- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы»
Сабақтың тақырыбы: «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы»
</ Сыныбы 9. Физика. 22.11.13ж.
Сабақтың тақырыбы: «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы»
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік мақсаты : Оқушылардың «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы» тарауы бойынша алған білімдерін практикада қолдана білу іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру.Өткен материалды қайталап, қорытындылау.
2)Дамытушылық мақсаты: «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы» тақырыбы бойынша есеп шығара білуге, әрбір оқушының жеке басының бейімділігін және еске сақтау қабілеттерін ,өзгермелі ситуация жағдайында шапшаң бағдарлай білуді, өз ісінің нәтижесін қортындылап,жауапкершілікпен қарай білу әрекетін арттыру,дамыту.
3)Тәрбиелілік мақсаты: Оқушылырды ұқыптылыққа, өзбетінше ізденуге, алғырлыққа, шапшаңдыққа, жинақы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. (Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.)
2.Үй тапсырмасын сұрау. (Өткен материалдарды қайталау сұрақтары)
1) Ньютонның І заңын калай тұжырымдаймыз?
(Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзу сызықты бірқалыпты қозғалысын жалғастырады.)
2)Күштің қандай түрлерін білесіңдер?
(Ауырлық күші, серпімділік күші, үйкеліс күші, тіректің реакция күші.)
3) Ньютонның ІІ заңын калай тұжырымдаймыз?
(Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура , ал оның массасына кері пропорционал.)
4) Ньютонның ІІІ заңын калай тұжырымдаймыз?
(Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелерді бір - біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама қарсы)
5)Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады ? (Екі дене бір - біріне масссаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.)
6)Бірінші ғарыштық жылдамдық дегеніміз?
(Бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбите бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық )
7) Екінші ғарыштық жылдамдық дегеніміз?(параборалық траекторияға сәйкес келетін жылдамдық)
8 ) Дененің салмағы деп... (Дененің Жерге тартылу салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші )
9) Асқын салмақ деп нені айтамыз?(Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын айтамыз) )
10) Салмақсыздық деген не? (Дененің салмағы нөлге тең болатын дененің күйі)
3. Жаңа сабақ
Дене импульсі Анықтамасы: Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама.Белгіленуі:р. Формуласы: р=m V
Өлшем бірлігі: Кг*м/с
Бағыты V векторы бағытымен бірдей
Күш импульсі Анықтамасы: Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісіне күш импульсі деп аталады. Белгіленуі: Ft. Формуласы: F t = р. Өлшем бірлігі: Кг*м/с. Бағыты F векторы бағытымен бірдей
Импульстің сақталу заңы Анықтамасы: Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді. Белгіленуі: р= р0
Формуласы: р1+р2= р1+р2
Есеп: массасы 1 кг дене түзусызықты қозғала отырып, өзінің жылдамдығын 10 м/с -тен 20 м/с -ке дейін өзгертеді. Дененің импульсінің өзгерісін анықтау керек..
Берілгені:m=1кг Формула: Шешуі:
V 1=10 м/с р= m V 1 - m V 2 р= 1кг*20м/с-1кг*10м/с=10кг*м/с
V 2=20 м/с
Табу керек р-?
Жауабы: р=10кг*м/с
Бірінші дененің массасы 2 кг, жылдамдығы 6 м/с, ал екінші дене тыныш тұр. Соқтығыстан кейін, екі дене бірге 2 м/с жылдамдықпен қозғалып кетті. Екінші дененің массасын анықтаңдар.
Берілгені: Формула: Шешуі:
m1=2 кг m1 V 1 +m2 V 2 = m 1V 3+ m 2V 3 2*6+ m20 = 2*2+ m 2*2
V 1=6 м/с бұдан m 2=(12-4)/2=4кг
V 2=2 м/с
Табу керек m2 -?
Жауабы: m 2 =4кг
4. «Ой сергіту»
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті,сөздік қорларын байқау көзделеді.
(«Дене импульсі, импульстің сақталу заңы » тақырыбына мақал-мәтелдер айту, мағынасын ашу)
5. Сабақты бекіту
(Оқушылардың білімдері тиянақталады, нәтиже бағаланады)Шама
Белгіленуі
Формула
Өлшем бірлігі
Дене импульсі
Күш импульсі
Импульстің сақталу заңы
6. Үйге тапсырма: §19, §20, 17 жаттығу № 1,3,5