- Учителю
- Конспект урока: 'Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық'.
Конспект урока: 'Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық'.
Физика. 9 класс. Пән мұғалімі: Бакешова Айгуль Нартаевна
Сабақтың аты
§33-34.Акустикалық резонанс.. Дыбыстың шағылуы.Жаңғырық
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
-
Акустикалық резонанс.. Дыбыстың шағылуы.Жаңғырық жайлы мағлұмат беру
-
Акустикалық резонанс.. Дыбыстың шағылуы.Жаңғырықты күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
-
Бірін-бірі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже
-
Акустикалық резонанс.. Дыбыстың шағылуы.Жаңғырық жайлы мағлұмат алады
-
Акустикалық резонанс.. Дыбыстың шағылуы.Жаңғырықты тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
-
Бірін-бірі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар
Акустикалық резонанс құбылысын түсіндіруге арналған тәжірибе көрсету.
Дыбыстың шағылуы.
Жаңғырық - қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.
Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында, естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс
Жеке жұмыс
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
-
Сәлемдесу
-
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
-
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
-
Дыбыс деген не?
-
Дыбыс қалай таралады?
-
Вакуумда дыбыс тарала ма?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
-
Акустикалық резонанс деген не?
-
Камертон орнатылған жәшікті неліктен резонатор деп атайды?
-
Акустикалық резонансты қалай байқауға болады?
-
Неліктен домбыра шанағында немесе басқа ішекті аспаптарда ойық жасалады?
-
Жаңғырық деген не?
ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
Бағалау өлшемдері
Көш
басшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
1
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2
Міндетін атқару
3
Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жеке жұмыс (5 минут)
27-жаттығу. №3.
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1
Білу
Акустикалық резонанс дегеніміз не?
2
Түсіну
Акустикалық резонанс қандай құбылыстарда көрініс береді?
3
Қолдану
27-жаттығу. №4
4
Талдау
Музыкалық аспаптардың ойықтарының көлемін салыстыр?
5
Жинақтау
Домбыраның дыбыс шығаруының мәні неде түсіндір?
6
Бағалау
Акустикалық резонансты, дыбыстың шағылуын білу біз үшін маңызы қаншама?
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар
28-жаттығу.№1
Кейінгі оқу
§33-34.Акустикалық резонанс.. Дыбыстың шағылуы.Жаңғырық