- Учителю
- Баяндама -Физика-математика пән негіздерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жоғарылату – заманауи сапалы білімге жетудің шарты
Баяндама -Физика-математика пән негіздерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жоғарылату – заманауи сапалы білімге жетудің шарты
Ақмола облысы,
Бурабай ауданы,
«Бурабай» республикалық оңалту орталығы.
Физика пәнінің мұғалімі.
Санаты бірінші.
Жұмыс өтілі: 14 жыл.
Мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі дегенді оның педагогикалық іс әрекетті жүзеге асыруға теория жағынан және практикалық тұрғыдан дайындығы деп түсінуге болады.
Физика-математика пән негіздерін оқытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жоғарылату - заманауи сапалы білімге жетудің шарты.
Дамып келе жатқан мемлекетке қазіргі заманғы біліммен қаруланған, іскер, өздігінен ойлай алатын, өздігінен таңдау жасай алатын, жан-жақтылығымен көзге түсетін, мәдениаралық байланысқа дайын, елінің тағдырына, әлеуметтік-экономикалық гүлденуіне жауапкершілік сезімі қалыптасқан адам қажет.
Алдағы 12 жылдық білім беру стандартында белгіленген жалпыұлттық деңгейдегі орта жалпы білім берудің басты мақсаты Елбасы Жолдауы талаптарымен ұштасады, яғни Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындау.
"Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білім", деген ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің аталы сөзін еске салып, өсіп келе жатқан ұрпақ болашағы біздің қолымызда. Отанымыздағы жасалып жатқан білім реформасының мақсаты, әлемдік білім стандартына қол жеткізу. Осыны күнделікті жұмысымызда тиімді пайдалану бізге жүктеліп отыр. Басты мақсат сапалы білім беру. Оқушыларды парасатты, Отан сүйгіш етіп қалыптастыру басты міндетіміз. "Жиырмасыншы ғасыр - білім-ғылым ғасыры" деп Елбасы атап өткендей, жаңа ғасырда білім мен ғылымды ұштастыра отырып, жас ұрпақты тәрбиелеп, Отан дамуына бар күш-жігерімізді жұмсауға тиістіміз. Қалай десек те білім мен білік қоғам өркендеуінде түпқазық екені сөзсіз. Ендеше біздің ұрпақ алдындағы қарызымыз бен парызымыз ерекше.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында: "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; … оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу", деп атап көрсетілген. Бүкіл дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл өзгерістер педагогика теориясы мен оқу-тәрбие жүйесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімнің іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі. Білім мазмұнының жаңаруы, оқыту үдерісіне инновациялық технологиялардың енуі осы сала мамандарының кәсіби біліктілігі деңгейіне қойылатын талаптардан айқындалады.
Педагогикалық Білім концепциясында «мұғалім өз пәнін міндетті түрде терең білуге тиісті, бірақ сонымен қатар оқу үрдісіне қатысатын мүмкіндіктердің өз орнын біліп оны уақытында бағыттап, нәтижеге жетелеп, дер кезінде түзетулер енгізе алатын құзіретті тұлға болуы керек» делінген. Құзіретті мұғалім дегеніміз : адамның өз мамандығы бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі. Биылғы шыққан 12 жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілік талаптарында былай делінген:
Мұғалім психологияны, педагогиканы, тәрбиелеу теориясын, педагогикалық технологияларды, құқықтық нормаларды білуге міндетті.
Мұғалім не істей білуі керек:
-
мемлекеттік стандартты сараптап, өз іс-әрекетіне сәйкес қолдана білу;
-
өз жұмысында басқару функциясын орындай білу (сыныпты, оқу үрдісін басқару т.б.)
-
кәсіби мониторингтің нәтижелерін қолдану
-
педагогикалық технологияларды сабақ үрдісінде қолдана білу
-
мемлекеттік тілді және шетел тілін кәсіби деңгейіне сәйкес қажетті қолдана білу
Міне осыдан мұғалімнің құзіреттілігі көрінеді.
Қазіргі кезде мектептердің жаратылыстану-математика пән негіздерін оқытуға үлкен талап қойылып отыр. Сондықтан, жаратылыстану-математика пән негіздерін оқытатын мұғалімдерге де қойылатын талаптар өсіп отыр:
-
Ол жаратылыстану-математика пәндері бағытына сай білім алған жоғары деңгейлі маман болуы керек;
-
Ол білім беру процесінің жеке тұлғаға бағытталған болуын және вариативтілігін қамтамасыз етуге дайын болу керек;
-
Ол оқыту процесінің жобалық-ізденушілік және коммуникативтік әдістерін жетік меңгеруі керек.
Сабақ оқыту процесінің негізгі құрамдас бөлігі болғандықтан, білім сапасының деңгейі сабақтың жүргізілуімен, оның мазмұны және әдістемелік толықтығымен анықталады. Осы сабақта мұғалім оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, олардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, әр оқушының шығармашылық ойлау қабілетін арттыруға мүмкіндіктер жасауға тиіс.
Қазіргі заман талабына сай сабақтарды ұйымдастыру арнайы ережелердің орындалуына байланысты. Ол ережелер:
біріншіден, сабақтың мақсаттарын анықтау,
екіншіден, сабақтың түрін таңдап алу,
үшіншіден, қойылған мақсаттарға байланысты сабақты ұйымдастырудың әдіс тәсілдерін таңдау,
төртіншіден, сабақтың мақсаттарына байланысты, мазмұнына және әдіс тәсілдеріне байланысты сабақтың құрылымын анықтау.
Осы ережелерге толығырақ тоқталып өткім келеді.
І. Мақсат дегеніміз өзіміз жүргізіп отырған іс-әрекеттің нәтижесі, яғни, мұғалімнің басшылыққа алып отырған негізгі бағыты болуға тиіс. Сондықтан, сабақтың мақсаттары нақты түрде көрсетілуі керек
Сабақтың оқыту мақсаттары оқушылардың қандай білім, машықтарын алуы керек екенін көрсетеді, яғни нақтыландырсақ, мыналарды көрсетуіміз керек:
-
Оқушылардың (не туралы?) заңды, белгілерді, қасиеттерді, ерекшеліктерді меңгеруін қалыптастыру;
-
Оқушылардың алған білімдерін, машықтарын жүйелеу (нақты қандай тақырып бойынша?)
-
Оқушылардың машықтарын жетілдіру (қандай?)
-
Оқушы біліміндегі кемшіліктерді жою (қандай кемшіліктер?)
Сабақтың тәрбиелік мақсаттарын құрған кезде оқушылардың жас ерекшеліктері, псхологиялық ерекшеліктері ескерілуі керек. Жалпы сабақта тәрбиенің келесі мақсаттарын жүзеге асыруға болады:
-
патриоттықты тәрбиелеу;
-
өнегелілікке баулу;
-
еңбекке деген жақсы көзқарасын қалыптастыру;
-
білімге деген жақсы көзқарасын қалыптастыру;
-
тәртіпке баулу;
Сабақтың дамытушылық мақсаттары оқушылардың психикалық қасиеттерін (ойлау, танымдық) дамытуға және ерік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға бағытталуға тиіс.
-
Ойлау қабілеттері: аналитикалық ойлау қабілеті, сараптау қабілеті, абстракты ойлау қабілеті.
-
Танымдық қабілеттері: жоспар, тезистер құра білу, конспект жасау, байқау, тәжірибе жасау, проблема құру, жорамалдар жасау және оның шешу жолдарын таба білу.
-
Оқу еңбегі машықтары: қажетті деңгейде оқу, жазу, есептеу, сызу.
-
Ерік және өз бетінше жұмыс істеу машықтары: өзіне деген сенімі, белсенділігі, мақсат қоя білуі, қиындықты жеңе білуі, өз бетінше қойылған мақсатқа жете білуі.
ІІ. Сабақтың түрлерін анықтау.
Әр мұғалім өз тәжірибесінде сабақтың мынадай түрлерін жүргізеді деп ойлаймын, бұл ешқандай жаңалық емес шығар:
-
лекция сабақтары
-
әңгімелесу сабақтары
-
практикалық жұмыстар сабағы
-
зертханалық жұмыстар
-
саяхат сабағы
-
семинар сабақ
-
дидактикалық ойындар
-
концерт сабағы
-
сот сабағы
-
білімді байқау сабағы
-
аукцион сабағы
-
сайыс сабағы
-
брифинг сабағы
-
ауызша сұраныс сабағы
-
жазбаша сұраныс сабағы
-
бақылау сабақтары, т.с.с.
ІІІ. Сабақтың әдіс тәсілдерін таңдау. Дамыта оқыту териясында әдіс-тәсілдер жүйелері анықталған және олар оқушы мен оқытушының мақсаттарына байланысты, қарым-қатынасына байланысты, оқыту процесі мен пән ді оқытудағы проблемеларға байланысты құрылған. Олар:
-
монологтық әдіс
-
диалогтық (сұхбат жүргізу) әдіс
-
эвристикалық әдіс
-
ізденушілік әдіс
-
алгоритмдық әдіс
-
программалық әдіс.
Бұл әдістерге тоқталмай-ақ қоюға болады, себебі, бәріміз де бұл әдістерді жетік білеміз деп ойлаймын.
ІҮ. Сабақтың құрылымын анықтау.
Сабақтың құрылысы дегеніміз сабақ бөлімдерінің арасындағы тығыз байланыс. Бірақ, дәстүрлі сабақ құрылысы көптеген мақсаттарға жетуге жолымызды тежейді деп те айтуға болады, өйткені, бұл құрылым оқушыларға түсінік беру, бекіту және тапсырма берумен ғана шектеледі. Ал, жаңа білім негіздерін қалыптастыруда және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда мұндай құрылым жеткіліксіз.
Құзіретті ұстаз тек оқытушы ғана емес, оқу-тәрбие үрдісінің білікті менеджері болуы керек. Өйткені, өзі тәрбиелеп отырған оқушылардың жеке тұлғалық болмысын зерттеп, логикалық анализ жасап, кемшіліктер себебін анықтап, педагогикалық процеске коррекция жүргізе алуы қажет. Сол арқылы ол өзі тәрбиелеп отырған оқушыларға дұрыс бағыт беруге ұмтылуы керек. Сондықтан, сабақтың құрылымын анықтауға әр ұстазға шығармашылығын жүзеге асыруға, яғни сабақты өз оқушыларының ерекшеліктеріне, өзінің мүмкіндіктеріне байланысты құруға рұқсат берілуі керек деп ойлаймын.
Сонымен, мұғалім сабақтың дидактикалық мақсатын құрды. Бұл оның кәсіптік шеберлігінің, кәсіптік құзыреттілігінің ең маңызды көрсеткіші болып табылады.
Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуында мұғалімдер шешуші рөл атқарады. Яғни, мектептерде өткізілетін сабақтар, конференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар - жеке тұлғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалыптастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады, сонымен қатар оқушылардың құзіреттілігін арттырудың кепілі болады деп сенімді түрде айта аламыз.
Құрметті қауым, әріптестер! Бүгінгі менің баяндамам кез келген пән негіздерін оқытудағы мұғалімнің құзыреттілігін арттыру - оқушы құзіретін арттырудың кепілі екендігін дәлелдеп отыр.
Назарларыңызға көп рахмет!
5