және молекулалық масса. Авогадро саны' (10 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

Күні:

Сыныбы: 10 Б

Пәні: Физика

Сабақтың тақырыбы: § 4.2 Молекуллар массасы мен өлшемi. Салыстырмалы молярлық және молекулалық масса. Авогадро саны.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: . Білімді қалыптастыру (оқушылардың біліммен хабардар етіп қана қоймай, оларға тың материалдар беріп білімді қалыптастыру).

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту шараларын ұйымдастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың жауапкершілік пен еңбектенуіне, қиын есептерді шығарудағы іздену жолдарын, керекті оқу құралдарын таңдай білуге ықпал жасау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пән аралық байлыныс: математика, химия

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау. Материалдарды топтау, есептерді талдау.

Сабақтың көрнекіліктері: Плакат, тамшуыр (пипетка), слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

  1. МКТ-ның негізгі қағидалары.

  2. Броундық қозғалыс.

V. Жаңа материалды меңгерту:

Әртүрлi денелер молекуласының масса бiрлiгi ретiнде 12С көмiртегi изотобы атомының mocмассасының 1/12 бөлiгi алынады. Ол атомдық масса бiрлiгi (а.м.б.) деп аталады және мынаған тең:

1 а.м.б.=1,66·10-27кг. (1.1)

Заттың салыстырмалы молекулалық массасы МR деп заттың бiр молекула m0 массасының көмiртегi атомы moc массасының 1/12 бөлiгiне қатынасын айтады:

Мr=m0/(1/12)*m0C(1.2)

Зат мөлшерi деп берiлген жүйенiң бөлшектерiнiң, құрылымдық элементерiнiң, санына пропорционал ν шаманы айтады. Оны моль арқылы жазу қабылданған. Массасы 0,012 кг 12С көмiртегiнде қанша атом болса, сонша молекуладан (атомнан) тұратын зат мөлшерi бiр моль деп аталады. Бұл сан Авогадро тұрақтысы деп аталады және NA арқылы белгiленедi:

NA ≈ 6·1023моль-1. (1.3)

Сәйкесiнше, кез келген заттың 1 молiнде атомдар саны мен молекулалар саны бiрдей болады. Егер денедегi зат мөлшерi ν мольден тұрса, онда денедегi молекулалар N саны мынаған тең:

N = ν ·NA. (1.4)

Заттың молярлық массасы М деп бiр моль мөлшерiнде алынған зат массасын айтады. Ол бiр молекула массасының m0 санына NA көбейтiндiсiне тең:

М = m0· NA кг/моль. (1.5)

Молярлық және молекулалық массалар арасында мынадай қарапайым байланыс бар:

М = 10-3 ·Мr кг/моль. (1.6)

Кез келген зат мөлшерiнiң m массасы бiр молекуланың массасын денедегi молекулалар санына көбейткенге тең:

m = m0· N кг. (1.7)

(1.5) және (1.7) формулаларын пайдаланып (1.4) өрнегiнен мынаны алу қиын емес:

ν = m / М және N = ν·NA = NAA ·m / M . (1.8)

Бөлшектердiң массасымен өлшемдерiн қосымша тәжiрибелiк деректердi пайдалана отырып есептеуге болады. Жеке жағдайда, молекулалардың болады.

Молекуланың өлшемiн былайша анықтауға болады. Бiр молекуланың алатын V0 көлемi зат V көлемiнiң, ондағы молекулалар N санына қатынасына тең: n=N/V, мұнда ρ=m/V - заттың тығыздығы.

VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

Сұрақтарға жауап беру:

  1. Молекулалардың өлшемі жайлы не білесіңдер? Молекулалардың диаметрін қалай есептеп шығаруға болады?

  2. Денелердің молекулалардың санын қалай есептеп шығаруға болады?

  3. Молекуланың массасы қалай анықталған?

  4. Заттың салыстырмалы молекулалық массасының физикалық мағынасы қандай? Ол не үшін енгізілді?

  5. Авогадро саны нені білдіреді?

  6. Қандай масса мольдік деп аталады?

VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Есеп шығарту. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру. 9-жаттығу.1-6

1-есеп.

Перрон тәжірибелерінде броундық бөлшектердің өлшемі 1 мкм болды. Олар диаметрі 10-8 см болатын су молекуласынан қанша есе үлкен?

Шешуі:

Берілгені

ХБЖ

формуласы

шешуі

d1=1 мкм=

d2=10-8 cм=


=10-6 м

=10-10 м

d1/ d2

d1/ d2=10-6/10-10=104

т/к: d1/ d2 -?

Жауабы: 104 рет үлкен

2-есеп.

Массасы 6 кг мыс кесекте қанша зат мөлшері бар?

Шешуі:

Берілгені

ХБЖ

формуласы

шешуі

m=6 кг

M=64*10-3 кг/моль

ν=m/Μ

ν=6/64*10-3=93,75 (моль)

т/к : ν-?

Жауабы: ν=93,75 моль


3-есеп.

Ыдыста 5,418*1026 оттек молекулалары бар. Ыдыста мольмен алғанда қанша зат мөлшері бар?

Шешуі:

Берілгені

ХБЖ

формуласы

шешуі

N=5.418*1026

NA=6.02*1023 моль-1

ν=N/NA

ν=5.418*1026/6.02*1023 =900 (моль)

т/к : ν-?

Жауабы: ν=900 моль


VIІI. Үй тапсырмасын беру: §4.2 оқу, 9-жаттығу, 4-6 есеп шығару.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал