7


Физика 7 сынып Қысым

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні : Физика 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қысым.Қысымның қатты денелер,сұйықтар мен газдар арқылы берілуі.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға күштің әрекет тіреу ауданына тәуелді болатыны, қысым, қысымның бірліктері туралы түсінік беру.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:таратпалар,формулалар,суреттер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа дайындығын тексеру.

Сынып тазалығын тексеру.

ІІ.а) Өткен «Масса және күш» тарауын қайталау.

Сұрақ- жауап алу(ауызша) :

1. Табиғат туралы ғылым. (физика)

2. «Фюзис»-грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (табиғат)

3.Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)

4.Аспан денелерін зерттейтін ғылым. (астрономия)

5.Жердің серігі. (Ай)

6.Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы? (телескоп)

7.Жәй көзге көрінбейді,

Қозғалуға ерінбейді. Ол не? (молекула)

8. Астеройдтар қатарына жатқызылған планета. (Плутон)

9. Траектория нешеге бөлінеді? (2-түзу сызықты, қисық сызықты)

10. Деформация деген не?(дене пішімінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атаймыз)

11. Күш деген не?(Күш - денелердің өзара әрекеттесуінің сандық өлшемі)

ІІІ. Жаңа сабақ.

• Мұғалімнің кіріспе сөзі: Біз өткен тақырыпта үйкеліс күші тақырыбымен таныс болдық, сонымен:

1.Үйкеліс күші деген не?

2. Үйкеліс түрлері?

3. Үйкелістің пайда болу себептері?

4. Нормаль қысым күші?

Оқушының жауаптары: Бір дене екінші денеің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.

Ғүйк - үйкеліс күші.

• Сырғанау үйкелісі

• Домалау үйкелісі

• Тыныштық үйкелісі

Үйкелістің пайда болу себептері:

• Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы

• Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы.

Үйкеліс :

• Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,

• Олардың өңделу сапасына;

• Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.

Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.

N -нормаль қысым күші.

N=mg

Fүйк=µN

µ - үйкеліс коэффициенті

Енді қысым - деген тақырыптармен танысамыз.

Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

р-қысым;

Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;

S-күш түсетін беттің ауданы.

ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді. .

гПа=100 Па=102 Па

кПа=1000 Па=103 Па

МПа=100000 Па=106 Па

Қорытынды сөз: қорыта келе, белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды, оны р әріппен белгілейміз және ХБЖ-де қысымды Па өлшейміз.

ІV.Сабақты бекіту.

а) Жаңа материалды есептер шығару арқылы бекіту.

Кітаппен жұмыс: 15-жаттығу.№1, №2

ә) Қосымша материалмен жұмыс: Лукашик В.И. 7-8 сыныптарға арналған «Есептер жинағы»-нан есептер шығарамыз.

№95. Шаңғышының шаңғымен қосқандағы массасы 70 кг. Екі шаңғы тіректерінің ауданы 3500см 2 тең. Шаңғышының қар үстіне түсіретін қысымын есептеңдер.

Берілгені: ХБЖ Талдау. Шешуі:

m=70кг F=mg F=70кг*9,8Н/кг≈700Н

S=3500см2 = 35*10-2м2 p=F/S

p-?

№101. 0,2м2 ауданға 8кПа қысым әсер етеді. Осы ауданға қанша күш беріледі?

Берілгені: ХБЖ Талдау. Шешуі:

S=0.2м2 p=F/S

p=8кПа = 8000Па F=0.2м2*8000Па= 1600Н

F-?

б) Физикалық диктант: жұппен тексеру

1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама

2. Қысымды қалай анықтайды? (формуласы)

3. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?

Жауаптары:

1. Қысым

2. p=F/S

3. Па, гПа, кПа, МПа



V. Қорытындылау. Сонымен қысым дегеніміз не екен?

Қысым (орыс. давление ) бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде пайда болатын қалыпты күштің қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама.

Олай болса, сіздермен мына кестені толтырайық. Бүгін сабақта не білдім, не білгім келеді, нені үйрендім?…..

Оқушылардың қысым туралы ойын білу үшін ассоциация толтырайық.





















Білемін Білгім келеді Үйрендім

VІ. Бағалау.

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні Белсенділігі Үй тап. Есеп шығару Физикалық диктант Қорытынды

бағасы

VІІ. Күнделікті енді ашайық

Үй тапсырмасын жазайық.

Қысымнан алған білімді,

Ұмытпай есте сақтайық.

Үйге тапсырма: §43. 14-тапсырма. 15жаттығу №3. Эксперимент тапсырма..





Физика 7 сынып Қысым













Жауаптары:

1. Қысым

2.





3. Па, гПа, кПа, МПа



Физика 7 сынып Қысым





























Білемін

Білгім келеді

Үйрендім



















Білемін

Білгім келеді

Үйрендім



















Білемін

Білгім келеді

Үйрендім



















Білемін

Білгім келеді

</ Үйрендім

























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал