- Учителю
- Физика пәнінен ашық сабақ тақырыбы: Инерция
Физика пәнінен ашық сабақ тақырыбы: Инерция
Сабақ тақырыбы: §28.Инерция.
Сабақ мақсаты:
1.Білімділігі: Денеге басқа денелер әсер етпегенде жылдамдығын сақтау құбылысы тупалы, кеңісті пен уақыт және олардың қасиеттері туралы түсінік алуға қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қортындыларын жасауға,өз бетінше еңбектенуге, белсенділіктерін арттыру, пәнге деген қызығушылығын оятуға, жетелеу.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге,тапқырлыққа, бірін-бірі тыңдауға, жылдамдыққа, тәрбиелеу, баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран, плпкаттар,бағалау парақтары, арбашалар, құм,мата, әйнек, элекронды оқулық, мәтіндер, топтардың аталуы,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(2 мин.)
-
Оқушыларды түгелдеу.
-
Оқушының назарын сабаққа аудару.
-
Топқа бөлу; 1-топ(Ин),2-топ(ер),3-топ(ци),4-топ(я),(Инерция) деген тақырып шығады.(2 мин.)
-
№1 Бағалау парағы (топ басшысы бағалайды)(1,5 мин.)
балдық шкала (1-3 бал)
Мәтінді оқып,түсіндіру
Балдық шкала
0-5 бал
Постер қорғау 1-4 б
Тәжірибе жасау 1-4 б
Рольде ойнау 1-4 б
Қорытынды
баға
20-дан жоғары «5»
15-19 «4»
10-14 «3»
1
2
3
4
1
2
3
4
5
5.№2Бағалау парағы (топтардағы оқушылар бірін-бірі бағалайды) (1,5 мин.)
ІІ. Шаттық шеңбер ( оқушыларға өрмекші ойынын ойнату арқылы, бір-біріне тілектер тілеу) (3мин. )
ІІІ. Сиқырлы сандық.( Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар)(10 мин.)
-
4-топқа да есеп
-
Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
-
Санақ денесі дегеніміз не?
-
Қозғалыстағы дене дегеніміз не?
-
Санақ жүйесі дегеніміз не?
-
«Планета» деген сөз нені білдіреді?
-
Материялық нүкте дегеніміз не?
-
Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?
-
Жол дегеніміз не?
-
Орын ауыстыру дененіміз не?
-
Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?
-
Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз не?
-
Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын қалай анықтаймыз? Өлшем бірлігін жаз?
-
Жүрілген жолдың формуласын жазыңдар.
-
Уақыттың формуласын жаз?
-
Орташа жылдамдықтың формуласын жаз?
-
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің қозғалыс теңдеуін жазыңдар?
ІҮ.Жаңа сабақты ашу(Ин,ер,ци,я) деген (Инерция) тақырыптың ашылуын, әріптердің екінші бетінде суреттерді топтар құрастыру керек.(2 мин. )
«Ой түрткі» (Проблемалық сұрақ)
-Оқушылар,сүрінген адам неге артқа қарай емес,алға қарай құлайды,ал аяқ тайғанда артқа қарай құлайды,автомобильде неге қауіпсіздік белдігін тағады,аттың ерінің не үшін ортасы ойық болып жасалады?
Осы сұрақтың жауабын бүгінгі сабағымыздан іздейміз(слайдтар көрсетіледі)
Кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын сақтайды.
Мұның дұрыстығына мына тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады:
Денеге басқа денелер әсер етпегенде дененің жылдамдығын сақтау
құбылысын инерция деп аталады.
Адамдар күнделікті өмірде инерциямен жиі ұшырасады. Мысалдар:
Кеңістіктің негізгі қасиеттері: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділыгы.
Уақыттың негізгі қасиеттері: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір қалыптығы, бір бағыттылығы.
Ү. Оқушыларға мәтіндер таратылып беріледі(3мин.)
ҮІ. Қарлы кесек (оқушылар қонаққа барады көрші топтарға)
ҮІІ.Оқушылар топтарына қайтып ораладыда мәтінді постерге түсіреді де, постерді қорғауы керек.(5мин.)
ҮІІІ.Пысықтау.(Жаңа сабақты пысықтау үшін тәжірибе көрсетіледі және электронды оқулықтар көрсетіледі.)
Әр топқа тәжірибе жасауға құрал-жабдықтар бөлініп беріледі
І-топқа:стакан,металл шарик,құм.Стаканның түбіндегі шарикті құмның бетіне шығару керек.
ІІ-топқа:стакан,теннис шаригі,ақ парақ.Қағаздың үстіндегі теннис шаригін стаканның ішіне түсіру
ІІІ-топқа:стакан,су,ақ парақ.Суы бар стаканды ұстамай,суын төкпей стаканның астындағы ақ парақты тез алу
ІV-топқа:арбаша,жіп,жүк,көлбеу тақтай,резина.Арбашаның үстінен жүктің құлауы.
Рольде ойнау «Инерцияны айыптау»
Рольдерде:сот,айыпталушы Инерция,куәгер,қорғаушы
Сот:-Айыпталушы,сіздің аты-жөніңіз?
Айыпталушы:-Физикалық құбылыс Инерциямын.
Сот:-Ата-анаңыз?
Айыпталушы:-Галилео Галлилей мен Исаак Ньютон
Сот:-Инерция,сізге мынадай айыптар тағылып отыр:сіздің кесіріңізден жарыстарда мотоцикл,велосипедтер бұзылады,темір жол вагондары рельстен шығып,апатқа ұшырайды,автокөліктер жаяу жүргіншілерді қағып кетеді.Айыпталушыға қатысты куәгерді тыңдайық.
Куәгер:-Инерцияның кесірінен менің әжемнің аяғы тайып кетіп,аяқтары алға кетіп,денесін тез арада жинай алмай,аяғын сындырып ауруханада жатыр,велосипедпен келе жатқан баланың велосипеді тасқа сүрініп,бала ұшып түсті.Бұған да кінәлі инерция.Мен автобуспен сабаққа бара жатқанда жүргізуші кенет тежегішті басып қалғанда жолаушылар бірін-бірі итеріп алға қарай құлағанына куә болдым.Бұл инерцияның пайда болуынан болды.
Сот:-Сөз кезегі қорғаушыға беріледі
Қорғаушы:-Заң жүзінде инерцияның кемшілігінен жетістіктері көп.Инерция болмаса қоршаған ортада қозғалыс болмас еді. Жаяу жүргіншінің ұғыпсыздығынан,жолда жүру ережелерін сақтамауынан,ойға шомылып жүруінен,инерция құбылысының бар екенін ескермеуінен жол апаты орын алуда.Ал инерция болса оларды дұрыс ұқыпты,аяқ астына сақтықпен қарауға үйретеді.Инерция спорттың шаңғымен трамплиннен секіру,ядро лақтыру,садақ ату, жүгіру т.б. түрлерінде қолдана отырып әлемдік рекордтар жасайды.Мен сіздерді инерцияны қадірлеуге,оның табиғатта бар құбылыс екенін ұмытпауға,әрдайым есте сақтауға шақырамын.Құрметті Сот,сізден инерцияны ақтап,осы залдан босатуыңызды сұраймын.
Айыпталушының соңғы сөзі:- Мен болмасам кілем шаңнан тазармас еді.Менің әсерімнен велосипедшілер үнемі педалін айналдыра бермейді.Жылдамдықтың мәнін арттырған сайын олар аяқпен жұмыс істеуді азайтып,велосипед инерцияның салдарынан жүреді.Жақсы жүргізуші инерция салдарынан 1 л бензинді үнемдей алады.
Сот:-Сот кеңесуге кетеді.
Хатшы:-Тұрыңыздар!(Сот кетеді)
Хатшы:-Тұрыңыздар!Сот келді!
Сот үкімін оқиды:
-Сот айыпталушы инерцияға тағайындалған айыптар мен оны қорғаушы жақтың деректерін ескере отырып,төмендегідей шешім қабылдайды.Инерция құбылысының пайдалы жақтарын өмірде кең қолдана отырып,зиянды жақтарын азайту жолдарын табуды міндеттейді.Ол үшін адамдар физиканың заңдарын терең зерттеп,табиғаттың жасырын құбылыстарын ашып,оларды адамзат өміріне қызмет етуге қолдану қажет.инерция ақталды,босатылсын.
Хатшы:Сот мәжілісі аяқталды.
ІХ.Ой қозғау1. Дененің қозғалыс жылдамдығы оған тек басқа дене әрекет еткенде ғана өзгеретініне көрсететін мысалдар келтіріңдер.
2. Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол қандай күйде болады?
3. Инерция дегеніміз не?
4. Кеңістіктің негізгі қасиеттері қандай?
5. Уақыттың негізгі қасиеттері қандай?
Х.Сәйкестендіру тесті.
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: §§28.29. 11-тапсырма.