- Учителю
- Открытый урок по физике на тему Тақырыбы:Электромагниттiк толқындар энергиясы. Электромагниттiк толқындардың қасиеттерi
Открытый урок по физике на тему Тақырыбы:Электромагниттiк толқындар энергиясы. Электромагниттiк толқындардың қасиеттерi
№41 К.Әзірбаев атындағы орта мектеп
БЕКІТЕМІН:
Мектеп директоры
Акрамов К.С.
____________________
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Электромагниттiк толқындар энергиясы. Электромагниттiк толқындардың қасиеттерi»
Өткізген: Жамболова А.К
Қатысқан: 11а-сынып
2015-2016 оқу жылы
Күні: 13.10.2015 ж
Қысқа мерзімді жоспар 11 А- сынып
Сабақтың тақырыбы: Электромагниттiк толқындар энергиясы.
Электромагниттiк толқындардың қасиеттерi.
Сілтеме: Білім беру стандарты, жоспар
Жалпы мақсаты: ЭМТ энергия тасымалдайтыны туралы және эмт
қасиеттері жайлы түсінік алады.
Күтілетін нақты нәтиже:
• • ЭМТ негізгі сипаттамасы эмт ағынының тығыздығы екенін біледі
.
• • Толқын энергиясының қашықтыққа байланысты өзгеретінін , оның
тербеліс жиілігіне тәуелділігін игереді.
• •ЭМТ шағылуы, поляризациясы, интерференциясы және дифракциясы
сияқты қасиеттеріне түсініктеме береді
Негізгі идеялар: Электромагниттік толқындар қасиеті
Әдіс - тәсілдер:
Серпілген сауалдар
Жұптық жұмыс
(Семантикалық карта)
Топтық жұмыс
Еркін жазу
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
- Топқа бөлу (өріс,толқын, энергия сөздері арқылы)
Үй жұмысын тексеру:
«Серпілген сауалдар» сұрақ қою тәсілі арқылы оқушылар бір біріне
өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап береді
Семантикалық карта
Формула шешу:
Формула: 2π/Т, Іmcosωt ,2π/ω, 3*108м/с, сТ.
λ = сТ
і = Іmcosωt
Т= 2π/ω
ω= 2π/Т
с = 3*108м/с
Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
Мағынаны тану: Мәтінмен жұмыс жасап, постер қорғау керектігін
айтамын. Мәтінді топтарға тақырыпшалар бойынша бөліп беремін
Ой толғаныс кезеңі:
Бекіту кезеңі:
І.А деңгейіне №989 (Р) есеп
В деңгейіне № 991 (Р) есеп
С.деңгейіне №986 (Р) есеп
Есеп шығару үлгiлерi
№989. Электрлiк тербелiстерiнiң периоды 10-6 с болып келетiн толқын көзi, ұзындығы қандай толқын шығарады.
Шешуi: Шығарылған толқын ұзындығы
өрнегiмен анықталады. Ал, тербелiс жиiлiгi мен периоды келесi қатынаспен байланысқан:
Онда,
Жауабы: 300 м.
№ 991.Радиоқабылдағыштың тербелмелi контурының индуктивтiлiгi 2мГн, ал оның сыйымдылығы 70 мкФ-тан 120 мкФ-қа дейiн өзгеретiн болса, радиоқабылдағыш қабылдайтын толқын жиiлiгiнiң диапозонын анықтаңыз.
Шешуi: Радиоқабылдағыш қабылдайтын толқынның жиiлiгi төмендегi өрнекпен анықталады:
мұндағы толқын ұзындығы
Бұл өрнектi пайдаланатын болсақ, конденсатор сыйымдылығының өзгеру мәндерiне сәйкес келетiн толқын жиiлiктерi:
Сонымен, толқын жиiлiгiнiң диапазоны
Жауабы:
№986. Катушка арқылы өтетiн ток 1 А - ге 0,6 с-қа тең уақытта өзгеретiн болса, онда 0,2 мВ ЭҚК индукцияланады. Тербелмелi контуры индуктивтiлiгi осындай катушкадан және конденсатордан тұратын генератор, ұзындығы 2450 м радиотолқын шығару үшiн конденсатор сыйымдылығы қандай болу керек.
Шешуi: Тербелмелi контур шығаратын толқын ұзындығы:
мұндағы L - катушканың индуктивтiлiгi. Оны анықтау үшiн тiзбекте пайда болатын ЭҚК өрнегiн жазалық. Оның модулi:
бұдан, катушканың индуктивтiлiгi:
Онда, конденсатор сыйымдылығы
Жауабы: 14,1 нФ.
ІІ. «Еркін жазу»
Еркін жазу
Сабақтан қандай әсер
алдың?_______________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Не
үйрендің?__________________________________________________________________________
Нені үйренгің
келеді?___________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Бағалау
-Ынталандыру
-Бірін-бірі бағалау
-Кері байланыс
-"Екі жұлдыз бір тілек"
Үй тапсырмасы:
1) Тақырып бойынша ғаламтордан қызықты мәліметтер іздеу
Пайдаланған әдебиет - С.Тұяқбаев «Физика» оқулығы,
- 11 сыныпқа арналған электронды оқулық
- Рымкевич есептер жинағы.
- Интернет.