7


  • Учителю
  • Конспект урока 'Денелердің жүзу шарттары (7 модуль бойынша) ' (7 сынып)

Конспект урока 'Денелердің жүзу шарттары (7 модуль бойынша) ' (7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Денелердің жүзу шарттары (Жаңа формат бойынша 7 модульді ықпалдастыру)Сабақтың мақсаты: Денелердің жүзу шарттарының мәнін аша отырып, тәжірибеде қолдануды үйрету. (SMART бойынша: нақты,өлшеуге болатын, қол жетімді, шынайы, белгілі бір уақытқа сай.)Сабақтың
предварительный просмотр материала

Павлодар облысы

Ақтоғай ауданы

Қ.Нығманов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің

физика пәнінің мұғалімі Жапарова Динара Бадашевна

Сабақтың тақырыбы: Денелердің жүзу шарттары (Жаңа формат бойынша 7 модульді ықпалдастыру)

Сабақтың мақсаты: Денелердің жүзу шарттарының мәнін аша отырып, тәжірибеде қолдануды үйрету. (SMART бойынша:

нақты,өлшеуге болатын, қол жетімді, шынайы, белгілі бір уақытқа сай.)

Сабақтың тегі: Теория мен тәжірибені ұштастыру сабағы.

Сабақтың түрі: Топпен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары: «Блум түймедағы», «Болжам ағашы», Ойын түрлері.

Ресурстар: Сызба - кестелер, постер, флипчарт тақтасы, тәжірибеге қажет заттар ( су, картоп, тұз, шыны ыдыс),

Интербелсенді тақта, ноутбук.

Пәнаралық байланыс: Химия.

Оқу нәтижесі: Денелердің жүзу шарттарын біледі, есеп шығаруда қолдана алады.

Сабақ барысы:

Р/с

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

Ұйымдастыру кезеңі

А) Үй тапсырмасын тексеру; (ЖЕ сай оқыту модулі)

Ә) Топтарға бөлу.

5 мин

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып журналын толтырып, оқушыларды түгендеу. «Әткеншек» ойынын ойнату. Ойын шарты: Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап,қол ұстасып, шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне үй тапсырмасына қатысты сұрақтар қояды, жауап алады. Мұғалімнің шапалағымен сыртқы қатардағы ойыншы бір қадам жылжып, келесі жұппен ауысады.

Оқушылар сәлемдеседі. Ойын шарты бойынша ойынға қатысады.


Саусақпен өздерін бағалайды.

ІІ

А) Сын тұрғысынан ойлаудың «Кубик лақтыру» стратегиясы

(АКТ - ны қолдану)

3 мин

Мұғалім тақырыпқа шығу үшін теледидар арқылы ойынды жүргізеді. Ойын шарты: Әр топқа әр түрлі түстер таратылады, сол түстерге сай әр топ өз жауабын береді. Берілетін сұрақтар:

  1. Сұйық өзіне батырылған денеге неліктен төменнен жоғары қарай бағытталған қысым түсіреді? (ығыстырушы күш әсер етеді)

  2. Архимед күшінің пайда болуы қалай көрініс табады? ()

  3. Архимед күші неге тең?

  4. Архимед күшінің шамасын анықтауға болатын қандай тәжірибені білесіңдер?

  5. Архимед күші қандай шамаларға тәуелді?

  6. Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін архимед күшін қалай есептеуге болады?

  7. Архимед заңын пайдалана отырып, дененің тығыздығын қалай анықтауға болады?

Кубиктің түсі қолдарындағы түске сай келгенде сұраққа жауап береді.


Ә) Сын тұрғысынан ойлаудың «Болжам ағашы» стратегиясы

Флипчарт тақтамен жұмыс

2 мин

Топтарға тақырып жазылған «Болжам ағашын» ұсынады.

Ағаштың жапырағына - тақырып бойынша меңгеретін болжам, сабағына - тақырып бойынша деректер, өзегіне тақырыпты жазып толтырады.

ІІІ

Жаңа тақырыпты меңгерту

А) Оқулықпен жұмыс

Ә) Сын тұрғысынан ойлаудың «Бортты журнал» стратегиясы

(Көшбасшылық модулі)

15 мин

Оқушылардың алдына постер таратылады (Блум таксономиясы бойынша; Білу, түсіну)

Тақырып бойынша білемін

Мәтіннен оқып, білгенім


Оқушылар оқулықпен жекелей жұмыс жасайды. Мәтінмен танысады. Түсінгендерін постерге түсіреді. Топтың спикерлері шығып қорғайды.

Бағдаршам арқылы бағалау.

ІV

Тақтамен жұмыс

(интербелсенлі тақта қолданамын)

5 мин

Суға қайың, емен, алмас, болат тасталады. Қайсысы батады, қайсысы жүзеді. Қорытынды шығар. (Қолдану)

Оқушылар кесте бойынша анықтайды.

V

Сергіту сәті

3 мин

Суреттің қиындыларын таратады. Музыка қосады.

ІІІ топ ІІ топ І топ


Оқушылар суреттің қиындыларын белгілі суретті шығару үшін билеп жүріп құрастырады, сурет бойынша топқа бөлінеді.

VI

Бекіту кезеңі.

Карточкамен жұмыс. (ДжТ оқушымен жұмыс)

5 мин

Карточка тарату (Талдау)

Өте жақсы оқитын оқушыларға тапсырма

Эксперименттік тапсырма.

Таза су, тұз,картоп, шыны ыдыс осы заттарды пайдаланып, тәжірибе жасап, түсіндір.

Жауабы: картоп таза суда батады, тұзды суда жүзеді. Себебі, тұзды су тығыздығы су тығыздығынан көп, сондықтан жүзеді.

Жақсы оқитын оқушыларға тапсырма

Есеп.

Адамның теңізде жүзуі неге оңайырақ? Адам денесінің орташа тығыздығы 1036 кг/м3, бұл теңіз суының тығыздығынан сәл ғана көп. Мысалы, адамның массасы 50 кг.

Жауабы:

Бер: Шешуі:

m=50 кг Ға=mg=50*9.8=490Н

p=1036 кг/м3 адам денесінің көлемі

т/к: Ға-? ҒА-? v=m/p=50/1036=0.048м3

ҒА=pgv=1000*0.048*9.8=470Н

Жауабы: Теңіз суының тығыздығы адам денесінің орташа тығыздығына жақындау, сондықтан теңізде жүзу оңайырақ.

Нашар оқитын оқушыларға тапсырма

Тығыздықтар кестесін пайдаланып, қандай металдар сынапта жүзе алады, қандайлары батып кетеді, соны анықтаңдар.

Жауабы:

Жүзеді: алюминий,шойын,мырыш,қалайы,болат,темір,жез,мыс,күміс, қорғасын

Батады: Алтын, платина, ириди, осмий

Оқушылар карточкада көрсетілген тапсырмаларды орындайды.

VII

Кері байланыс.

«Блум түймедағы» стратегиясы

(СТО, ДжТ оқушымен жұмыс )

3 мин

(Жинақтау)

Мұғалім тапсырмалар береді. Оқушылар түймедақ парақшаларын толтырып, тақтаға іледі. Сұрақтар:

І топ.

А)Дененің жүзу шарттарын ата.

Ә)Сұйық ішінде жүзіп жүрген денеге қандай күш әсер етеді?

ІІ топ.

А)Егер тарелканы суға қырымен салсақ,ол батып кетеді, ал егер түп жағымен салсақ, онда бетінде жүзіп жүреді.Неліктен?

Ә) Ауырлық күші Архимед күшінен үлкен болса, судағы денеге не болады?

ІІІ топ.

А) Ауырлық күші мен архимед күшінің айырмасы неде?

Ә) Маған жердің тіреу нүктесін көрсетсеңіз болғаны,мен жерді көтеріп беремін сөзімен тарихта қалған ғалым.

Түймедақ парақшаларындағы сұрақтарға жауап береді де түймедақ гүлін құрастырады.

VIII

Үйге тапсырма (Интербелсенді тақтадан көрсетіледі)

2 мин

Параграф 45, мазмұндау. 24 жаттығу есептер шығару.


IX

Бағалау

2 мин

(Бағалау)

Жиынтық бағалау парақшасын толтырады, талдап, түсіндіреді.



Бағалау парағы



р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырма

сы

Постермен жұмыс

Карточ-

камен жұмыс

Блум түймедағы

Топ басшысының бағасы

Қорытын

ды бағалау

1


2


3


4


5


6


7


8


9


10


11


12


13


14




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал