7


  • Учителю
  • Физика пәні 'Еркін және еріксіз тербелістер' тақырыбында. (9 Сынып)

Физика пәні 'Еркін және еріксіз тербелістер' тақырыбында. (9 Сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Сыныбы: Күні:

Сабақтың тақырыбы: Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс туралы түсініктерін қалыптастыруда өз бетімен және топпен оқу арқылы теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру..

Дамытушылық: Оқушының алдына сұрақ қою арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін , есте сақтау және қабылдау дәрежесін жетілдіру. Танымдық дағдысын дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Оқушылардың сабақ кезінде қолданылатын қондырғылар арқылы зерек болуға, приборлармен жұмыс істеу арқылы еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру. Көпшіл, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

-өз бетімен, топпен жұмыс істей отырып, еркін және еріксіз тербелістер, резонанс туралы тәжірибе жасау арқылы түсініктері қалыптасады.

- түсініктерін есеп шығаруда қолданады.

Көрнекіліктер: Максвель маятнигі, слайд, серіппелі және математикалық маятник, бағалау парағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтық, деңгейлік

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

- оқушылармен сәлемдесу;

- оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

-оқушылардың оқу құралдарын тексеру;

-оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Барлық оқушы ортаға шығып,сабақтың ұранын айту.

Сабақтың ұраны: Білегі күшті бірді жығады,

Білімі күшті мыңды жығады.

Бірінші және екінші деп санау арқылы топқа бөлінеді.

Орындарына отырып, топ басшысын сайлау,бағалау парағын беру.

Топтың ережесімен танысу.

1.Ұйымшылдық

2. Топпен бірге болу

3.Уақытты үнемдеу

4. Бірін - бірі тыңдай білу

5.Пікір алмасу

6. Белсенділік көрсету

7.Өзара көмек

8. Мәдениетті қарым-қатынаста болу

9. Сынды қабылдай білу

10. Топ басшысының әділ бағалауы

ІІ. Сабақтың құрылымы:

Сабақ төрт деңгейлік бөлімнен тұрады, олар үйренушілік-оқытушылық,эвристикалық, алгоритмдік және шығармашылық бөлімдер.

А. Үйренушілік-оқытушылық деңгей бойынша

ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау -Алдыңғы тақырыпта оқылған материалдарды еске түсіру -Белсенді әрекетке жұмылдыру -Ойлау жұмысына ынталандыру

Тест

1.Тербелмелі қозғалыстың басқа қозғалыстардан айырмашылығы

А. Бір қалыпсыз В. Периодты С.Қисық сызықты

2. Дененің тепе - теңдік күйден ауытқуы

А. Ығысу В. Период С. Жиілік

3.Толық бір тербеліс жасауға кеткен уақыт аралығы

А. Амплитуда В. Период С. Жиілік

4.Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны

А. Ығысу В. Период С. Жиілік

5. Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуы

А. Амплитуда В. Период С. Жиілік

Таблицаны толтыру.

Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар

Шаманың белгіленуі

Формуласы

Өлшем бірлігі

1

2

3

Орындап болғаннан кейін жауаптарын экраннан көрсету. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беру топ басшысына ескертіледі.

ІҮ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбын дәптерге жазу.

В.Эвристикалық деңгей

Жаңа сабақ бойынша екі топқа сұрақтар беріліп, оқушылар жеке және топпен оқи отырып,түсіну. Берілген тапсырма бойынша әр топ өз білімдерін көрсетеді.

І топқа

1.Еркін және еріксіз тербелістер туралы түсінік

2. Еркін және еріксіз тербелістердің айырмашылығы қандай?

ІІ топқа

1.Резонанс құбылысы туралы тусінік

2. Резонанс құбылысының пайдалы және зиянды жақтары

Тәжірибелер және тірек сызбалар арқылы түсіндіру.

Сергіту сәті.

С. Алгоритмдік деңгей бойынша есептер шығару.

Р. №430 есеп (ауызша)

І топқа

Рельстердің жалғасу аралығы 12,5м болса поезд қандай жылдамдықпен қозғалғанда вагонға ілінген тербеліс жиілігі 1,5Гц-ке тең жүк аса қатты тербеледі?

ІІ топқа

Бала шелекпен су әкеле жатыр. Шелектің меншікті тербеліс периоды 0,8с, баланың әрбір қадамының ара қашықтығы 60см, егер бала 0,75м/с жылдамдықпен жүрсе резонанс құбылысы байқала ма?

Екі топтан екі бала тақтаға шығару.

Д. Шығармашылық деңгей

Сөзжұмбақ және ребус шешу.

Ү.Сабақты қорытындылау (Ертегі тыңдау)

Ерте, ерте , ертеде Тербеліс деген қарапайым қарт адам болыпты. Қарттың екі баласы болған екен. Олардың біреуінің аты Еркін, екіншісінің аты Алаңсыз екен.

Бірінші баласы айтқанға елп ете қалатын жақсы азамат болып өсіпті. Оны жұрт ата тегін қоса айтып Еркін Тербеліс деп атайды. Ал екіншісі жалқаулау, айтпаса ештеңе істемейтін, істеседе еріксіз амалсыздан істейді екен. Оны жұрт Еріксіз Тербеліс деп атапты.

Еркін де Алаңсыз да жұмсаған жерлеріне уақытымен барып, уақытымен қайтып отырыпты. Сондықтан оларды қатал тәрбиеленген периодты балалар деп атапты. Олар істеген істерін аз болсын, көп болсын күнделік қылып жазып отырыпты. Сондықтан жұрт гармониялық тербелістер деп атапты. Яғни әдепті жанұя деген сөз екен.

Кейбір кездері ағайындылар келісе алмай жанжалдасып қалатын кездері де болады екен. Бұл жағдайларды резонанстық сәттер деп атаған.

Өмірдегі небір қиындықтарды көріп, жұмыс істемесе ешкімге керек болмағанын білген Алаңсыз «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық сөзін есіне түсіріп, ешкімнің көмегінсіз-ақ өзінің күш жігерін жинап еңбек ете бастайды. Бұны көрген туыстары, дос жарандары оны енді Автотербелістер деп атапты Авто-өзіндік күш-қуаты мол деген сөз екен. Тербеліс қарттың балалары ер жетіп үйленіп, Толқын атты немересі болыпты .Ол туралы ертегіні келесі толқындар тарауын оқығанда айтып беремін....

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.

§28 оқып келу

Р. №431 есеп

Әрқашан сіздермен бірге

Дем алу үшін -ауаң,

Жылыну үшін - отың,

Шөлің қану үшін - суың,

Өмір үшін жерің болсын. - деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал