- Учителю
- Конспект урока по физике на тему 'Жылдамдыққа есептер шығару'
Конспект урока по физике на тему 'Жылдамдыққа есептер шығару'
Сабақ №23 Сынып: 7А Күні: 24.11.15
Сабақтың тақырыбы: есептер шығару «Бірқалыпты қозғалыс және бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен орташа жылдамдық»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың «Бірқалыпты қозғалыс және бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен орташа жылдамдық» тақырыбынан алған білімдерін практикада қолдануға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау,есте сақтау және есеп шығару қабілеттерін дамыта отырып,қозғалыс туралы білімдерді жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, белсенділікке,жауапкершілікке, және шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: есептер шығару
Сабақтың типі: жарыс сабақ
Көрнекіліктер және техникалар: карточкалар, кері байланыс парағы, физикалық диктанттар, слайд.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі (2мин)
А) Сәлемдесу
Б)Түгендеу
Д) Психологиялық дайындық
ІІ. Үй жұмысын тексеру (12мин)
А) Сұрақ-жауап (7мин)
В) Физикалық диктант «Теңдікті түрлендір» (5мин)
ІІІ. Практикалық бөлім (25мин)
1) Жұмбақ есеп (3мин)
2) Есептер шығару «Акваримды балықтармен толтыру» (14мин)
3) Кім жылдам? (3мин)
4) Эксперименттік есептер шығару (5мин)
ІҮ.Қорытындылау,бағалау (4мин)
Ү. Үйге тапсырма (2мин)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдатыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Топқа бөлуі.
Әр топтың жетекшісілерін сайлаймыз.Топ жетекшілерінің мақсаты: топтағы оқушылардың білімдерін сабақ барысында бағалап,бағалау парағына түсіріп отыру.Оқушыларды 3 тоқа бөлеміз: жол, уақыт және жылдамдық. Әр топ өздеріне сипаттама береді.
Сабақ басталарда оқушыларға психологиялық дайындық жасаймын.
- Оқушылар бүгінгі сабағымызда сіздер қандай көңіл күймен отырсыздар?
Оқушылар берілген смайликтерден өз көңіл-күйленін тауып көрсетеді.
- Оқушылар , өткен сабақта қандай ұғымдармен таныстыңыздар , қане естерімізге түсірейік: Материалдық нүкте . Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жол және орын ауыстыру. Траектория. Жылдамдық. Орташа жылдамдық.
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
Сұрақ-жауап:
1.Механика нені зерттейді, механикалық қозғалыс дегеніміз не, мысал келтіріңіз?
2.Материялық нүкте дегеніміз не? Мысал келтіріңіз?
3.Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз?
4.Орынауыстыру деп нені айтамыз? Орын ауыстыру қандай шама?
5.Жүрілген жолдың орынауыстырудан айырмашылығы неде?
6.Бірқалыпты, бірқалыпсыз қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
7.Жылдамдық қандай шама, формуласы , өлшем бірлігі?
8.Бірқалыпсыз қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық формуласы қандай?
9.Инерция дегеніміз не?
Теңдікті түрлендіріңдер
1
36 км/сағ
…
м/с
2
360 км
…
м
3
250 см
…
с
4
6 км/мин
…
м
5
100 см/с
…
м/с
6
7,9км/с
…
м
1
36 км/сағ
10
м/с
2
54км/сағ
15
м/с
3
250 см/с
2,5
м/с
4
6 км/мин
100
м/с
5
100 см/с
1
м/с
6
7,9 км/с
7900
м/с
ІІІ. Есептер шығару
Жұмбақ есеп: 3л ыдыста массасы 3кг сұйық зат бар,бұл қандай сұйық зат?
(Су) аквариумдегі су
Аквариумді балықтармен толтыру үшін, алтын-балықтардың артындағы тапсырманы орындап, алтынды тапсырманы орындағын оқушыға қалдырып, балықты аквариумге саламыз.
1.Колобок 25с уақыт ішінде аюдан 50 см қашады. Сұрақ: колобоктың жылдамдығы қандай ?
2.Ақтау мен Жаңаөзеннің арақашықтығы 150 км . Жаңаөзеннен шыққан жеңіл машина Ақтауға дейін
2,5 сағат жол жүрді. Жеңіл машинаның жылдамдығын анықтау керек.
3.Велосипедші бірқалыпты қозғалып,30 мин ішінде 9 км жол жүрген .Велосипедшінің жылдамдығын
м/с - пен есептеп табыңдар.
4.750/сағ жылдамдықпен ұшақ 6 сағ ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?
-
м/сағ жылдамдықпен қозғалатын автомобиль секундына 17 м жол жүреді.
6. Спортшы 100 м қашықтыққа жүгірген кездегі шамамен сағатына 35 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.
7.Үйден шыққан оқушы мектепке дейін 1км жолды 1 минутта жүреді. Оқушының қозғалысын бір қалыпты деп ұйғарып, жылдамдығын анықтау керек.
8.Автомашина 200 м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтаңыз.
9. Велосипедші бірқалыпты қозғалып 60 мин ішінде 18 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м /с - пен өрнекте.
10. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташажылдамдығын тап.
11. Автомобиль жергеқатысты 15 м /с жылдықпенжүріпкеледі. Автомобильдің 10 мин ішіндегіжергеқатыстыжүргенжолын тап.
12. Автомобиль жолдыңбіріншіжартысын 72 км /сағжылдамдықпенжүріпөтті. Барлықжолдағыавтомобильдіңорташажылдамдығын тап.
13. Ұзындығы 200 м поезд 36 км / сағжылдамдықпенұзындығы 400 м көпірдіжүріпөтуүшінкеткенуақытты тап.
14. Автомобиль жолдыңбіріншіжартысын 72 км /сағжылдамдықпен, екіншіжартысын 30 км /сағжылдамдықпенқозғалды. Автомобильдіңбарлықжолдағыорташажылдамдығын тап.
15.Дене бірінші 20с уақыт ішінде 20м/с жылдамдықпен және екінші жолды 20с уақыт ішінде 30м/с жылдамдықпен қозғалды. Орташа жылдамдықты тап.
16.Автобус алғашқы 9км жолды 36км/сағ жылдамдықпен, ал келесі 27км жолды 54км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автобус қоғалысының орташа жылдамдығы қандай?
Кім жылдам?
Қатысушы
Жылдамдық
Жылдамдық
м/с
орын
Акула
8,3 м/с
Қарға
47 км/сағ
Жираф
14,6 м/с
Қоян
60 км/сағ
Қатысушы
Жылдамдық
жылдамдық м/с
орын
Акула
8,3 м/с
8,3 м/с
4
Қарға
47 км/ч
13 м/с
3
Жираф
14,6 м/с
14,6 м/с
2
Қоян
60 км/ч
16,7 м/с
1
3 топқа 3 түрлі ойыншықтардың(Инерциялық машина, сиыр, ит) қозғалыс жылдамдығын анықтау.
ІҮ. Қорытындылау , бағалау: әр топтың аквариумына салған балықтарын санап бағаланады. Топ ішіндегі оқушыларды топ басшылары бағалайды. (алтынның саны арқылы)
Топты бағалау критерийі
1 -5 балық аралығы 3
6-9 балық аралығы 4
10-15 балық аралығы 5
Топ басшыларының бағалау критерийі
1-3 алтын 3
4-6 алтын 4
7-8 алтын 5
Сабақтан оқушыдардың көңіл-күй алғаның анықтау үшін смайликтер қолданылады.
Ү. Үйге тапсырма: §17 Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.
§18. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
«Жылдамдық, орташа жылдамдық» қайталау.Бақылу жұмысына дайындық.