7


  • Учителю
  • Конспект урока на тему 'Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы'

Конспект урока на тему 'Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы Жалпы мақсаты Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы туралы ақпарат беру.Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы формулаларын пайдаланып есептер шығаруға үйрету.Топпен жұмыс жасауға үйрету Күтілетін
предварительный просмотр материала

Сынып:8а Мерзімі:2.02.15

Тақырыбы:

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы

Жалпы мақсаты

  • Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы туралы ақпарат беру.

  • Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы формулаларын пайдаланып есептер шығаруға үйрету.

  • Топпен жұмыс жасауға үйрету

Күтілетін нәтиже

  • Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы туралы білетін болады.

  • Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы формулаларын пайдаланып есептер шығаруды үйренеді.

  • Топпен жұмыс жасай алатын болады.

Негізгі идеялар


Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Мәтінмен жұмыс»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Есептер шығару»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «Кеңейтілген тапсырма»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру. (3 минут)

1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.2. Өлшеуіш құралдарының (электроскоп, амперметр, вольтметр, реостат) суреттерін әр түрлі фигураларға (мысалы электроскопты үшбұрышқып беске бөлеміз) қию арқылы сыныпты 4 топқа бөлеміз. (ұшбұрыштар бір топ, квадраттар екінші топ, тіктөртбұрыштар үшінші топ, қисық көп бұрыштар төртінші топ)

ІІ. Миға шабуыл ( 5 минут)

Оқушылар сурет қиындыларын құрастырып қандай өлшеуіш құралы екенін және осы құралмен нені өлшейді, жалпы өлшеуіш құралына байланыстының барлығын түсіндіріп береді.

ІІІ. Жаңа сабаққа көшу үшін берілетін сұрақтар (сұрақ қою техникасы) (5 минут)

  1. Елімізде 2017 жылы не өтейін деп жатыр? (ЭКСПО 2017 көрмесі)

  2. Осы көрменің тақырыбы қалай аталады? (Болашақ қуаты)

  3. Осы қуат деген сөзді бұрын естулерің барма? ( 7 сыныпта механикалық қуат)

  4. Қуат неге байланысты? (жұмыс)

(Осылай сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар өздері жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын біледі.)

Жаңа сабақ: «Токтың жұмысы мен қуаты.Джоуль-Ленц заңы»

ІV. Топтық жұмыс «Мәтінмен жұмыс» (13 минут)

Берілген мәтінді әр оқушы өз бетінше оқиды. Келесі кезекте топтарға төмендегі сұрақтар таратылады.

  1. Электр тогы жұмысының формуласы қалай өрнектеледі, өлшем бірлігі қанадй?

  2. Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңын пайдаланып ток жұмысының формуласын өрнектеп беріңдер?

  3. Электр тогы қуатын есептеуге арналған формуланы қорытып шығарыңдар, өлшем бірлігін ата?

  4. Джоуль-Ленц заңы қалай жазылады,түсіндір?

Берілген сұрақты топта өзара талқылайды. Әр топтың баяндамашылары сұраққа кезектесіп жауап береді. (Жауаптарын критериий арқылы формативті бағалайды.)

V. Жұптық жұмыс «Есептер шығару» (10 минут)

  1. Егер шаңсорғыш кернеуі 220 В, ток күші 0,5 А қалалық желіге қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 0,5 сағ ішінде қанша жұмысжасайды?

  2. Троллейбустың электрқозғалтқышы 200 А ток күшін тұтынады және 600 В кернеумен жұмыс істейді. Оның қуаты қандай?

  3. Ток күші 5 А желіге жалғанған кедергісі 30 Ом электр пешінен 1 мин-та қанша жылу бөлінеді?

Жұптар өз есебін үлгіге қарап бағдаршам арқылы (1 қатені жасыл, 2 қатені сары , 3 қатеден жоғарыны қызыл түспен) формативті бағалайды.

VI. Жеке жұмыс «Кеңейтілген тапсырма» (Оқушылар 1-ші тапсырманы алып жауап берген соң 2-шіні алады, оған жауап беріп 3-ші тапсырманы алады) (6 минут)

1-тапсырма. Сәйкестендіріңіз.

Анықтамасы

Формуласы

Өлшем бірлігі

Электр тогының жұмысы - ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең

P=I·U

Вт

Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп,олардың көбейтіндісін табу керек

Q=I2 ·R·t

Дж

Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады

A=I·U·t

В

2 -тапсырма. Берілген кестені толтырыңыз.

Анықтамасы

Формуласы

Өлшем бірлігі

Электр тогының жұмысы - ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең

Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп,олардың көбейтіндісін табу керек

Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады

3-тапсырма. Бүгінгі тақырыпта танысқан формулалар мен өлшем бірліктерді жазыңыз.

VII. Кері байланыс. (3 минут)

Рефлексия.(Маған ұнады,қиын болды.)

Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта не ұнады, не қиын болғаны жайлы немесе қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі.

Кейінгі тапсырмалар

21-жаттығуды шығару.

Кейінгі оқу

§ 42 оқу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал