7


Ашық сабақ: Көздің құрылысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жомартова Э.Ж.

№16 ОМГ физика мұғалімі



Мың рет естігенше бір рет көзбен көр!!!


8 сынып


Тақырып: Көздің құрылысы мен қызметі.












  1. Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі: Көздің құрылысын, атқаратын қызметін түсіндіре отырып, көздің қосымша мүшелерін көрсету және қызметін түсіндіру.


Ә) Дамытушылығы: Физика және валеология пәндерімен пән аралық байланысты дамыта отырып, көру анализаторының қызметін және көрудің бұзылуының салдарынан туатын көз ауруларымен таныстыру.


Б) Тәрбиелік мәні: Көздің маңызын және көзді зақымданудан қалай сақтау керек екенін түсіндіру.

  1. Сабақтың түрі: Аралас

  2. Пән аралық байланыс: Физика, валеология, биология

  3. Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап

  4. Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, муляж және макет

  5. Сабақ барысы:

1.) Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу

2.) Үй тапсырмасын тексеру: Ауызша түрде сұрақтар қою арқылы сұралады

А) Бізді қоршаған дүние туралы ақпаратты қалай аламыз?

Ә) Анализатор дегеніміз не?

Б) Анализатор қандай бөліктерден тұрады?

В) Қандай сезім түрлерін білесіңдер?

Г) Тітіркенуді қабылдау қалай іске асырылады?

Сәйкестігін анықтаңдар.

1. Рецептор

ә)

2. Сезімтал жүйкелер

б)

3. Шүйде аймағында

г)

4. Самай аймағында

а)

5. Үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары

в)

а) Есту бөлімі

ә) Тітіркенуді қабылдау

б) Рецепторлардан қозуды орталық жүйке жүйесіне беру

в) Сезімтал нейрондардан қимыл-қозғалыс нейрондарына қозуды тасымалдау

г) Көру анализаторы

Жаңа сабақ жоспары:

  1. Көрудің маңызы.

  2. Көздің құрылысы.

  3. Көру анализаторының қызметі.

  4. Жаңа материалды меңгеру ( физика мұғалімі). Презентация.

  5. Көрудің бұзылуы.

  6. Көзді зақымданудан қалай сақтау керек.

    1. Жаңа сабақты түсіндіру

1. Көрудің маңызы.

Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден 90%-дан көп ақпарат алады. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстарды, денеміздің өзін ең алдымен көру арқылы қабылдаймыз. Көруге байланысты тұрмыстық және еңбек дағдыларын, мінез құлықтың белгілі бір ережелерін орындауды үйренеміз. Демек, адам үшін сыртқы дүниені тануда көру аса маңызды рөл атқарады. Көру арқылы адамдар жазуға, оқуға үйренеді.


Көздің қосымша мүшелері:

Көздің қосымша мүшелері көз шарасын қорғайды. Адам көз алмасын жас сұйықтығымен ылғалдау үшін қабағын ашып жабады. Сөйтіп, оны жылытады және көз алмасына түскен ауа қоспасын тазартады. Жас безі жас сұйықтығын шығырады. Жас сұйықтығының артық мөлшері жас өзегі арқылы мұрын қуысына ағады.

2. Көздің құрылысы.

Көз алмасының пішіні шар тәрізді. Көз алмасын қимылдататын бұлшық ет арқылы көз шарасына бекінеді. Қасаң қабық көзді сыртынан қоршайды және жарықты өткізеді. Тамырлы қабықта қан тамырлары орналасады. Қан тамырлары қара пигментпен жабылған. Сондықтан тамырлы қабық жарықты өткізбейді. Тамырлы қабық көзді қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етеді. Тамырлы қабықта қарашық орналасқан, қарашық нұрлы қабыққа жалғасады. Көздің түсі нұрлы қабыққа байланысты. Мұнда меланин деген пигмент болады. Қарашық жарқыраған жарықтан тарылып көз ішіне жарық ағынын шектейді, ал қараңғыда ұлғайып шашыраған жарықты ұстайды. Бұл құбылыс бейімделу (адаптация) деп аталады. Көз алмасының артқы қабырғасында көздің тор қабығы орналасады. Көздің тор қабығында жарыққа сезімтал рецепторлар: құтышалар мен таяқшалар орналасады. Көздің тор қабығында қарашыққа қарсы жиналған құтышалар сары дақ деп аталады. Ал көздің тор қабығындағы көру жүйкесі шығатын жерді соқыр дақ деп атайды. Көздің ішкі бөлігі көздің пішінін сақтайтын мөлдір іркілдек затпен - шыны тәрізді денемен толтырылған.

3. Көру анализаторының қызметі.

Жарық көз алмасына қарашық арқылы түседі. Қарашық жарық сәулесін фокустайды. Көзбұршақ жарық сәулесін сындырады да, оларды шыны тәрізді дене арқылы аударылған күйінде көздің тор қабығына бағыттайды.

4. Көрудің бұзылуы.

Жас өскен сайын адамның көру қабілеті өзгереді. Шыны тәрізді денедегі су азаяды, көз алмасы қысқарады. Жарық сәулесінің сынуы көздің тор қабығына жетпейді. Мұны алыстан көрмеушілік - сығырлық деп атайды. Жарық сәулесінің сынуы көздің тор қабығының шегінен шығады. Мұндай жағдайда алысты көргіштік - қырақтылық дамиды.

Жаңа материалды меңгеру ( физика мұғалімі). Презентация.

(Слайд 10.) Көздің жұмыс істеуін түсіну үшін бізге линзалар жөнінде мәлімет қажет. Ұсынылған слайд бойынша линзаларға сипаттама беру керек. Линза шыны тәрізді дене Линзалар екі түрде болады жинағыш - қос дөңес линзалар (ортасы қалыңдау), шашыратқыш - ойыс линзалар (ортасы жұқа). Линзаның негізгі сипаттамасы - фокустық қашықтық (F) және оптикалық күш (D):

D = 1/F.

(Слайд 11.)



Мың рет естігенше бір рет көзбен көр!!!

Экранға назар аудар. Көздің құрылысы мен функциясына қосымша мәліметті физикалық терминдер арқылы түсінеміз. Көздің оптикалық жүйесін құрайды: көздің қасаң қабығы, су тәрізді сұйық, көзбұршағы, шыны тәрізді дене, торлама. Торлама экран ролін атқарады.

(Слайд 12.)

Көздің негізгі оптикалық жүйесін - көзбұршағы (дөңес линза)құрайды, кірпік бұлшық етіне бекінеді және оның жиырылуына байланысты пішінің өзгертіп отырады (қисықтығын өзгертеді), d=(8÷10)ммӘр түрлі қашықтықтан қарағанда көзбұршағының өзінің қисықтығын өзгертіп, көз торламасында нәрсенің анық кескін беретін қасиетін аккомодация деп атайды. (Слайд 13.)

Көздің оптикалық жүйесінің жұмыс істеу механизмі .

Жарық көз алмасына қарашық арқылы түседі. Қарашық жарық сәулесін тоғыстау қызметін атқарады (фокустайды). Көзбұршақ сәулесін сындырады да, оларды шыны тәрізді дене арқылы аударылған күйінде көздің тор қабығына бағыттайды.

Орташа көздің оптикалық күші D = +59дптр , ал фокустық қашықтық F = 17 мм сонымен біз бақылайтын объектер 2 F қашықтықтан ары орналасады. Сонымен торламадағы көрініс шын төңкерілген кішірейтілген болады. (Слайд 14.)

Көздің оптикалық жүйесінде сәуленің жүру жолы. (Слайд 13.)

Көз алмасының құрылысына назар аударамыз (Слайд 13.) Көздің оптикалық жүйесінде сәуленің жүру жолы сызып көрейік (Слайд 14.) Көздің оптикалық жүйесінде сәуленің жүру жолы схемасымен салыстырыңдар. (Слайд 15.)

Сау көзде жарық сәулесі торламада фокустайды. Көрудің бұзылуыда:

  • Жарық сәулесінің сынуы көздің тор қабығына жетпейді. Мұны алыстан көрмеушілік - сығырлық деп атайды.

  • Жарық сәулесінің сынуы көздің тор қабығының шегінен шығады. Мұндай жағдайда алысты көргіштік - қырақтылық дамиды. (Слайд 16.)

Көруді реттеу көзілдірік аркылы түзейді. Көз ауруларын емдейді - офтальмологтар.
сығырлық кезінде (жақыннан көргіштік)
қырақтылық кезінде (алыстан көргіштік)

5. Көзді зақымданудан қалай сақтау керек.

  1. Ала-көлеңкеде, нашар жарықта, автокөлікте оқыма, жазба, жұмыс жасама.

  2. Компьютердің, теледидардың алдында ұзақ уақыт отырма.

  3. Жұмыс уақытында көзің талса, көзің демалғанша терезеге қара.

  4. Жатып оқыма, жатып жұмыс істеме, көзіңді тез бұзасың.

  5. Ешқашан алкоголь, темекі, есірткі пайдаланба! Мұның салдарынан көру жүйкесі ауыр зақымдалып, адам көрмей қалуы да мүмкін.

    1. Жаңа сабақты қорытындылау

Көру жітілігін анықтау

  • Керекті құрал жабдықтар: көру жітілігін анықтауға арналған кесте.

  • Жұмыстың барысы: соқыр дақты анықтауға арналған тәжірибені жасау.

  • Оқушылардың көздерінің қаншалықты арақашықтықта көретінін мектеп дәрігерінің көмегімен анықтаймыз.

  • Бұл құбылысты түсіндіретін болсақ, көздің тор қабығындағы көру жүйкесі шығатын жер, соқыр даққа зақым келген.

    1. Жаңа сабақты бекіту

  1. Көздің қосымша мүшелерін ата?

    1. Қас, қабақ, кірпік

    2. Тамырлы қабық

    3. Қарашық

    4. Сығырлық, қырағылық

  2. Қарашық көздің қай бөлігінде орналасқан?

    1. Тор қабықта

    2. Тамырлы қабықта

    3. Қарашықта

    4. Қасаң қабықта

  3. Көздің тор қабығындағы көру жүйкесі шығатын жер қалай аталады?

    1. Сары дақ

    2. Соқыр дақ

    3. Қарашық

    4. Қасаң қабық

  4. Нұрлы қабықта қандай пигмент болады?

    1. Родопсин

    2. Меланин

    3. Хлоропласт

    4. Рецепторлар

  5. Жарық сәулесінің сынуы көздің тор қабығының шегінен шығатын жағдайда не болады?

    1. Қырағылық

    2. Сығырлық

    3. Дальтоник

    4. Бейімделу

  6. Құтышалар мен таяқшалар көздің қандай қабығында орналасқан?

    1. Тор қабықта

    2. Соқыр дақта

    3. Қарашықта

    4. Қасаң қабықта

  7. Адам көзі алысты көрушілік пен көрмеушілік кезінде қандай қабатына зақым келеді?

    1. Тор қабықтағы сары даққа

    2. Тамырлы қабыққа

    3. Тор қабықтағы соқыр даққа

    4. Қасаң қабыққа

  8. Қарашық қандай қабыққа жалғасады?

    1. Тор қабыққа

    2. Нұрлы қабыққа

    3. Қарашыққа

    4. Қасаң қабыққа

    1. Үйге тапсырма беру. Бағалау


7



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал