- Учителю
 - Физика 8 класс. Жылу берілу түрлері
 
Физика 8 класс. Жылу берілу түрлері
| 
       Сыныбы-8  | 
       Күні-  | ||
| 
       Сабақтың тақырыбы  | 
       Жылу берілу түрлері. Жылуөткізгіштік  | ||
| 
       Сабақтың мақсаты  | 
       Жылу берілу түрлері арасындағы байланысты анықтау, заттардың жылу өткізгіштік қасиеттін салыстыра отырып мәнін ашу, алынған деректерді талдай алу.  | ||
| 
       Күтілетін нәтиже  | 
       Жылу берілу түрлері арасындағы байланысты анықтай алады, заттардың жылу өткізгіштік қасиеттін салыстыра отырып мәнін аша біледі, алынған деректерге талдау жүргізе алады.  | ||
| 
       Сілтеме  | 
       Оқулық, интернеттен алынған материалдар, видеоклип (әр түрлі заттардың жылу өткізгіштігі)  | ||
| 
       Сабақтың түрі: жаңа білім беру  | |||
| 
       Мұғалімінің іс әрекеті  | 
       Оқушының іс әрекеті  | 
       Оқыту әдісі  | |
| 
       Ұйымдастыру  | 
       Бірі-біріне тілек айту  | 
       Ынтымақтастық атмосферасы  | |
| 
       Оқушыларды топқа бөлу  | 
       Карточкаларға (жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару) сияқты жылу берілу түрлері жазылған. Осы арқылы оқушылар топқа бөлінеді  | 
       Топқа бөлу,  | |
| 
       Жаңа тақырып: Қатты қызған денемен жанасқанда дененің ішкі энергиясының артатынына біз көптеген мысалдар келтіре аламыз. Мысалы: ыстық пештің үстіндегі ыдыстағы су қайнайды. Ыстық шайға салынған қасық ысиды. Жылу берілу деп аталатын ішкі знергияны өзгерту тәсілі - анағұрлым көбірек қыздырылған дене бөлшектерінің кинетикалық энергиясы көп болғандықтан, ол азырақ қыздырылған денемен жанасқанда, азырақ қызған дене бөлшектеріне тікелей энергия береді. Жылу берілудің үш түрі бар: жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару.  | 
       Баяндау, оқулықпен жұмыс. 
  | ||
| 
       Әр топқа әр түрлі (қатты, сұыйқ, газ) заттардағы жылу берілу түрлерін бөліп бердім (10 мин)  | 
       Әр түрлі (қатты, сұыйқ, газ) тәрізді заттардағы жылу берілу түрлерін топтарда талқылау, алынған материалды өңдеу  | 
       Топпен жұмыс, СТО, диологтік оқыту  | |
| 
       Топтарды тыңдау  | 
       Әр топ өзіне берілган жылу берілу түрлері жайлы айтып, ой бөліседі  | 
       Өзара оқыту 
  | |
| 
       Видеоклип көрсету  | 
       Видеоклиптен көрген әртүрлі заттардың жылу өткізгіштігін салыстыра отырып талқылап, қорытынды жасау. Оқулықтағы 21-22-23 суреттер  | 
       Көзбен көру арқылы ақпаратты бағалау  | |
| 
       Сабақты бекіту  | 
      
  | 
       Құндылық спектрі  | |
| 
       Бағалау  | 
       Әр топ келесі топты бағалайды 1-2-3-1 
  | 
       Өзара бағалау 
  | |
| 
       Үйге тапсырма  | 
       ξ5-6 оқу. №3 эксперименттік тапсырма. 2- жаттығу  | 
       
  | |