7


  • Учителю
  • Поурочные планирование на тему 'Тізбектей және параллель жалғауларға есептер шығару'

Поурочные планирование на тему 'Тізбектей және параллель жалғауларға есептер шығару'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пәні: физика Сабақтың аты Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы, тізбектей және параллель жалғауларға есептер шығару Сілтеме Оқулық, дидактикалық тапсырмалар Бақынов. Жалпы мақсаты ØТізбек бөлігіне арналған Ом заңына есептер шығару, графиктік есептер шығаруØТізбек
предварительный просмотр материала


8-ғ сынып

Пәні: физика

Сабақтың аты

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы, тізбектей және параллель жалғауларға есептер шығару

Сілтеме

Оқулық, дидактикалық тапсырмалар Бақынов.

Жалпы мақсаты

  • Тізбек бөлігіне арналған Ом заңына есептер шығару, графиктік есептер шығару

  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

Күтілетін нәтиже

  • Тізбек бөлігіне арналған Ом заңының формуласын есептер шығаруда пайдалана алады.

  • Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

Негізгі идеялар

Ток көзі және оның полюстерін қосатын өткәізгіш тұйық электр тізбегін жасайды.

Электр құрылғыларын тізбектей қосу.

Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:

U=U1+U2+U3+…

I1=I2=I3=…

R=R1+R2+R3+…





Электр құрылғыларын параллель қосу.

Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады

I=I1+I2+I3+…

U1=U2=U3=…

1/R=1/R1+1/R2+1/R3+…



Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Ұйымдастыру бөлімі

(1 минут)

Үй тапсырмасын тексеру


Топқа бөліну

Білу деңгейі

(5 минут)

Оқушылардың сабаққа дайындығы мен кабинет дайындығы тексеріледі.

Оқушыларға есептер беріледі (5 мин)

1.

3 В кернеуге есептеліп жасалған вольтметр арқылы өтетін токтың күші 3 А болса кедергісі неге тең?

2

R1= 4 Ом, R2=4 Ом өткізгіштердің жалпы кедергісі нешеге тең?

3

Тізбектегі ток үші 0,1 А резистордың кедергісі 30 Ом болса, ток көзіндегі кернеу неге тең?


4

Өткізгіш ұштарындағы кернеу 8 В, кедергі 2 Ом болса,

ток күші неге тең?

Берілген есептерді шығарып, жауабымен сәйкес келетін топқа жиналады.

Есептерді шығарып болған соң, жұптық бағалау жүргізіп, бағалау парағын толтырады.


  1. 1 Ом

  2. 2 Ом

  3. 3 В

  4. 4 А

Топқа бөлінген соң оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатын айтады. Бүгін тізбек бөлігі үшін Ом заңына есептер шығарамыз.

Түсіну деңгейі

(7 минут)

Тест сұрақтарын беру

Оқушыларға тақтада 5 сұрақтан тұратын тест ұсынылады

Оқушылар тақтадағы сұрақтардың жауабын дәптерлеріне жазады. Болған соң жұптасып жауаптарын тексереді. Әр дұрыс жауап 1 ұпай

Қолдану, талдау деңгейі

Топтық жұмыс

(7 минут)

1 топ: Суретті сипаттау керек.

2 топ: Суретке байланысты формулаларды постер қорғап түсіндіру

3 топ: Шырша шамын кернеуі 220 В электр желісіне қосу үшін әр шамның кернеуі қандай? Әр шамның кернеуі 6 В болса, қанша шам жалғанған?

4 топ: Тізбек құрастыруға 3 резистор, амперметр, вольтметр және ток көзі ұсынылады. Тізбек құрастырып ток күшін анықтау керек.

Топ мүшелеріне тапсырмалар беріледі. 1 суретке сипаттама береді. Тізбектей және параллель жалғаулардың артықшылығы мен кемшілігін айтып түсіндіреді. 2 топ суретке байланысты формулаларды жазып, постер қорғайды. 3 топ: олрға шырша шамын беріп, шамның кернеуін анықтайды

4 топ: тізбек құрастырады.

Тізбекте кедергілері 1 Ом екі резисторды тізбектей және кедергісі 2 Ом тағы бір резисторды параллель жалғау керек. Тізбек бөлігінің ұшындағы кернеуі 2,4 В ток көзіне жалғанады. Электр тізбегіндегі ток күші неге тең?

Жинақтау деңгейі


  1. Кедергілері 12 Ом, 9 Ом және 3 Ом резисторлар тізбектей жалғанған. Тізбектің ұшындағы кернеу 120 В болса, ток күші неге тең? Жауабы 5 А

  2. Электр плиткасының жұмыс істеп тұрған кедергісі 37 Омға тең, спиралы кернеуі 220 В желіге қосылған, спиралындағы ток күшін есептеп шығарыңдар.

Жауабы 6 А

  1. Егер тізбектің бөлігіндегі ток күші 100 мА, ал кедергісі 0,3 кОм болса, ондағы кернеу қандай? Жауабы 30В

  2. Ұзындығы 6 м өткізгіштің кедергісі 3 Ом болса, бірдей материалдан жасалған ұзындығы 10 м өткізгіштің кедергісі нешеге тең? (5 Ом)

Оқушылар тақтаға есептер шығарады.

Бағалау деңгейі

Суретті есептер шығару?

Оқушылар өз ойларын білдіреді. Екі жұлдыз бір ұсыныспен бағалайды.

Кері байланыс

Тақтада тізбектей жалғанған 3 шамның суреті ұсынылады. Сабақты қандай деңгейде меңгергендерін стикерлерге жазып тақтаға іледі.

Үйге тапсырма беру (1 мин)

Рымкеевич есептер жинағын қолдану.

Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабақта не меңгергендерін және не қиын болғанын жазып жапсырады.


Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

4 ұпай

Тест

5 ұпай

Топтық жұмыс

4 ұпай

Есептер шығару

Әр есеп

4 ұпай

Қорытынды ұпай

1

2

3

4

5


18-20 ұпай - өте жақсы

15-17 ұпай - жақсы

12-14 ұпай - орташа





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал