- Учителю
- Ашық сабақ физика пәнінен тақырыбы: Электромагниттік тербелістер. Томсон формуласы.
Ашық сабақ физика пәнінен тақырыбы: Электромагниттік тербелістер. Томсон формуласы.
№41 К.Әзірбаев атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Электромагниттік тербелістер. Томсон формуласы»
Өткізген: Жамболова А.К
Қатысқан: 9а-сынып
2015-2016 оқу жылы
Күні: 18.12.2015 ж. Сынып: 9 «А» Сабақ реті: екінші
Сабақтың тақырыбы: §29 Электромагниттік тербелістер. Томсон
Формуласы.
Сабақтаң мақсаты:
Білімділік: Бұрын қалыптасқан дағдыларды бекіту. Өткен белгілі
материалдарды бақылау, жинақтау, жүйелеу.
Дамытушылық: Пікір - сайыс ұйымдастыру. Оқушылардың
дербестігін, шыдамдылығын, еңбексүйгіштігін дамыту. Оқудағы
қиындықты жеңуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың ұжымшылдық сезімін, өзін-өзі дағдыларын
үйрету. Дүниені және оның аңдылықтарын танып, білуге болатынын
көрсету.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрнекті
Сабақтың көрнекіліктері: 89,90,91-сурет.формула
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
Үй тапсырмасын тексеру (9 минут)
а) Тербеліс дегеніміз не?
ә) Тербеліс түрлерін ата,мысал келтір.
б)Математикалық маятниктердің тербелісі дегеніміз не?Мысал келтір.
г)Серіппелі маятниктердің тербелісі дегеніміз не? Мысал келтір.
Жаңа сабақ (20 минут)
Конденсатордың зарядталуы кезінде заряд, ток, кернеу, электр және магнит өрістері периодты түрде өзгеріп отырады. Аталған шамалардың периодты түрде өзгеріп отыруын электромагниттік тербелістер деп атайды.
Электромагниттік тербелістерді алуға болатын, тізбектей жалғанған конденсатор мен катушкадан тұратын тізбек тербелмелі контур деп аталады.
Мұндай контур ток көзінен (1), конденсатор батареясынан (2),индуктивтік катушкадан (3),электрондық осциллографтан (4), ауыстырып-қосқыштан (кілттен) (5) тұрады.
Кілтті ауыстырып және әр түрлі конденсаторды қоса отырып, батареяның С сыйымдылығын өзгертіп алуға болады. 89,а-сурет осы қондырғыны көрсететін сызба берілген. Орам санын көбейтіп,катушканын индуктивтілігін де өзгертуге болады.
Кілтті солға бұрағанда конденсатор ток көзіне қосылады,кілтті оңға бұрағанда ток көзі ажыратылып, катушка орамдары қосылады.
Индуктивтілік артқанда, тербеліс периоды артады, азйғанда период та азаяды.
Сонымен тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістердің периоды контурдың L индуктивтілігі мен С сыйымдылығы арқылы мына формуламен өрнектеледі:
T=2п √LC
Бұл формуланы 1853 ж. Ағылшын физигі У. Томсон қорытып шығарған болатын.Сол себепті ол Томсон формуласы деп аталады.
Тербелмелі контурда тербелістер пайда болу үшін, конденсаторды зарядтау керек. (91,ә-сурет). Осыдан конденсатордың электр энергиясы катушканың магнит өрісінің энергиясына айналады. (91,в-сурет).
Сонымен қорыта айтқанда: конденсатор мен индуктивті катушкадан тұратын тізбекте конденсатордың алма-кезек разрядталуы кезінде электромагниттік тербелістер пайда болады. 24-жаттығу,№1-есеп.
Берілгені: Формуласы: Шешуі:
C=250 пФ=25*10Ф T=2п√LC
L=10 мГн=10 Гн
Табу керек: T,V-? Жауабы: T= ; V=
Жаңа сабақты бекіту: Электромагниттік тербелістер мен Томсон формуласының негізгі қасиеттерімен танысып, өмірдегі маңыздылығын ұғыну. (5 минут)
Сабақты қорыту: Заңдарды ашылуы өмірде жаңа бір көзқарастарға көз жеткізеді, яғни тіршіліктегі іс-әркеттердің жауабын береді. (4 минут)
Үй тапсырмасы: §29 оқу, 24-жаттығу, №3 (4 минут).