7


  • Учителю
  • Конспект урока по физике для 8 класса 'Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия'

Конспект урока по физике для 8 класса 'Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тема урока: Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия. Данный урок проходит в восьмом классе с казахским языком обучения. Цели урока - это дать понятия теплового движения, броуновского движения, а также диффузии; рассмотреть явление диффузии и от чего диффузия зависит;
предварительный просмотр материала

Сабақ № 1.

Күні: «____»_____________ 20 ___ж.

Сынып: 8

Пәні: Физика және астрономия


Тақырыбы: Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.

Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс туралы тусінік беру; диффузия құбылысын қарастыру; оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, білім-білік дағдысын тереңдету.

2. Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту; талдау, салыстыру қабілеттерін дамыта отырып ең негізгісін, мазмұнын ажырату.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: фронтальды, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, оқулық.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушының құрал жабдығын тексеру. Оқушының назарын сабаққа аудару.


ІІ. Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы.


ІІІ. Жаңа түсінік беру.


Сендер 7-сыныпта механикалық құбылыстар жайлы алғашқы ғылыми мағлұматтармен таныстыңдар. Ал 8-сыныпта құбылыстардың жылу, электр, магнит және жарық сияқты жаңа түрлерін оқып үйренесіңдер.

Механикалық құбылыстардан кейінгі ең елеулі және танымал құбылыстар - жылу құбылыстары. Олар өздерің пайымдағандай, денелерді қыздыруымен немесе суытумен, яғни олардың температурасын өзгертумен байланысты.

Сендер 7-сыныптың физика курсында заттың ең кішкентай бөлшегі болып табылатын молекулалар мен атомдар және олардың қозғалысы мен өзара әрекеттесуі жайында біршама мағлұмат алғансыңдар.

Барлық денелер бір-бірімен тығыз емес, қандай да бір қашықтықта орналасқан заттың өте ұсақ бөлшектері болып табылатын атомдар мен молекулалардан тұрады.

Атомдар мен молекулалар үздіксіз бейберекет қозғалыста болады.

Заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен тартылу және тебілу күштері арқылы өзара әрекеттеседі.

Жылу дегеніміз не? Ыстық дене суық денеден қалай ерекшеленеді?

Жылу құбылыстары ерте заманнан-ақ адамдардың назарын аударып келген. Адамның алғашқы от жағуды үйренуі мен оны өшірмей сақтай алуы, адамзат ашқан ұлы жаңалықтардың бірі болып табылады. Алайда жылу құбылыстарын түсіндіру үшін ғалымдарға ұзақ уақыт бойы еңбек етуге тура келді.

ХІХ ғасырдың аяғында атақты ғалымдар: М.Ломоносов, Р.Джоуль, Р.Клаузиус, Дж. Максвелл, Л.Больцмандар негізгі қорытынды жасады. Олар жылу құбылыстарын барлық денелерді құрайтын молекулалардың ретсіз қозғалысымен түсіндірді.

Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атайды.

Әлемді құрайтын бөлшектердің көзге көрінбейтін жылулық қозғалысы ешқашан, ешбір жағдайда тоқтамайды.

Молекулалардың ретсіз қозғалысының нәтижесі броундық қозғалыс болып табылады. Бұл суда қалқыған өсімдік спорасының қозғалысын бақылаған ағылшын ботанигі Р.Броунның құрметіне осылай аталған.


Ол спораның өте майда бөлшектерінің барлық бағытта үздіксіз қозғалыста болатынын байқаған. Бөлшектер ұсағырақ болған сайын, олар жылдамырақ қозғалған. Таңғаларлығы - бөлшектердің қозғалысы ешқашан тоқтамаған. Оларды көзге көрінбейтін қандай да бір күштер үнемі қозғап тұрғандай болады. Ал температура артқан сайын олардың қозғалысы үдей түседі.

Бөлшектердің броундық қозғалысы - үлкен және кіші бөлшектерге, сансыз көп молекулаларға, жеке молекулалар мен атомдарға тән жылулық қозғалыс.

Р.Броун жаратылыстану саласындағы айтарлықтай маңызды осындай құбылысты ашса да, оның не себептен болатынын түсіндіре алмады.

Бұл құбылыстың дұрыс, сапалық түсіндірмесі ХІХ ғасырдың екінші жартысында бірқатар ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Бірақ оның толық теориясын тек 1905-1906 жж. А.Эйнштейн мен М.Смолуховский жасады.

Орта молекулаларының жылулық қозғалысы мен олардың броундық бөлшекпен соқтығысуы броундық қозғалыстың себебі болып табылады.

Броундық қозғалыс молекулалардың бар болуының және олардың ретсіз жылулық қозғалысының нақты дәлелі бола алады.

Зат бөлшектерінің ретсіз қозғалысының келесі бір салдары - диффузия құбылысы. Бұл құбылыспен сендер бұрыннан таныссыңдар. Диффузия құбылысы газдармен қоса сұйықтарда да, қатты денелерде де байқалады. Ауада иістің таралуы, әр түрлі сұйықтардың араласуы, ерітінді жасау, қатты денелерді желімдеу - мұның барлығы диффузия құбылысымен түсіндіріледі.

Диффузия - бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларының аралығына ену құбылысы.

Диффузияның қарқындылығы зат тығыздығы мен молекулалардың ретсіз қозғалысына байланысты болады.


ІV. Жаңа сабақты бекіту.


№ 1 - эксперименттік тапсырма. Сұйықтағы броундық қозғалысты бақылау.


  1. Микроскопты жұмысқа дайындаңдар. Микроскоптың тубусын жылжыта отырып, кескіннің анық көрінуін тексеріңдер. Шыныны үстелшеге орналастырыңдар.

  2. Шыныға тамызғышпен су тамызыңдар.

  3. Осы су тамшысына аз мөлшерде графит (бояу, сүт) ұнтағын себіңдер. Шыныдағы араласқан қоспаның бетін арнаулы әйнекпен жабыңдар.

  4. Микроскоп тубусын дайындалған шыныға бұрып, жүріп жатқан процестің анық кескінін алыңдар.

  5. Броундық қозғалысты бақылау нәтижесі бойынша қалықтаған графит бөлшегінің әрбір 30 секундтағы қозғалысының орнын белгілей отырып, сызбанұсқасын салыңдар.

  6. Графит бөлшектерімен не болатынын сипаттап айтып беріңдер. Олар өлшемдеріне байланысты қалай қозғалады?

  7. Температураға қатысты броундық қозғалыстың қарқындылығын зерттеңдер.

  8. Ортаның тұтқырлығына сәйкес броундық қозғалыстың қарқындылығын зерттеңдер.

  9. Броундық қозғалыстың газдарда болатынын дәлелдейтін тәжірибенің әдістемесін ойластырыңдар.


V. Жаңа сабақты қорытындылау.


VI. Оқушының еңбегін бағалау.


VII. Үй тапсырмасы:


§ 1. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1-5 (11 бет).



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал