- Учителю
- Қорытынды бақылау жұмысы физика 8 сынып
Қорытынды бақылау жұмысы физика 8 сынып
Жылдық бақылау жұмысы 8с.
Тақырыбы:Жылу құбылыстар. Термодинамикадағы жұмыс. Электр құбылыстары.Жарық құбылыстары.
Мақсаты: Берілген тақырыптар бойынша түсініктер мен шамалардың физикалық мағынасын ұғыну:
-формулаларды қолданып есептер шығару.
1 нұсқа
1.Егер темірдің бастапқы температурасы 390 С-қа тең болса, онда массасы 4 т темір сынықтарын балқыту үшін қанша энергия қажет? (tб=15350С)
2.Газдың көлемі 0,3 м³-тен 650 л-ге дейін ұлғайғанда 450 Дж жұмыс жасалған. Егер газ жұмыс жасау процесінде өзгермесе, онда оның қысымы қандай?
3.Электр двигателінің қуаты 3 кВт ток күші 12 А. Электр двигателі қысқыштарындағы кернеуді анықтаңдар.
4.Фокус аралығы 8 см ойыс айнаның алдына 12 см қашықтықта шам орналасқан. Шамның нақты бейнелік кескінің алу үшін экранды қайда орналастыру керек?
5. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм² никелин жасалған электр қыздырғыштың спираліндегі кернеу 220 В болғанда ток күші 4А. Сымның ұзындығы қандай?
2 нұсқа
1. Көлемі 20 л, қысымы 80 кПа-ға тең газ ұлғайғанда, 496 Дж жұмыс жасалған. Газдың соңғы көлемін анықтаңдар.
2.Массасы 0,75 кг суды 200 С-тан 1000 С-қа дейін ысытуға қанша энергия жұмсалған?
3. Электр қозғалтқыштың қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықтаңдар.
4.Фокус аралығы 20см болған жа жағдайда линзадан 1 м қашықтықтағы заттың экранда бейнелік кескіні алынған .Зат линзадан қандай қашықтықта орналасқан?
5.Ұзындығы 50 см алюминийден жасалған электр қыздырғыштын спираліндегі кернеу 220 В болғанда ток күші 3 А.Сымның көлденен қимасының ауданы қандай?
Бағалау критериі:
«3» деген баға дұрыс 3 тапсырма орындаған үшін қойылады
«4» деген баға дұрыс 4 тапсырма орындаған үшін қойылады
«5» деген баға дұрыс 5 тапсырма орындаған үшін қойылады