7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі Сілтеме: Жоспар Жалпы мақсаты: 1. Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі жайлы мағлұмат беру 2. Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі формула

Сабақтың тақырыбы: Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі Сілтеме: Жоспар Жалпы мақсаты: 1. Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі жайлы мағлұмат беру 2. Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі формула

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Сабақтың тақырыбы: Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі

Сілтеме: Жоспар

Жалпы мақсаты:

1. Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі жайлы мағлұмат беру

2. Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі формуласын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

3. өзін - өзі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже:

1. Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі жайлы мағлұмат алады

2. Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі формуласын есеп шығаруға үйренеді

3. өзін - өзі бағалай алатын болады

Негізгі идеялар:

Ерiксiз электромагниттiк тербелiстер деп сыртқы электр қозғаушы күшiнiң периодты өзгеруiнiң салдарынан болатын тiзбектегi ток күшi мен кернеудiң периодты түрде өзгеруiн айтады. Егер сыртқы мәжбiрлеушi ЭҚК - i гармониялық заңдылықпен өзгеретiн болса, онда тiзбекте туындылайтын ток та осы заңдылықпен өзгередi. Тiзбектегi токтың осындай ерiксiз гармониялық тербелiсi айнымалы ток деп аталады. Тізбекте орныққан еріксіз электромагниттік тербелістерді айнымалы ток деп атайды.

Берілген уақыт мезетінде өткізгіштің кез келген көлденең қимасындағы ток күшінің мәні, яғни ток күшінің лездік мәні бірдей болса, мұндай токты квазистационар ток деп атайды.

Айнымалы ток генераторының құрылысының принциптік сұлбасы:

e=- Ф (1) e=Emcoswt (2) u=Umsinwt (3) u=Umcoswt (4)

Резистор мен жалғағыш сымдардан тұратын қарапайым тізбектің қысқыштарындағы кернеу u=Umcoswt заңымен өзегереді.

R кедергіні актив кедергі деп атайды.

i=Imcoswt - бұл тізбектегі ток күшінің тербеліс теңдеуі.

Тапсырмалар: Топтық жұмыс «Жигсо»

Тапсырмалар: Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»

Тапсырмалар: Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру (2 минут)

1. 1. Сәлемдесу

1. 2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1. 3. Түгелдеу

1. 2. Топқа бөлу (1, 2, 3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

1. Гормоникалық тербеліс дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Тербеліс түрлерін ата?

3. Еріксіз және Автотербелістер дегенді қалай түсінесіңдер?



ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

1. Еріксіз тербеліс дегеніміз не?

2. Еріксіз тербелістің периодты түрде өзгеруі мүмкін бе?

3. Олай болса, айнымалы ток дегенді калай түсінесіңдер?



ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.



Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)

(Штурман - басқарушы, пилот - орындаушы)

Берілген суретті түсіндіру, яғни штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.

1) u=Umcoswt

2) i=Imcoswt

3) p=ImUmcos2wt

Жұптың пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой - пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру



VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1 Білу. Айнымалы ток дегеніміз не?

2 Түсіну. Айнымалы ток тізбегіндегі ток күші мен кернеу формулаларын жаз?

3 Қолдану. Тізбектегі ток күші i=8. 5sin(628t+0. 325) заңымен өзгереді. Ток күшішің әсерлік мәнін, оның бастапқы тербеліс фазасы мен жиілігін табыңдар?

4 Талдау. Айнымалы токтың лездік қуаты мен орташа қуатты салыстыр?

5 Жинақтау. Суретті қысқаша түсіндір? u=Umcoswt Um=ImR

6 Бағалау. Кернеу мен ток күшінің амплитудалық мәндерінің маңыздылығы қанша?

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.



ҮІІ. Кері байланыс: (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар: Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.

Кейінгі оқу: §2. 1, 2. 2 Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал