- Учителю
- Кванттық физика. Сыртқы фотоэлектрлік эффект. Эйнштейннің фотоэффектіге арналған теңдеуі.
Кванттық физика. Сыртқы фотоэлектрлік эффект. Эйнштейннің фотоэффектіге арналған теңдеуі.
Физика пәнінің оқытушысы: Игликова Л.Е
Сабақтың тақырыбы: Кванттық физика. Сыртқы фотоэлектрлік эффект. Эйнштейннің фотоэффектіге арналған теңдеуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Атомдар электромагниттік энергияны үздіксіз шығарып тұрмайды, оны жеке порциялармен-кванттар түрінде шығаратындығын және фотоэффект құбылысын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың микробөлшектер туралы білімін, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: өзіндік жұмыс жасау барысында ептілікке, алғырлыққа, шыдамдылыққ, шапшандыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдісі: түсіндіру, есептер шығару, ұжымдық
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, химия
Сабақтағы өзіндік жұмыс түрлері: сұраққа жауап беру, есептер шығару, физикалық диктант
Сабақтың материалды-техникалық көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакат
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру бөлімі:
-
Оқушылармен амандасу;
-
Оқушылардың және кабинеттің сабаққа дайындығын қадағалау;
-
Журнал толтыру және оқушыларды түгелдеу
-
Сабақ мақсатын хабарлау
-
Үй тапсырмасын сұрау: «сәуле шығару және спектрлер» тарауын қайталау
Ұяшық астына сұрақ жасыру арқылы тексеру
-
Инфрақызыл және ультракүлгін сәуле шығару дегеніміз не?
-
Рентген сәулесі қалай пайда болады? Электромагниттік толқындар шкаласы қандай?
-
Заттың жарықты жұтуы дегеніміз не? Жарық дегеніміз не?
-
Сәуле шығару спектрлер түрлері қандай?
-
Рентген түтігінің құрылысы.
-
Жарық шығарудың ең мағызды сипаттамасы.
Физикалық диктант.
-
Люминесценция дегеніміз не?
-
Сәуле шығару түрлерін ата.
-
Спектр түрлерін ата.
-
Қаншы сәуле түрі бар және оларды ата.
-
Сәулелердің жиілігінің өсу ретімен жаз.
-
Рентген сәулелерінің толқын ұзындығының диапазоны қандай?
-
Көрінетін жарықтың толқын ұзындығының диапазоны қандай?
-
Рентген сәулесін қай жылы және кім ашты?
-
Жаңа сабақ
Кванттық физика. Сыртқы фотоэлектрлік эффект. Эйнштейннің фотоэффектіге арналған теңдеуі.
Физикада болған ең үлкен төңкеріліс ХХ ғасырдың бас кезіне дәл келеді. Жарықтың әсерінен заттардан электрондардың ыршып шығуы фотоэффект деп аталады.
-
Жаңа тақырыпты қорытындылау сұрақтары:
-
Кванттық теория қай ғасырда шықты?
-
Фотоэффект дегеніміз не?
-
Фотоэффектінің қызыл шекарасы деген не?
-
Корпускулалық-толқындық дуализм дегеніміз не?
-
Фотон дегеніміз не?
5. Жаңа сабақты бекіту есептері:
-
λ=5*10-7м толқын ұзындығына сәйкес келетін фотон энергиясын анықтаңыздар.
-
Егер фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясы Ек=4.5*10-20Дж, ал электрондардың металдан шығу жұмысы А=7,6*10-19Дж болса, металл бетін жарықтандыратын жарық толқынының ұзындығы қандай болатынын анықтаңдар?
-
Электрондардың металдан шығу жұмысы А=3,3*10-19Дж болса, фотоэффектінің λмах қызыл шекарасы қандай?
-
Үй тапсырмасы:
§6.1 8-жаттығу №6.№7 (11 кл)
-
Оқушыларды бағалау