7


  • Учителю
  • 8-Сыныптағы физика-химия пәнінің байланысына сабақ жоспары 'Отынның энергиясы'

8-Сыныптағы физика-химия пәнінің байланысына сабақ жоспары 'Отынның энергиясы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Молекулалық теория тұрғысынан жану процесін түсіндіру, отынның меншікті жану жылуының физикалық мәнін түсіндіру, осы құбылыстың ауыл шаруашылығында қолданысын түсіндіру. Отынды пайдалану атомдардың бірігуі кезінде энергияның бөліну құбылысына негізделген. Отынның б
предварительный просмотр материала

Б.Момышұлы атындағы Алматы Республикалық әскери мектеп -интернатының физика пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Жакуова Айнур Бакытовна

8-сыныптағы физика-химия пәнінің байланысына сабақ жоспары

«Отынның энергиясы».

Мақсаты:

1.Молекулалық теория тұрғысынан жану процесін түсіндіру, отынның меншікті жану жылуының физикалық мәнін түсіндіру, осы құбылыстың ауыл шаруашылығында қолданысын түсіндіру.

2.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, жаңа формуланы пайдаланып есеп шығаруға үйрету.

3.Физика мен химияны оқыта отырып табиғатты аялауға үйрету.

Сабақ түрі: жаңа сабақты түсіндіру

Құрал-жабдық: отынның түрлері

Демонстрация: малахитті жіктеу реакциясы; бірігу .

Мультимедиялық проектор.

Сабақ барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: сабақтың мақсаты, үй тапсырмасын жазу (§10, 5 жаттығу (2,3)).

Бұрынғы білімді пайдалану:

Энергияның қандай түрлерін білеміз?

Ішкі энергия дегеніміз не?

Қандай тәсілмен ішкі энергияны өзгертуге болады? (экранда таблицаны көрсету «Ішкі энергияның өзгерту тәсілдері»)

Энергияны өзгертудің қандай түрін біз пайдаланып отырмыз? (жылу берілу)

Жылу берілуде ішкі энергияның өзгерісін қалай табуға болады?

Жаңа білімді игеру

Физика мұғалімі: ішкі энергияны тек жылу берілуде ғана емес сонымен қатар отынның жану процесінде пайдалануға болады.

Физика мұғалімі: Отынның қандай түрлерін білесіңдер?

Оқушылар: шым тезек, көмір, бензин, ағаш және т.б.

Физика мұғалімі: жанудың ішкі белгілері қандай?

Оқушылар: от, жарық, жылу.

Физика мұғалімі: отынның жану процесінде неліктен энергия бөлінетінін анықтап көрейік? Ол үшін заттың құрылысын еске түсірейік.

Химия мұғалімі: зат неден тұрады?

Оқушылар: барлық затар молекуладан тұрады. Олардың арасында аралық бар.

Химия мұғалімі: олардың арасында аралық болуына қарамастан заттар неге жеке атомдарға ыдырамайды?

Оқушылар: молекуланы атомға ыдырату үшін тартылыс күшін жеңу керек, ол үшін жұмыс атқарылуы керек, яғни атомның энергиясын ұлғайту керек.

Химия мұғалімі: мұны мына мысалдан байқауға болады: - малахит.

Малахитті ыдырату реакциясын демонстрациялау:

Малахит (эндо)

Химия мұғалімі: атомдарды біріктіру кезінде керісінше энергия бөлінеді. Жану кезінде атомдардан молекула түзіледі.

Бірігу реакциясына демонстрация:

көмір (Экзо)

Физика мұғалімі: отынды пайдалану атомдардың бірігуі кезінде энергияның бөліну құбылысына негізделген. Отынның барлық түрлерінің ішкі энергиясы бар, ол көптеген жылдар бойы күннің сәулеленуі нәтижесінде оларда жинақталған. Жану кезіндегі бөлінген энергияны есептей білу керек. отын жанғанда қаншалықты энгергия бөлінгенін қалай білуге болады? бұл үшін зертханалық жағдайда 1 кг отын жанғанда қанша энергия бөлінетінін анықтау қажет. Бұл шаманы меншікті жану жылуы деп атайды және q әрпімен белгілейді.

Массасы 1 кг отын толық жанғанда қанша жылу мөлшері Q бөлінетінін көрсететін физикалық шама отынның меншікті жану жылуы деп аталады.

Физика мұғалімі: кебу отынның нені білдіреді?

Оқушылар: бұл дегеніміз 1 кг отын жанғанда энергия бөлінеді деген сөз.

Физика мұғалімі: ал m кг ағаш жанғанда қанша энергия бөлінеді?

Оқушылар:

Физика мұғалімі: жылу мөлшерін есептеу формуласын мына сызба түрінде есте сақтауға болады:

Оқушылардың өзіндік жұмысы:

Физика мұғалімі: шартын жазып, оны шығару (тақтада 2 оқушы шығарады, қалғандары жұмыс дәптерлерінде орындайды)

Мысалы:

Берілгені: шешуі:

Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарын тексеріп бағалайды.

Химия мұғалімі: отын қайда пайдаланылады?



Оқушылар: бөлмені жылытуда, ас әзірлеуде, электр энергиясын өндіруде және т.б.

Викторина (экранда пайда болады)



(дұрыс жауап берген оқушыларға жетон беріледі)

1. Мәтелдің физикалық мағынасын анықтаңдар?

Отын лаулап жанды - моншада бу пайда болды,

Отын жоқ болып еді -барлығы жоғалды.

Жауабы: ағаш жанып жатқанда -энергия бөлініп, температура жоғарылайды, ал ағаш жануын тоқтатқанда температура төмендейді

2. Жұмбақты шешу:

Отын берсең -жейді

Су берсең - өшеді. (от)

Сабақты қорыту. Рефлексия



Бүгін қандай мәселені талқыладық?

Сабаққа қатысуларың бойынша өздеріңді бағалаңдар (оқушылар бал жазылған карточкаларды көтереді):

"5" - тақырыпты түсіндік, оны түсіндіре аламыз;

"4" - тақырыпты түсіндік, оны түсіндіре алатынымызға күмәнданамыз;

"3" - тақырыпты дұрыс түсінбедік.

Үйге тапсырма.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал