7


  • Учителю
  • Электростатика тарауына есептер шығару

Электростатика тарауына есептер шығару

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы

Электростатика негіздеріне есептер шығару

Жалпы мақсаты

  1. Оқушылар электростатика негіздері туралы білгендерін пысықтайды, практикада қолданып есептер шығаруды үйренеді

  2. Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқыған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білу дағдылары жетілдіріледі.

  3. адамгершілік, әділдік, ұжымдық қарым-қатынас жасай білуге тәрбиеленеді.

Табыс критерийі

Өз бетімен тақырыпты түсініп, талдау жасай алады. өмірде қолдана алады және топпен жұмыс жасау дағдылары жетіледі

Күтілетін нәтиже

Оқушыларды электрстатика негіздерінің мазмұны, формуласы туралы түсінік қалыптасады. Физикалық тілде сөйлеуге машықтанады.ойлау, есте сақтау, шығармашылдық қабілеттері дамиды

Әдіс - тәсілдер

Топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс әрекеті

Жұмыс түрі

Бағалау, формативті бағалау

Ресурстар, көмек құралдары

Ұйымдастыру : 4 мин

Оқушылармен сәлемдесу, ынтымақ атмосферасын қалыптастыру, топқа бөлу

Мұғаліммен амандасу. Қолдарына таратылған кеспелер арқылы, мағынасына қарай топқа бөлініп, топ басшысын сайлайды

Топқа бөліну


Мағыналас сөздер жазылған кеспе таратпалар

Үй тапсырмасын сұрау 5 мин


Тақтадағы тапсырмалар бойынша постер жазып, қорғап шығады

Топтық жұмыс

Смайликтер арқылы бағаланады

Плакат. Маркер

Үй тапсырмасын қорытындылау 1 мин

Оқушылардың жауаптарын қорыту


Түсіндірмелі


Слайдтар

Жаңа тақырып 25 мин

Оқушыларға арналған тапсырмаларды тарату,

Формулаларды орнына қойып , есептер шығарады

Миға шабуыл жасау, топтық жұмыс

Бағдаршам арқылы бағаланады. Қызыл-есеп дұрыс емес, жасыл - есеп дұрыс, сары-қайта қарап шығу керек

Деңгейлік тапсырмалар, тест материалдары , интернет арқылы тапсырма

Сергіту сәті 6 мин


Сурет салу ойынын ойнайды

Жұптық жұмыс


Ақ қағаз, каламсап

Сабақты қорытындылау 2 мин

Үйге тапсырма беру: формула жаттау

Бағалау 2 мин

Суммативті бағалау

Топ басшысы қойылған бағаларды түсіндіреді

Топтардағы бағалар арқылы ортақ баға шығады

Сыныбы: 11 А Мерзімі: 11.02.2015 жыл


Сабақ барысында берілетін тапсырмалар


1-деңгей есептері


№ 1. Арақашықтығы 6 м бірдей екі нүктелік электр зарядтары бос кеңістікте 0,1 Н күшпен әрекеттеседі. Осы зарядтың шамасын тап. (2*10 -5 Кл)


№ 2. Аспандағы көршілес екі бұлт әр аттас зарядтармен зарядталған. Заряд шамасы 20 Кл, олардың арақашықтығы 10 км. Осы бұлттар бір-біріне қандай күшпен тартылады ? (3,6-104 Н)


№ 3. Сыйымдылықтар бірдей екі конденсатор параллель жалғанған. Осы конденсаторды 2 В кернеуге жалғағанда , әрбір конденсатор астарларындағы заряд 10 -4 Кл болса, сыйымдылығы қандай болғаны? (2*10-4 Ф)

2-деңгей есептері


№ 4. Конденсатор ауданы 200 см 2 екі пластинакадан тұрады. Осы пластинкалар арасында қалыңдығы 0,1 см болатын слюда бар. Диэлектрлік өтімділігі 6 деп алып, конденсатордың сыйымдылығын табу керек. (1060 пФ)


№ 5. Радиусы 10 см шар берілген. Сол шардың бетінен 5 м қашықтықтағы электр өрісінің потенциалы 10 В. Шардың потенциалын табу керек (510 В)


3- деңгей есептері

№ 6. Сыйымдылықтары 30 мкФ және 40 мкФ болатын екі конденсаторды параллель және тізбектей жалғағанда конденсатор батареяларының сыйымдылығы қандай болады ? (70 мкФ, 17 мкФ)


№ 7. Судың диэлектрлік өтімділігі 81-ге тең. Су ішінде 10 -8 Кл заряд орналасқан. Осы зарядтан 2,1 м жердегі электр өрісінің кернеулігін тап (0,25 В/м)


№ 8. Жер бетіндегі кернеулік 130 В/м. Жердің толық заряды неге тең? Жер радиусы 6,4-106 м. (6*105 Кл)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал