- Учителю
- 7 сынып сабақ жоспары
7 сынып сабақ жоспары
7-сынып.
Ақмола облысы
Атбасар ауданы
Сергеевка орта мектебі
Бохан Силау
Сабақ тақырыбы: §4,§5,§6. Астрономия - аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы.
Сабақ мақсаты: 1. Астрономия ғылымы, физика және астрономия ғылымдары арасындағы байланыстар, халық астрономиясына және астрономияның бүгінгі салаларына байланысты түсініктер алуға жағдай жасау.
2.Оқушылардың ой-өрісін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру,
3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа ,өз ойларын анық жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, диологтық оқыту.
Сабақ көрнекілігі: приборлар, плакаттар,актны қолдану.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар:мен саған-сен маған әдісі бойынша.
-
Табиғат деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер.
-
Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?
-
Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
-
Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
-
Физикаың мақсаты не?
-
Физика заңдары қалай ашылады?
-
Физикалық теориялар қалай жасалады?
-
Физикалық терминдер мен ұғымдар дегеніміз не?
-
ХХ ғасырдың ең ірі ғылыми-техникалық жетістіктері қандай?
10.Неліктен физика техниканың негізі болып табылады?
ІІІ.Жаңа сабақ. Постермен оқушыларға жұмыс жасату.Өз ойларын қағаз бетіне түсіру.
Берілетін түсініктер: асторномияның пайда болуына себеп болған қажеттіліктер, біздің ғалам, астрономия мен физиканың байланысы, космонавтика, космология, космогония, Орта Азия ғалымдары және олардың еңбектері, ерте дүниедегі халық астрономиясы.
«Астрон» - жұлдыз, «номос» - заң.
Галактикалар - жұлдыздар жүйесі мен олардың шоғырлары.
Біздің ғалам - шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі.
Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап, зерттейді.
Космогония аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейді.
Космология - бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы ілім.
Қорытындылау.Білгім келеді,білемін, білдім.
Үйге тапсырма: §4,§5,§6. Аспан денелері туралы аңыздар.Аспан әлемі туралы халық аузындағы аңыз әңгімелер туралы ойларын жинақтау.
Бағалау.мадақтау арқылы,баллдық жүйе арқылы бағалау.
7-сынып. Ақмола облысы
Атбасар ауданы
Сергеевка орта мектебі
Бохан Силау
Сабақ тақырыбы: §7,8. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.
Физикалық эксперимент.
Сабақ мақсаты: 1.Табиғатты зерттеуді кең тараған тәсілдері, олардың
ерекшеліктері, болжам туралы түсінік алуға жағдай
жасау.
2.Оқушылардың ой-өрісін, ғылыми ой
қорытындыларын жасауға жетелеу, ғылыми деректерді өздері жинақтай отырып өз-өзін дамытуға ықпал ету.
3. Еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: топқа бөлу,диологтық оқыту
Сабақ көрнекілігі: приборлар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен материалдар бойынша сұрақтар: Сен маған- мен саған әдісімен.
-
Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды?
-
Астрономия нені зерттейді?
-
Астрономияның ұандай салалары бар?
-
Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?
-
Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын қандай аңыздарды білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ. Постермен оқушыларға жұмыс жасату.Өз ойларын қағаз бетіне түсіру.
-
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.
-
Болжам - ғылыми деректермен негізделген жорамал.
-
Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.
-
Эксперимент - физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.
-
Гук заңы: серпімділік шегінде серіппенің L созылуы оған әрекет ететін жүктің Р салмағына тура пропорционал өзгереді.
ІV. Қорытындылау.Ыстық орындық әдісі бойынша
V. Бағалау. мадақтау арқылы,баллдық жүйе арқылы бағалау.
</ VІ. Үйге тапсырма: §7,8. Қазақ халқының табиғатты болжау әдістері туралы мәліметтер жинау.
7-сынып
Ақмола облысы
Атбасар ауданы
Сергеевка орта мектебі
Бохан Силау
Сабақ тақырыбы:§9.§10 Физикалық теорияның қалыптасуы. Физикалық шама. Шамаларды өлшеу.
Сабақ мақсаты:
1. Физикалық теорияның негізгі қызметі, құрамдас бөліктері, физиканың іргелі теориялары, теорияның ең басты ерекшеліктері, физикалық шамалар және оларды өлшеу туралы түсінік алуға жағдай жасау.
2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.
3.Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,диологтық оқыту әдісі.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.Автор орындығы.
Берілетін сұрақтар:
-
Табиғатты зерттеу әдістері қандай?
-
Болжам дегеніміз не?
-
Эксперименттің басқа әдістерден айырмашылығы қандай?
-
Экспериментті жүргізуге қандай талаптар қойылады?
-
Гук заңы қалай тұжырымдалады?
ІІІ. Жаңа сабақ. Постермен оқушыларға жұмыс жасату.Өз ойларын қағаз бетіне түсіру.
Физикалық теорияның негізгі қызметі - құбылысты түсіндіру. Физикалық құбылыстарды бір-бірімен өзара байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндіретін жүйелі білім физикалық теория деп аталады.
Физиканың 4 іргелі теориялары:
-
Классикалық механика теориясы;
-
Термодинамика және молекулалық физика теориясы;
-
Электродинамика теориясы;
-
Кванттық механика теориясы.
Физикалық шамалар деп физикалық нысандардың немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамаларын айтады.
Физикалық шаманың мәні дегеніміз - оның сандық мәнімен қоса өлшем бірлігі.
Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз - оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.
Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады.
ІV. Есептер шығару.
1-жаттығу.
№2, №4.
VІ. Қорытындылау. Ыстық орындық әдісі арқылы сабақты қортындылау.
VІІ. Бағалау. мадақтау арқылы,баллдық жүйе арқылы бағалау.
Үйге тапсырма: §§9,10. 1-жаттығу. №1, №5, 3-тапсырма.Қазақ халқының бұрынғы кездегі өлшеу әдістері туралы мәлімет жинау.
7-сынып.
Ақмола облысы
Атбасар ауданы
Сергеевка орта мектебі
Бохан Силау
Сабақ тақырыбы: §11. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. §12Өлшеулердің метрлік жүйесі. §13.Үлкен, кіші сандарды ықшамдап жазу.
Сабақ мақсаты:
-
Өлшеу дәлдігі мен аспап шкаласы бөлігінің құнымен байланыстылығы, өлшеулер жаңылысы, өлшемдердің метрлік жүйесі, сандардың стандартты түрі туралы түсінік алуға жағдай жасау.
-
7 модульді кіріктіре қыту арқылы. Оқушылардың ой-өрісін дамыту.
-
Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа,өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау,диологтық оқыту .
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен материалдарды қалай меңгергенін тексеру.
Сұрақтар:
-
Физикалық теорияның негізгі қызметі қандай?
-
Физиканың ең іргелі теориялары қандай?
-
МКТ негізгі теориясының негізгі қағидалары қандай?
-
Физикалық шаманың мәні дегеніміз не?
-
Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?
-
Физикалық шамаларды өлшейтін қандай аспаптарды білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ.Постермен оқушыларға жұмыс жасату.Өз ойларын қағаз бетіне түсіру.
Аспаптық жаңылыс.
Өлшеу қатесі: абсолют, салыстырмалы.
Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы аспап бөлігі құнының жартысына тең.
немесе
Мұндағы: a-өлшенетін шаманың мәні. h - өлшеу қателігі.
Өлшеудің тура және жанама тәсілі болады.
Өлшеулердің метрлік жүйесі: ұзындық бірлігі - метр, масса бірлігі - килограмм, уақыт бірлігі - секунд т.б.
10n көбейткіштерін пайдаланып, берілген сандарды ықшамдап жазу «сандарды стандарт түрінде жазу» деп аталады.
ІV. Есептер шығару.
4-жаттығу. №5, №6, №8, №9
V. Қорытындылау.
VІ. Үйге тасырма: §11,§12,§13. 4-жаттығу. №2,4
VІІ. Бағалау. мадақтау арқылы,баллдық жүйе арқылы бағалау.