- Учителю
- Сабақтың тақырыбы Есептер шығару.
Сабақтың тақырыбы Есептер шығару.
Шілдебаева Айгүл Амангелдіқызы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы
№201 орта мектеп-лицейінің
физика пәнінің мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар № 57
Сабақтың тақырыбы
Есептер шығару.
Сілтеме
1.Ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспар.
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей.
3.А. Орақова, Ж. Жартынова «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару»
4.Ғаламтор .
Жалпы мақсаты
1.Танымдық: Оқушылардың өз бетінше іздену мүмкіндіктері арқылы электр заряды, электрлену, Кулон заңы тақырыптарына жаттығу жұмыстарын орындату, олардың есеп шығару дағдысын дамыту.
2.Эмоциялық: Сыныптағы ынтымақтастық негізінде психологиялық жағымды орта қалыптастыру.
3. Әлеуметтік: Әлеуметтік өзара әрекеттесетін жұмыс түрлерін ұсыну, жұппен жұмыс жасау , бірлесіп жұмыс жасауға баулу.
Ресурстар
Интерактивті тақта, маркерлер, стикерлер, постерлер, оқулық, бағалау парағы, электрондық оқулық 10 сынып, тапсырмалары бар парақшалар.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар тақырыпқа сәйкес формулаларды қорытып шығарады, түрлендірулер арқылы жоғары, орташа, жеңіл есептерді шығарады, ашық сұрақтарға жауап береді.
Негізгі идеялар
SI жүйесінде Кулон заңы былай жазылады:
Кулон заңы: вакуумдағы қозғалмайтын екі нүктелік зарядтың өөзара әрекеттесу күші зарядтар модулінің көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың ара қашықтарының квадратына кері пропорционал. Бұл күш осы зарядтарды қосатын түзу бойымен бағытталады.
к=9·109Н·м2/Кл2 ε0=8,85·10-12Кл2/Н·м2
Дереккөз
1. Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев.Физика,10 сынып Алматы, «Мектеп» 2010 ж
2. С.Тұяқбаев, Ш. Тынтаева, Ж.Бақынов. Физика. Есептер жинағы Алматы «Мектеп», 2010
3. Б.Кронгарт, В.Кем. Физика. Дидактикалық материалдар. 10 сынып. Алматы, «Мектеп» 2014 ж
Әдістер
Сергіту
«Миға шабуыл»
«Топтық жұмыс»
Бағалау.
Миға шабуыл. Жұлдызшалар арқылы
Топтық жұмыс. Ауызша мадақтау.
Жұптық жұмыс. Екі жұлдыз, бір тілек.
Жеке жұмыс. Критерийлер арқылы.
Тапсырмалар
1.Миға шабуыл (Сұрақтар арқылы)
2.Топтық жұмыс ( Есеп шығару үлгісімен танысу)
3.Жұптық жұмыс ( Формулалар сөйлейді )
4.Жеке тапсырма (Ашық сұрақтар )
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады) :
№
Сабақ кезеңдері
Әдістер
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
1
Ұйымдастыру кезеңі
(3 минут)
Сергіту. «Түймедақ» гүлі
Топқа бөлу.
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, зейінін сабаққа аудару.
Есімдерінің бас әріптеріне байланысты топқа бөлу.
Түймедақ гүлінің суретін салу. Сабағына мақсатын жазу, жапырағына мақсатқа жету үшін не істеу керек, соны жазу, келесі топқа тілек жазу
Сынып оқушылары төрт топқа бөлінеді.
2
Үй тапсырмасын сұрау
(5 минут)
«Кім жылдам?» ойыны
Оқушыларға жауабы қысқа, нақты сұрақтарды оқу.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
3
Қызығушылығын ояту.
(5 минут)
Миға шабуыл. Сұрақтар арқылы
Оқушыларды сындарлы сөйлеуге ынталандыру үшін тақырып бойынша сұрақтар қою:
1.Бейнематериал арқылы
2.Формулалар сөйлейді
Топ мүшелері сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады .
4
Мағынаны тану.
(15 минут)
Топтық жұмыс ( Есеп шығару үлгісімен танысу).
«Сынып алдында жалпылай қайталау» әдісі
Жұптық жұмыс (Есептер шығару ). Сәйкестендіру.
Топтарға бір есептен беріледі, есепті шығарып, шығарылу жолын түсіндіреді.
Оқушыларды жұпқа бөліп, тапсырма беру .
Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындайды, есепті шығарады.
Ойларын ортаға салып, топта талқылайды.
«Сынып алдында жалпылай қайталау » әдісі арқылы топ спикері қорғайды.
Екі оқушыдан бірлесіп есептер шығарады, сәйкес жауабын табады.
5
Ой толғаныс.
(10минут).
Жеке жұмыс. Ойлы болсаң, озып көр (ашық сұрақтар) .
Тапсырмалары бар парақшаны тарату.
Оқушылар тапсырманы орындайды, ашық сұрақтарға жауап береді.
6
Сабақты қортындылау.
(4 минут)
«Электрлену. Электр заряды. Кулон заңы» тақырыбындағы
таныстырылым арқылы қортындылаймын.
7
Кері байланыс
(3 минут)
«Менің сабақтан алған әсерім...» Бір минуттық эссе.
Оқушылар өзінің сабақта алған әсерлерін ақ параққа жазады, топтан бір оқушы оқиды.
8
Үй тапсырмасы.
Кейінгі тапсырмалар.
Электрлену. Электр заряды. Кулон заңы (оқу ) . 8-жаттығу.
Кейінгі оқу.
1.Эксперименттік тапсырма жасау.
2.Тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастыру (5 сұрақ).
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «Кім жылдам? » ойыны
1. Дененің электрленгенін қалай анықтаймыз?
2.«Электр» атауы қайдан шыққан?
3.Қандай жағдайда электрлену өтеді?
4.Электрленген дене деп қандай денені айтады?
5.Құрғақ шүберекпен айнаны сүрткенде қандай құбылыс болады?
6.Зарядтардың неше тегі бар?
7.Аттас зарядтар өзара қалай әсерлеседі?
8.Әр аттас зарядтар өзара қалай әсерлеседі?
9.Кулон заңының тұжырымдамасы.
10.Денелердің электрленуін бақылайтын құрал.
ІІІ . Миға шабуыл.
1.Электрондық оқулықтан бейнематериал көрсету.
2.Формулалар сөйлейді.
№
Тапсырмалар
Оқушы жауаптары
1
Кулон заңының формуласын жазыңдар. Әрбір шамаға сипаттама беріңдер.
2
Негізгі формуладан электр зарядының формуласын қорытып шығарыңдар.
Ара қашықтықтың формуласын қорытып шығарыңдар.
Формуладағы К пропорционалдық коэффициент неге тең?
3
К пропорционалдық коэффициенттің өлшем бірлігін қалай қорытып шығаруға болады?
ІУ. Топтық жұмыс.
І топ.
-
Кулон заңы жайлы не білеміз?
-
Бүкіләлемдік тартылыс заңы мен Кулон заңының қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
ІІ топ.
1.Тарақ, қаламсап, шар, газет, пластмасса сызғыш. Тәжірибе жасау арқылы денелердің электрленгенін дәлелдеңдер. Денелердің электрлену себебі неде ? Денелерді электрлендірудің басқа қандай жолы бар?
ІІІ топ.
Кішкентай екі шариктің зарядтары 2*10 -7 Кл және 4,5 * 10-7 Кл . Олар вакуумда 0,1 Н күшпен өзара әсер етеді. Шариктердің ара қашықтығын есептеңдер.
ІУ топ.
Екі бұлттың арасындағы орташа қашықтық 10 км. Олардың электр зарядтары 10 және 20 Кл-ға тең. Бұлттар қандай электр күшімен өзара әсер етеді?
У. Жұптық жұмыс. Есептер шығару. Ойланып, сәйкестігін табыңдар.
1. Заряды +q сынап тамшысы заряды -q басқа тамшымен қосылды. Пайда болған тамшының заряды қандай ?.
q1 = -2q, q2 = -2q, q3 = -2q
2. +q және +q зарядтары бар бірдей металл шарларды бір біріне тиістіріп, бұрынғы орнына қайта қойса,олардың өзара әсерлесу күші
0
3.Бірдей металл шарлар, q1= 4q, q2 = -8q q3 = -2q зарядтармен зарядталған оларды бір-біріне жақындатып, қайта орнына әкелді. Әрбір шардың заряды
3 нКл
4. Екі нүктелік электр зарядтарының әсерлесуінен кейін арақашықтығын 4 есе көбейткенде кулон күші қалай өзгереді?
өзгермейді
5.Екі нүктелік зарядтардың әсерлесуінен кейін олардың арақашықтығы екі есе азайды. Кулон күші қалай өзгереді?
16 есе азаяды
6.q1 = 6 нКл электр заряды бар су тамшысы басқа g2 = -3 нКл электр заряды бар су тамшысымен біріккен. Пайда болған тамшының заряды
16 Н
7. Екі нүктелік заряд 1Н күшпен әсерлеседі. Егер олардың әрқайсысының зарядттарын 4 есе арттырса, кулон күші қалай өзгереді?
4 есе көбейеді
10.1 мкКл және 10 нКл екі заряд 9мН күшпен біріне-бірі қандай қашықтықтан әсер етеді?
УІ. Жеке жұмыс. Ойлы болсаң, озып көр.
Электрлену құбылысының қолданылуы
Дененің электрленуі , оның нәтижесінде болатын электр өрісінің әсерлері көптеген өнеркәсіп салаларында, өмірде және күнделікті тұрмыста қолданылады. Ал медицинада, синтетикалық киімдерді киіп жүргенде, үйкелістен электрленіп, адамдардың кейбір ауруларын емдеу мақсатында кеңінен пайдаланылады. Қазақтардың жүн орамалдарды беліне байлаудың да мәні осында болса керек. Тамаққа жіберілген дәріні шашыратып , оны электр өрісі арқылы ендіру қолайлы әрі тиімді, сонымен қатар ішкі ағза ауруларын да емдеуге болады.
Авиация саласында , самолет ауада ұшқанда ол ауамен үйкеліске ұшырайды, одан ұшақ электрленеді. Ол жерге қонғанда, оған бірден металл трап қоймайды.
Адам үйдің линолеум еденінде жүргенде, синтетикалық кілемді басып өткенде, үстінен киімді шешкенде электрдің разрядталу құбылысы байқалады. Себебі, синтетикалық материалдар электр зарядын өткізбейді, жақсы сақтайды. Бензинді шлангпен цистернаға немесе автомашина багына құйғанда, пластмасса канистрамен тасығанда электр өрісі құбылысын мұқият ескеру керек.
Сұрақ 1. Электрлену құбылысының қолданылуы
Қандай жағдайда электрлену құбылысы болады? (1 ұпай)
А) денелердің электрленуі үйкелуден пайда болады (иә/ жоқ);
В) Сұйықтардың ыдысқа шүмектен сыздықтап құйылуынан (иә/жоқ)
С) ұсақ бөлшектердің (құмшекер, құм, ұн, дәрі ұнтағы, химиялық ұнтақтар) төгілуінен пайда болады(иә/жоқ)
Д) қатты денелердің балқуы кезінде пайда болады (иә/жоқ)
Сұрақ 2. Электрлену құбылысының қолданылуы
Түрлі аурулардың ішінен электрленудің әсерінен емделетін аурудың түрін атаңыз. (2 ұпай)
Сұрақ 3. Электрлену құбылысының қолданылуы
Неліктен ұшақ жерге қонғанда оған бірден металл трап қоймайды? Жауаптарыңды түсіндіріңдер. (3 ұпай)
Сұрақ 4. Электрлену құбылысының қолданылуы
Бензин таситын машинаның кабинасында мынадай жазу бар: «Жанармайды құю және ағызу кезінде міндетті түрде жерлестіріңдер. » Неге бұл ережені сақтау керек? (4 ұпай)
Сұрақ 5. Электрлену құбылысының қолданылуы
Синтетикалық материалдардың зиянын (мысалы, үй шінде) жою үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? Жауаптарыңды дәлелдеңдер. (5 ұпай)
Критерийлер арқылы бағалау.
4-5 ұпай - «3»
6 - 10 ұпай - «4»
11 -15 ұпай - «5»
Рефлексия
Сабақта мақсатыма жете алдым ба ________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________
Сабақтың тиімді жақтары _________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
Тиімсіз болған жақтары ___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
Келесі сабақта нені ескеру қажет _________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________