- Учителю
- Физика сабақ жоспары Менделеев-Клапейрон теңдеуі
Физика сабақ жоспары Менделеев-Клапейрон теңдеуі
10-сынып.
Сабақ тақырыбы: § 4.6.Менделеев-Клапейрон теңдеуі..
Сабақ мақсаты:
-
Оқушыларға идеал газ күйінің теңдеуі, универсал газ тұрақтысы, изопроцестер, Авогадро және Дальтон заңы түсінік беру.
-
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
-
Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеомагнитафон.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
-
Идеал газ түсінігі не үшін енгізілген?
-
МКТ негізгі теңдеуін қорытып шығарыңдар.
-
Қандай температура энергетикалық деп аталады?
-
Больцман тұрақтысының физикалық мағынасы қандай?
-
МКТ теңдеуінің жазылуының үш түрін көрсетіңдер.
-
Авогадро заңын тұжырымдаңдар.
-
Молекулалардың хаосты қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы жүйенің температурасымен қалай байланысқан?
-
Үйге берілген есептердің орындалысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Термодинамикалық параметрлерді бір -бірімен байланыстыратын теңдеу газ күйінің теңдеуі деп аталады.
-универсал газ тұрақтысы.
Универсал газ тұрақтысы дегеніміз -заттың 1 молінің температурасын 1 К-ге арттыру үшін оған қанша жылу мөлшерін беру қажет екенін көрсететін физикалық шама.
-идеал газ күйінің теңдеуі. Менделеев-Клапейрон теңдеуі.
-Клапейрон теңдеуі.
Изопроцестер.
Изортермалық процесс.
-Бойль-Мариотт заңы.
Изобаралық процесс.
-Гей-Люссак заңы.
-көлемдік ұлғаюдың температуралық коэффициенті.
Аз тығыздықтар кезінде барлық газдар үшін .
Изохоралық процесс.
-Шарль заңы
1811 ж. А.Авогадро болжамы: бірдей қысым мен температурада газдың бірдей көлеміндегі молекулалар саны тең.
Мольдік көлем:
Үлестік қысым деп газ қоспасының әрбір газы осы көлемді жалғыз өзі алатын кездегі қысымды атайды. Дальтон газ қоспасының қысым осы қоспаға кіретін барлық газдардың үлестік қысымдарының қосындысына тең екенін тағайындады.
Дальтон заңы:
IV. Есептер шығару: 9-жаттығу. №1, №2, №3.
V. Үйге тапсырма. §4.6. 9-жаттығу. №4, №5, №6.
VІ. Бағалау.
VІІ. Қорытындылау