7


  • Учителю
  • Жылулық сәулелену. Абсолют қара дене. Қара құрдым.

Жылулық сәулелену. Абсолют қара дене. Қара құрдым.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жылулық сәулелену. Абсолют қара дене. Қара құрдым.

Мақсаты:

Білімділік: жылулық сәулелену, абсолют қара дененің сәуле шығаруы және Стефан-Больцман заңын түсіндіруде көрінетін ақ жарық, инфрақызыл, ультракүлгін сәулелердің айырмашылығы, абсолют қара дене мен қара құрдым арасындағы айырмашылық, жылулық сәулелердің жиілікке тәуелділігі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін дамытуға дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: эксперимент пен теорияның арасындағы қарама-қайшылықты түсіндіру, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, электрондық оқулық, плакаттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі-2 минут

Сыныпты сыныпты 4 топқа бөлеміз. Сабақтың бірінші сатысында ой шақырып, оқушының қызығушылығын ояту. Әр топқа бір сұрақтан қоямын. «Электромагниттік толқындар» тақырыбын еске түсіремін. (8 минут)

ІІ. 1. Электромагниттік толқындарға қандай толқындар жатады?

(ақ жарық, ультракүлгін, инфрақызыл, рентген, радиотолқындар)

2. Осы аталған толқын түрлерінің жиілігін кім атап береді?

Электормагниттік толқындардың қасиеттері3. а) электромагнитік толқындар не тасымалдайды?

(электромагниттік толқындар энергия тасымалдайды)

ә) ультракүлгін, инфрақызыл, рентген, радиотолқындарды біз көре аламыз ба?

(бұл аталған толқындарды немесе сәулелерді біздің көру жүйелеріміз сезбейді)

4. осы аталған сәулелердің шығу көздерін кім атап бере алады?

  • ақ жарық-күн, жұлдыздар шығарады;

  • ультракүлгін-қызған денелерден, пештер, электр қыздыру приборлары;

  • инфрақызыл-күн;

  • Рентген-рентген түтіктері;

  • Радиотолқындар-тербелмелі контур.

Оқушылар, осы элктормагниттік толқындар туралы алған білімдерімізді одан әрі қарай тереңдете түсеміз. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Жылулық сәулелену. Абсолют қара дене. Қара құрдым.



ІІІ. Сабақтың ІІ сатысында «Мағынаны ажырату» үгін өзара оөу әдісін пайдалану. Ол үшін берілген параграфты 4 топқа бөлемін. Әр топқа бір сұрақтан қоямын. 15 минут (плакат таратып беру)

  1. Жылулық сәулелену дегеніміз не? Денелердің температураларына байланысты сәуле шығару қалай өзгереді, табиғаты қандай?

  2. Абсолют қара дене мен қара құрдым арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты ата?

  3. Абсолют қара дененің сәуле шығару қабілеті қандай шамаларға тәуелді?

  4. Денелердің сәуле шығару қабілетін неге классикалық теориялар түсіндіре алмады?

ІҮ. Біз жаңа сабаққа байланысты негізгі ұғымдармен таныстық. Енді ,

А) жалғыз жолды жаңалық

Ә) сабақты әдеп-ғұрып, ырым, салт-дәстүрмен байланыстыру

Б) бес жолды өлең құрастыру (8 минут)

Ү. Сабақтың келесі сатысында әр топ бір сұрақтан дайындайды, қалған топ оқушылары жауап береді. (5 минут)

ҮІ. Сөзжұмбақ құрастырып, оны қорғау (7 минут)

ҮІІ. Қорытындылу. Бағалау (1 минут)

ҮІІІ. Үйге тапсырма тақырыпты оқу. 7 сөйлемнен аспайтын эссе жазып келу.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал