7


  • Учителю
  • Термодинамиканың бірінші заңы (8 класс)

Термодинамиканың бірінші заңы (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

12.11.2015 физика 8 «Ә» сынып

Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заны. Газ бен будың ұлғаюындағы жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: МКТ тұрғысынан ішкі энергия ұғымын беру және газбен будың ұлғайғандағы жұмысы ұғымын енгізу, жүйенің ішкі эиергиясы, жұмыс және жүйеге берілген жылу мөлшері арасындағы байланысты тағайындау;

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.

ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Жабық пробиркадағы су қайнағанда, пробирка тығыны атылып кетуін түсіндіру барысында сабақ тақырыбына шығу және сабақ мақсатын айқындау:Қандай құбылысты бақыладыңдар? Мұндағы құрғақ отынның жылу мөлшері қайда жұмсалды? Осы бу жұмыс жасады ма? Ендеше бігінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай деп ойлайсындар?

V. Жаңа материалды меңгерту:

«Бірге ойлаймыз» әдісімен:

І топ- Термодинамиканығ І заңы, ІІ топ- Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы І,ІІ абзацын,

ІІІ топ- Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы ІІІ,ІV абзацын топта меңгеріп, жұппен, топпен талқылап, постерге түсіреді, басқа топқа таныстырады

3) Изобаралық процесс үшін газ жұмысының формуласын қорытып шығару. А=рV

Жұмыстың геомстриялық түсініктемесі.

ТД-ның 1-заңы жылу құбылыстары үшін энергиянын сақталу және айналу заңы. Q=U+A ТД-ның 1-заңынан шығатын салдарлар:

Егер дене энергия (жылу) алмаса, онда ол механикалық жұмысты тек өзінің ішкі энергиясын азайту есебінен жүргізеді, яғни Q= 0 болса, А=-U

Ал, егер дененің немесе денелер жүйесінің ішкі энергиясы өзгермесе ДІІ =0 болса, ешқандай механикалық жұмыс атқарылмайды, А=0. Сол себепті ешқандай энергия жұмсамай жұмыс істейтін құрылғы, яғни мэңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.

Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталық деп атайды. Атмосфераның жоғары, тығыз емес қабаттарында жылдам көтерілген ауа қабаттарының салқындап, бұлттарға айналуы адиабаталық процестерге жатады. Айнымалы жұлдыздар (цефеидтер) жарқылының периодты өзгеруі олардың сыртқы кабықтарындағы адиабаталық ұлғаюы мен сығылуы процестеріне байланысты.

VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

Эксперименттік тапсырма: І топқа-Шарды үрлеп, дөңгеленген кезде екі жағына пластик стақан жабыстырып, стақандар неге жабысты?Қандай заң негізінде түсіндіріледі?

ІІ топ-поролон цилиндрге басы бар инелерді тығындап мензуркаға салып, үстіне поршень қою, не болады? Қандай заңмен түсіндіріледі


VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

«ТВ-шоу» бағдарламасы. Мұнда тележүргізушіәрбір топ оқушыларына 3 сұрақтан қояды,шапшаң жауап берген 3 оқушы телебағдарламаға қатысып,мәңгі қозғалтқыш туралы өз ойларын ортаға салып, зерттеуші-әңгіме жүргізеді

VIІI. Бағалау.

Шығармашылық тапсырма:Архимед содан соң Леонардо да Винчи жазбаларында кездескен бу пушка моделін Грек әскери инженері Сакас жасаған. Осы пушканың жұмыс істеу принципін түсіндіріп көрініздер

Үй тапсырмасын беру: §19,20.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал