7


  • Учителю
  • Разработка по физике на тему Мені қызықтырған әлем кеш

Разработка по физике на тему Мені қызықтырған әлем кеш

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

№7 Қ. Спатаев атындағы мектеп -лицейі





















Тақырыбы: «Мені қызықтырған әлем» кеш



Сыныбы: 11 А, Б, В

Ұйымдастырушы: Қалдықараева Л.Е.

Өтетін орын: Акт залы

Мерзімі: 29.11.2016ж





















Шымкент





Кештің жүргізілу ережесі:

- 9 сынып қыздарының орындауында «Қазақша би»

- видеоролик көрсетіледі «Технологияның даму тарихы»

- Кештің мақсатымен таныстыру физика пән мұғалімі: Қалдықараева Л.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі «Мені қызықтырған әлем» атты кешімізге қош келіпсіздер!

Басым көкке жетсін десең армандап,

Әр жұмысты бөліп істе, қарма оңдап.

Барлық істі сарапқа сап істегін,

Қисаппенен қазынаңды үстегін

Кісі танымақ болсаң ісіне қара

Өз күшің жеткенше, өзің үшін аянба.

Ж. Баласағұни

Кешімізді ашып беру үшін сахна төріне ................................................................................................................шақырамыз.

Жүргізуші: Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін - жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

.Бүгінгі кешіміздің кезеңдерімен танысып өтейік:

I кезең «Мен таңдаған мамандық»;

II кезең «Табысты 10 мамандық»

III кезең «Мамандыққа шолу»;

IV кезең «Физикалық сұрақтар топтамасы»;

V кезең «Бір физиктің махаббаты»;

VI кезең «Қорытынды».

Жүргізуші: Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да бәріне дайын. Ендеше ортаға «Кеше мен бүгін - біздің амалдарымыз, ал болашақ - біздің мақсатымыз» деген ұранды ұстанатын мектебіміздің білімді де алғыр оқушыларын шақырамыз

1. 11 «А» сынып оқушысы Дастанқызы Айгүл;

2. 11 «А» сынып оқушысы Базаралиева Алтынай;

3. 11 «А» сынып оқушысы Шайзада Ақмаржан;

4. 11 «А» сынып оқушысы Байбосынов Оралбек

5. 11 «Б» сынып оқушысы Үкібай Бақдәулет;

6. 11 «В» сынып оқушысы Абдрахманов Дәулет;

7. 11 «В» сынып оқушысы Бейсен Дәулет;

8. 11 «В» сынып оқушысы Жақсыбай Нұрәсем;

9. 11 «В» сынып оқушысы Әріпбаева Асель

Жүргізуші: Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. I кезең «Мен таңдаған мамандық» деп аталады. Бұл кезеңде әр оқушы таңдаған мамандығының маңыздылығын айта отырып, осы сұрақтарға жауап береді.

Жүргізуші: «Физика» ұғымын ғылымға енгізген ұлы ойшыл Аристотельден кейінгі «екенші ұстаз» Әл-Фараби : «Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз» депті.

Әлемде сан алуан мамандық бар. Ал,біз психологиялық тренинг арқылы біздің табиғи бейімділігімізге үңілейік, яғни алақан бойынша мамандық саласын анықтайық. «Табысты 10 мамандық» кезеңің көрермендермен бірге жүргізетін 11 «Б» сынып оқушысы Үкібай Бақдаулет

Жүргізуші: Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Тағы да үйренерміз аман болсақ,

Шыңымыз биік болар, білім қусақ.

Өмір деген өнермен үйлеспей ме,

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ.

9 «Ж» сынып оқушысы Серікбаева Жансая.

Жүргізуші: Табиғат құбылыстарын теориялық және эксперименттік тұрғыдан зерттеу физиканың негізі болып абылады. Олардың нәтижесінде континенттермен адамзат баласын жақындастыратын көлік пен байланыс жүйелерінің жаңа түрлері пайда болды, ғарышты игеру басталды, жасанды биологиялық түрлер дүниеге келе бастады. III кезең «Мамандыққа шолу» деп аталады. Бұл кезеңде 2 оқушы шығып, мамандық бойынша мәлімет береді.

1 - оқушы: таңдау пәні физика болатын мамандықтар туралы айтады (Қай ЖОО бар, қанша грант бар);

2 - оқушы: - мамандықтың елімізге тигізер пайдасы;

-қай мамандыққа сұраныс көп;

-қай мамандықпен жұмысқа тұруға болады;

Жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Физикалық сұрақтар топтамасы». Бұл кезеңде 11 «В» сынып оқушылары Әріпбаева Асель мен Жақсыбай Нұрасем тест кітапшаларында берілген есептердің тиімді жолдарын көрсетеді.

Жүргізуші: «Бір физиктің махаббаты»

Қорытынды: 9 сынып қыздарының дайындаған флэшмоб биі

Жүргізуші: Өткен дәуірлерге қарағанда біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі бар. Біріншіден ғылым мен техника үлкен қарқынмен дамып келеді. Екіншіден ашылған ғылыми жаңалықтар адамзат игілігіне айналып , жедел түрде өнеркәсіп пен тұрмысқа енгізіліп отыр. Техниканың қарқынды дамуына физиканың қосқан үлесі орасан зор, сондықтан да «Техниканың негізі - физика» деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып, назар аударғандарыңызға көп рақмет!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал