- Учителю
- Сабақ жоспары Тақырыбы 'Тоқ күші. Амперметр' (8-сынып)
Сабақ жоспары Тақырыбы 'Тоқ күші. Амперметр' (8-сынып)
Тақырыбы: Тоқ күші .Амперметр
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға тоқ күші, оның өлшем бірлігі,шартты белгісі, формуласы жайлы мағлұмат беру;
Дамытушылық: өз бетімен еңбектену және оқушының білім дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.
Көрнекілігі:интерактивті тақта,тест сұрақтары,есептер жинағы, электронды оқулық.
Пәнаралық байланысы: информатика, математика
Сабақтың әдісі: баяндау, тест жұмысын жүргізу, есептер шығару.
Сабақтың барысы:
ІҰйымдастыру кезеңі
-оқушыларды түгелдеу;
-журнал толтыру
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақтар қою және карточкалар тарату( жақсы оқитын оқушыларға есептер беремін)
1.Электр тоғы дегеніміз не?
2.Электр қозғаушы күш деп нені айтады?
3.Тоқ көздері дегеніміз қандай құрылғы?
4.Бгде күштер дегеніміз қандай күштер?
5.ЭҚК-нің бірлігі қандай?
ІІІ Жаңа сабақ
Жанңа сабақ бастамас бұрын сыныпты екі топқа бөлемін.Әр топ тапсырмаларын орындайды.
І топ Әзіл жұмбақ Жауабы. Тоқ күші
ІІ топ Сөзжұмбақ Жауабы Амперметр.
Алғаш рет «электр тоғы» түсінігін физикаға еңгізген француз ғалымы Андре МАри Ампер болды. АМперметрдің өмірбаяны жайлы рефератпен таныстырып өтейін.(Электронды оқулықты пайдаланамын)
Көлденен қимасының ауданы S өткізгіште,еркін заряд тасымалдаушылар қандай да бір жылдамдықпен қозғалады. Деп есептейік.Барлық заряд тасымалдаушылар реттелген қозғалыс жасайтындықтан, өткізгіш бойымен электр тоғы жүреді.Бұл кезде әр секунд сайын өткізгіштің кез келген қимасы арқылы электр мөлшері деп аталатын қандай да бір заряд өтедіЭлектр тоғын өлшеу және салыстыру үшін «тоқ күші» деген арнайы шама еңгізіледі.
Оқушылар электронды оқулықтарын ашып «Тоқ күші» тақырыбымен танысады. Сабақ барысында Н.Оразақыновның СКТ технологиясы бойынша түсіндіремін.
Тоқ күші.Амперметр
Анықтамасы: өткізгіштің көлденең қимасы арқылы
Қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын
Электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын
Тоқ күші деп атайды?
Формуласы: І =q/t q- заряд t-уақыт I-тоқ күші
Өлшем бірлігі:- 1А=Кл/с
1мА=10 -3
1мкА=10-6
1кА= 103
Тоқ күшін өлшейтін құрал:- амперметр- тоқ өлшетін
Құралмен тізбектей жалғанады.
Шартты белгісі:-
Өмірмен байланыстылығы:- 1 А тоқ күші адам
өміріне қауіпті.Үйді жарықтандыруға қолданатын
қыздыру шамдарының тоқ күші, қуатына сйәкес
7-ден 400 мА-ге дейін болады.
Техника қауіпсіздігі:- Тоқ өлшейтін құралдармен өте
Ұқыпты болу керек.Су қолмен тоққа ешқашан
Жолауға болмайды.
Сабақты қорыту.Интерактивті тақта арқылы электронды оқулықпен жұмыс жүргізу.
Есептер шығару.
А-деңгейі
Бір лампадан 5 минутта 450 Кл заряд өтеді.Тқ күші неге тең?
Жауабы: 1,5 А
В-деңгейі
Тізбекке қосылған амперметр 4 А тоқты көрсетеді. Осы амперметрден 280 Кл заряд қанша уақытта өтеді.
Жауабы 70 с
С-деңгейі
Шамды ЭҚК- 1,5 В-қа тең элементтен көректендіргенде тізбектегі тоқ күші-0.2А-ға тең? Болады.Элемент ішіндегі 1 минуттағы бөгде күштердің жұмысын табыңдар?
Тест сұрақтары:
1.Тоқ күшінің өлшем бірлігі?
а/ Вольт ә/Кулон б/ Ампер
2.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы қалай аталадыЮ
а/ Электр тоғы ә/ заряды б/ электр қозғаушы күш
3.ТОқ күшін өлшейтін құрал қалай аталады?
а/ реостат ә/ вольтметр б/ амперметр
4.Амперметр тізбекке қалай қосылады?
а/ параллель ә/ тізбектей б/ екі тәсілмен де жалғана береді
5, Адам өміріне тоқ қауіпті ме?
а/ жоқ ә/ иә б/ ол тоқтың қуатына байланысты
Үйге тапсырма. Тақырып бойынша есептер жинағынан 5 есеп шығару
Бағалау