7


  • Учителю
  • Методический материал: Физика пәнінен орта мерзімді жоспарлау туралы жазбалар.

Методический материал: Физика пәнінен орта мерзімді жоспарлау туралы жазбалар.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<br>

Физика пәнінен орта мерзімді жоспарлау туралы жазбалар



Орта мерзімді тізбектелген сабақтар топтамасын 8-сынып бойынша физика пәнінен құрдым. Бағдарламадағы: «...күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды» қағидасына сүйендім (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 35 бет). Курстан алған білімімді практикамен ұштастыру үшін өз сабағыма керекті қосымша материалдарды және құралдарды түгендеп, таңдап алған сыныбым бойынша сауалнаманың сұрақтарын дайындадым. Өткізілген сабақтағы әдіс-тәсілдер оқушыларға ұнады, оларды қызықтырып алдым, сондықтан менің сыныбымда күлкі жиі естілді. Оқушылардың өзін сенімді және еркін ұстай білу үшін ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым.

Сабақтың өткізу барысында менің оқушыларымда өзгерістер көрінді. Олар жүйеге түсіп, жұппен, топпен, жұмыс кезінде уақытты тиімді пайдаланып өз пікірлерін айтып, біршама ашылды. Сынып оқушылары бір-бірімен жұмыс істегенде өздерін жайлы сезіне алды. Оқушылар сабақта белсеңді қатысты, бір-біріне кеңес берді, идеялармен алмасты, сұрақтарды құрастырды, қателерін тексерді және өз пайымдауларын айтты. Оқушылар оқудың әртүрлі әдістерін түсіну арқылы, яғни өздеріне сұрақ қоя отырып, білім алуға үйренді. Мен іс-тәжірибе барысында осыған көз жеткіздім. Осы aтaлғaн бaғдaрлaмaның: oқыту мен oқудaғы жaңa тәсiлдер, сыни тұрғыдaн oйлaуғa үйрету, oқыту үшiн бaғaлaу және oқуды бaғaлaу, oқыту мен oқудa aқпaрaттық-кoммуникaциялық технoлoгиялaрды пaйдaлaну, тaлaнтты және дaрынды бaлaлaрды oқыту, oқушылaрдың жaс ерекшелiктерiне сәйкес oқыту және oқу, oқытуды бaсқaру және көшбaсшылық мoдульдерiн бoлaшaқтa дa бaрлық өзiмнiң сaбaқтaрымдa қoлдaнып, белгiлi бiр нәтижеге қoл жеткiзуге тырысaмын.

Мен жеті модульдерді өзара байланыстра отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді ары қарай сабағымда қолданып, сабағымның сапалы өтуіне көмектесер деп ойлаймын, өйткені өткізген іс-тәжірибемнің арқасында осыны байқадым.









Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. «Назарбаев Зияткерлік мектебі »ДББҰ. Мұғалімге арналған

нұсқаулық, 2012 ж .

  1. «Назарбаев Зияткерлік мектебі »ДББҰ. Бағдарлама, 2012 ж .

  2. «Назарбаев Зияткерлік мектебі »ДББҰ. Мектептегі тәжірибе кезеңінде

орындауға арналған тапсырмалар, 2012 ж .

1



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал