7


Жылу құбылыстары (9 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

қосымша №1


Физика 8 сынып

Сабақтың тақырыбы : « Жылу құбылыстары» тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тексеру.

2.Дамушылық:Пәнге деген қызығушылығымен оқуға деген ынтасын арттыру.

3.Тәрбиелік:Ойымшылдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жарыс сабақ

Сабақта пайдаланған құралдар: дөңгелек үстел, дастархан мәзірі

Сабақ барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құмартып шай ішеміз шай,

Болады көңіліміз жәй.

Шөліңді қандырар,

Таңдай қақтырар,

Индиядан әкелінген

Не деген керемет шәй!- деп дастарханға жылу құбылыстарын жақсы меңгерген оқушыларды шақырамыз

І тур « Тапқыр болсаң - талас жоқ »

  • Сұрақ: шәугім қайнап , шай ішкенге дейін қандай физикалық құбылыстар болады?

  • Электр шәугімді токқа қосады

  • Шәугімнің қақпағын жабу керек

  • Не үшін шәугімнің қақпағын жабу керек?

  • Онда қандай физикалық құбылыс бар

  • Шәугімнің қақпағын жапқанда, берген жылуды сақтап, жылу алмасуды тоқтатамыз.

  • Шәугімнің қақпағын көтергенде мен көпіршіктердің пайда болғанын көрдім.

  • Олар қайдан пайда болады

  • Көпіршіктер біртіндеп үлкейе береді. Бұлар -әрқашан судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері. Су неғұрлым суық болса,оның ішінде еріген ауа соғұрлым көп болады. Сондықтан су қызған кезде,артық ауа су ішінен көпіршік түрінде бөлініп шығады.

  • Мен шәугімнің ызылдап шуылдағанын естідім, ол қалай шығады



қосымша №1



  • Суды әрі қарай қыздырған сайын көпіршіктер үлкейе береді және олардың саны көбейеді.Көпіршіктердің үлкеюімен қатар, оларды судан ығыстырып шығаратын Архимед күші де артады да,олар су бетіне қалқып шығып жарылады да, шуыл пайда болады,су буы атмосфераға шығып, су қайнайды.Демек, қайнау дегеніміз сұйықтың жеделдете буға айналуы.

  • Жауаптарыңыз өте дұрыс.Шәугім қайнағанша кезекті әнге берейік.

/Ән айтылады/ Енді мынадай сұраққа жауап беріңдерші

  • Шәй қалыпты атмосфералық қысымда қанша градуста қайнайды? 100 градуста. Дұрыс айтасыңдар

  • Қайнап жатқан судың температурасы өзгере ме?

  • Өзгермейді!

Шәугім қайнап жатқанда шүмектен бу шығып жатқанын көреміз,бу деген

газ емес пе, газ түссіз болады,оны көрмейміз, ал буды көріп тұрмыз.

  • Неліктен?

  • Бұл тұман . Бұл судың буы,салқындағанда ауада кішкене тамшылар түрінде конденсацияланады.

Қорытынды: Күнделікті шай ішу де жылу құбылысының заңдылығы-на бағынады екен.

ІІ тур « Сен маған, мен саған»

Оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақ қояды.

Тәжірибе :

  1. Температуралары әр түрлі , бірдей мөлшерде суы бар екі ыдысқа бояу түйіршіктері салынады.

Сұрақ : Қол тигізбей қай ыдыстағы судың салқын екенін қалай анықтауға болады?(бояу түйіршегі ақырын еріген ыдыстағы су суық)

  1. Шай ішіп отырған оқушылардың біреуі үрлеп ішіп отыр, екіншісі тарелкаға құйып ішіп отыр



қосымша №1



Сұрақ: Мұнда қандай физикалық заңдылық бар?( Шәйді үрлесең ,сұйықтың ең жылдам қозғалатын молекулалары ұшып шығып, қалған молекулалардың

орташа кинетикалық энергиясы кеміп, сұйықтың ішкі энергиясы кеміп, шай тез суыйды.

Сұйық бетінің ауданы неғұрлым үлкен болса, онда бір мезетте ауаға ұшып шығатын молекулалар саны солғұрлым көп болады. Шәйдің тез сууы

оның ауданына байланысты)

ІІІ.« Шешілмеген құпия »/ ЖҰМБАҚ ШЕШУ/

  • Кең әлемді кернейді

Көзің бірақ көрмейді

  • Дәмі де жоқ , түсі де жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ

  • Көтеріліп теңізден

Аспанға биік барамын

Биіктен қайта түскенде

Өңі кірер даланың

ІV « Кім көп біледі ?»

Әр топ мүшелеріне төмендегідей сұрақтар қойылады / слайд/

V. Жылу мөлшерін, меншікті жылу сыйымдылығын, бастапқы және соңғы температураларын табуға есептер шығару.

VІ 1)Меншікті жылу сыйымдылығы 250 деген нені білдіреді?

2) Q= cm (t2-t1) формуланың құрамындағы әрбір шама не ?

3) Ол қандай бірліктермен өрнектеледі?

4) Күннен жерге жылу қандай тәсілмен беріледі?

VІІ. Сабақты қорытындылау

Жарыс сабақ өткен тарауды пысықтау кезіңін сапалы өткізуге , оқушылардың материалды толық меңгеруіне көмектеседі. Белсенділіктерін арттырып, ойын дамытады.

Физика 8 сынып

Сабақтың тақырыбы:Атом құрылысы.Элементар злектр заряды.

Мақсаты:Атом құрылысымен таныстыру, негізгі ұғымдарды бекіту.

Тәрбиелік мақсаты:Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық мақсаты:Электр құбылыстары туралы алған білімдерін әрі қарай кеңейту.

Сабақ әдісі:«INSERT» кестесі,«Ой толғау әдісі»

Көрнекіліктер:плакат, кесте, сөзжұмбақ.

Сабақ барысы:

1.Үйге берілген тапсырманы қайталау.

/ Келесі сұрақтар арқылы жүзеге асырылады/

а)қандай жағдайда денеде заряд пайда болады?

ә)Электроскоп не үшін қолданылады?

б)Диэлектриктер деген не?

в)Электр зарядтарын жақсы өткізетіндерге мысал келтір.

г)Диелектриктерге мысал келтір.

д)Электр зарядтарының қандай екі тегі бар?

2.Жаңа сабаққа байланысты жылу құбылыстары тарауы бойынша алған негізгі қағидаларды еске түсіру (заттың молекулалық құрылысы)

3. Жаңа сабақ.

Жоспар:

1.Атом құрылысы жайлы әр түрлі түсініктер

2.Электр зарядтарын бөлу. Электрон.

3.Атомның құрылысы.(ядро, протон, нейтрон)

4.Оң ион, теріс ион.

1.Демокрит, Томсон, Резерфорд моделдері жайлы айту.

2.Орыс ғалымы Абрам Федорович Иоффе иен Американ ғалымы Роберт Милликен электр зарядының бөліну шегі бар,ең аз теріс заряды бар бөлшек электрон деп атады,электрон зарядының мәнін анықтады,е= 1,6*10-19Кл.

m=9,1*10-31кг.

3.Атомның ортасында өте кішкентай оң зарядты ядро бар,ал сыртында атомның қабықшаларын құрайтын теріс зарядталған электрондар зор жылдамдықпен қозғалып жүреді.Атомның өлшемі өте кіші,атомның ядросы одан да кіші (10-10м,10-14м) Ядроның құрамына оң зарядталған протон,заряды болмайтын нейтрон кіреді,протонның заряды элекронның зарядына тең, протонның массасы электронның массасынан 1840 есе үлкен,ядродағы нейтрондардың саны протондардың санына тең. Нейтронның массасы протонның массасынан сәл артық.

4. Әрекеттесудің нәтижесінде атом электрондарының біразын жоғалтса,оң зарятталады,ион ден аталады. Егер атомға артық электрондар келіп қосылса,онда атом теріс зарядқа ие болады,теріс ион деп аталады.

Бекіту./ плакаттағы сұрақтар және ребус шешу арқылы жүзеге асырылады.

Үйге тапсырма беру§30,сұрақтар 1-5.



Сабақтың тақырыбы : « Жылу құбылыстары»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тексеру.

2.Дамушылық:Пәнге деген қызығушылығымен оқуға деген ынтасын арттыру.

3.Тәрбиелік:Ойымшылдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақта пайдаланған құралдар:

Температуралары әр түрлі су құйылған екі ыдыс.Бояу.Картоп.Сым өткізгіш,спиртовка,штатив.

Сабақтың тақырыбы мақсаты түсіндірілгенен соң ,сынып оқушыларын екі топқа бөліп,әр топқа ат қойылады.Тақтаға екі топтың ұпайы жазылатын арнайы кесте ілінеді.Әрбір тиянақты дұрыс жауапқа 3 ұпай,тиянақсыз бірақ дұрыс жауапқа 2 ұпай,ал,әрбір жауапқа берілген толықтыруға -1 ұпай.Жарыс соңында қай топ көп ұпай жинаса,сол жеңген болып саналады.

Сабақ 7 бөлімнен тұрады.Жарыс барысында оқушылар жылу құбылыстарына байланысты сұрақтарға джауап беріп,тәжірибе жасайды.


1 топ

2 топ

1.Қандай қозғалысты жылулық қозғалыс деп атайды?

2.Температура нені сипаттайды?

3.Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін ата.

4.Жылу өткізгіштік деп қандай құбылысты атаймыз?

5.Конвекция дегеніміз не?

1.Броундық қозғалыстың себебі неде?

2.Диффузия құбылысының мәні?

3.Жұйкенің ішкі энергиясы деп қандай энергияны атайды?

4.Жылу берілудің түрлерін ата.

5.Сәуле шығару дегеніміз не?

  • 1.«Кім шапшаң»

Топ мүшелеріне кубик жақтарына жазылған физикалық шамалардың таңбалары бойынша формулалар жазу тапсырылады.1 минутта кім көп жазса ,сол ұтады.

  • 2. «Кім көп біледі?»

Әр топ мүшелеріне төменгідей сұрақтар қойлады.Сұраққа бірден жауап беру керек.

  • 3. «Физикалық есеп»

Әр топқа денеге берілген жылу мөлшерін анықтауға раналған есеп беріледі.Топ мүшелері еспті шығарып болған соң қарсы топқа тексеруге береді.Олар есптің дұрыс немесе қате шыққанын анықтап бағалайды.

  • 4. «Қызықты сұрақтар»

1.Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады қармен мұз күйінде)

2.Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойса,ішінде не қалады? (Ауа)

3.Қандай ыдысқа су құйылмады? (Су толы ыдысқа)

4.Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (Уақыт)

  • 5. «Ойлан,тап»

Екі топтан бір-бір оқушы кезекпен тәжірибе жасап көрсетіп, тәжірибеге байланысты сұрақ қояды. Қарсы топ мүшелері жауап береді.

  1. Тәжірибе: Температуралары әр түрлі, бірдей мөлшердесуы бар екі ыдысқа бояу түйіршіктері салынады.

Сұрақ: Қай ыдыстағы судың салқын екендігін қол тигізбей-ақ анықтауға болады?

  1. Тәжірибе: Екі ұшы картоппен теңестірілген сымның бір басын қыздырғанда не болады? Себебі неде?

  • 6. «Физикалық эстафета»

Бір оқушы үлестірмелі қағазға жазылған есептің берілгенін және нені табу керектігін жазса, келесі оқушы өлшемдерді халықаралық бірліктер жүйесіне көшіреді. Үшінші оқушы қажетті формуланы жазса, одан кейінгі оқушы формулаға есептік сандық мәнін қояды.Соңғы оқушы есепті шығарады.Қай топ есепті жылдам әрі тез шығарып,жауабын дұрыс тапса,сол топтың ұпайы жоғары болады.

  • 7. Сабақты қорытындылау

Тақтадағы кесте бойынша әр топтың ұпайы есепталіп,көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімі бағаланады.

Жарыс сабақ өткен тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуге, оқушылардың материялды толық меңгеруіне көмектеседі.Белсенділіктерін арттырып,ойын дамытады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал