- Учителю
- 100 есеп жазғы үй жұмысы (8 класс)
100 есеп жазғы үй жұмысы (8 класс)
Жазғы үй жұмысы
8 сынып физика
-
Массасы 3кг зат 2ºC-қа суыну кезінде 2340 Дж жылу бөліп шығарса, онда заттың меншікті жылу сыйымдылығы...
-
Температурасы 25ºС, 3л суы бар кастрюль ішіне 100 ºC температурадағы 2л су құяды.Кастрюльдегі судың температурасы қандай болады?
-
Температурасы -20ºC, массасы 2кг мұзды 1,26 МДж жылу бере отырып, қыздырды.Қыздырғаннан кейінгі мұздың температурасы...
-
Массасы 1кг мыстың балқу кезінде ішкі энергиясы қаншаға артады?
-
Мұздың температурасы 0ºC.Мұзға қойылған алюминий куб толығымен мұзға батып кету үшін, алюминий кубты алдын-ала қандай температураға дейін қыздыру қажет?
-
100г эфирді буландыру арқылы қандай мөлшердегі суды 273К температурадағы мұзға айналдыруға болады? Судың және эфирдің бастапқы температуралары 293К.Жылу алмасу тек су мен эфир арасында жүреді.
-
Суретте келтірілген график бойынша массасы 2кг мұзды суға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет екенін есептеңдер.
-
Массасы 100г темір калориметр ішінде температурасы 15ºC, массасы 500г су бар.Калориметр ішіне жалпы массасы 150г болатын, 100ºC температурадағы қорғасын мен алюминий салады.Осының нәтижесінде судың температурасы 17ºC-қа дейін көтерілсе, онда қорғасынның мөлшері қандай?
-
Идеал газға 8 кДж жылу мөлшері берілді, осы кезде газдың ішкі энергиясы 14 кДж-ға артты.Газдың атқарған жұмысы:
-
Идеал газбен 10 кДж жұмыс атқарылды.Осы кезде газ 6 кДж жылу мөлшерін береді.Газдың ішкі энергиясы ...
-
Жылу машинасы қыздырғыштан 100 кДж энергия алады, ал салқындатқышқа 70 кДж энергия береді. Осы машинаның ПӘК-і қандай?
-
ПӘК-і 4% жылу машинасы 3 кДж жұмыс атқарады.Жылу машинасы қыздырғыштан қандай жылу мөлшерін алған?
-
Автомобиль 50км жолға 5,67кг бензин жұмсайды.Егер автомобильдің жылдамдығы 90км/сағ, ал ПӘК-і 22% болса, онда қозғалтқыштың қуаты қандай?
-
Суретте газдың 1-күйден 2-күйге ауысу графигі көрсетілген.Газдың жасаған жұмысын
анықтаңдар?
-
Идеал жылу қозғалтқыштың салқындатқышының температурасы 27ºC, ал қыздырғышының температурасы одан 90ºC-қа артық.Осы қозғалтқыштың ПӘК-і қандай?
-
Жылу қозғалтқышының ПӘК-і 40%.Қозғалтқыштың қыздырғыштан алған жылу мөлшері оның салқындатқышқа берген жылу мөлшерінен неше есе көп?
-
Шыны таяқшаны электрлегенде оның заряды 6,4·10Кл болды.Шыны таяқшаның массасы...
-
Егер өзара әсерлесу күші 1,8 Н болса, 0,1 мкКл және 200 нКл екі нүктелік екі заряд бір-бірінен қандай қашықтықта орналасқан?
-
Нүктелік зарядтан 12см қашықтықта электр өрісінің кернеулігі 36В/м болса, онда осы зарядтан 8см қашықтықтағы электр өрісінің кернеулігі қандай болады?
-
Екі зарядталған шар қандай да бір ортада бір-бірінен 5см қашықтықта орналасқан.Осы шарлар ауада дәл сондай күшпен бір-бірінен 10см қашықтықта әрекеттеседі.Ортаның диэлектрлік өтімділігі қандай?
-
Бір-бірінен 0,5м қашықтықта орналасқан зарядталған екі шар керосин ішінде бір-бірінен 0,34 ·10Н күшпен тебіледі.Шарлардың жалпы заряды 10Кл.Әрбір шардың заряды...
-
Массасы 1,6·10г тозаң кернеулігі 1000В/м электр өрісінде қалықтап тұр.Тозаңдағы артық электрондар саны...
-
Электр өрісінің -2·10Кл зарядты потенциалы -700В нүктеден потенциалы 200В нүктеге орын ауыстырғандағы жұмысы ...
-
Эбонит таяқшаны электрлегенде оның заряды -3,2·10Кл-ға тең болды. Эбонит таяқшаның массасы ...
-
Бір-бірінен 10см қашықтықта орналасқан екі протон арасындағы өзара әсерлесу
күші неге тең? Кл.
-
Әрқайсысының сыйымдылығы 2 мкФ конденсаторлардың екеуі параллель, үшіншісі оларға тізбектей жалғанған. Конденсаторлардың жалпы сыйымдылығы неге тең?
-
Массасы 10г май тамшысы пластиналарының арақашықтығы 2см жазық конденсатор өрісінде қалықтап тұр. Пластиналарға 1000В кернеу берілген. Май тамшысының заряды ...
-
Конденсатордың бір пластинасының электр заряды +2Кл, екінші пластинасының заряды -2Кл.Пластиналар арасындағы кернеу 5000 В.Конденсатордың электр сыйымдылығы неге тең?
-
Егер тізбектегі ток күші 8А болса, 20с ішінде өткізгіш арқылы қанша заряд өтеді?
-
Көлденең қимасы 0,5ммжәне кедергісі 8 Ом никелин өткізгіштің массасы неге тең? (никелиннің тығыздығы 8900 кг/м, меншікті кедергісі 0,42·10Ом·м)
-
Кедергісі 20 Ом өткізгіш арқылы 1мин ішінде 300 Кл заряд ағып өтсе, өткізгіш ұштарындағы кернеу қандай болғаны?
-
Тізбек бөлігі параллель жалғанған 9 және 6 Ом резистордан және тізбектей жалғанған 12 ом резистордан тұрады.Тізбек ұшына берілген кернеу 24В. Кедергісі 9 Ом резистордағы ток күші неге тең?
-
110 В-қа есептелген электр шамының қуаты 40Вт. Шамның кедергісі қандай?
-
Суретте көрсетілген схема бойынша тізбектің жалпы кедергісін анықта:
-
Кедергілері Ом, 30 Ом, 20 Ом үш резистор электр тізбегіне параллель жалғанған. Қай резистор арқылы көп ток жүреді?
-
Электр қыздырғыштың спиралі арқылы өтетін ток күші 6А.Спиральдің көлденең қимасы арқылы 4с ішінде өтетін электрондардың саны қанша?
-
Электр тізбегіне қосылған резистордың кедергісі 20 Ом.Резистордағы кернеу 50В. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1мин ішінде өтетін зарядтың шамасы қандай?
-
Отыз бірдей шам параллель жалғанып, кернеуі 220В ток көзіне қосылған.Бір шамның кедергісі 1200 Ом.Осы тізбектегі ток күші...
-
Электрқыздырғыштың кедергілері бірдей қыздырғыш элементінің екі секциясы бар.
-
Егер осы секцияларды тізбектей жалғаса оларда 300 Вт қуат бөлінеді.Егер осы секцияларды параллель жалғап және кернеуді 2 есе азайтса, онда оларда бөлінетін қуат қандай болады?
-
Суретте көрсетілген схема бойынша амперметрлердің көрсетуін анықтаңдар.
, , .
-
Кедергілері =1Ом, Ом, 3 Ом үш резистор электр тізбегіне алдымен тізбектей, сосын параллель жалғанады.Осы жағдайлардың қайсысында және қай резисторда көп жылу бөлінеді?
-
Ток күші 1А болғанда 50 мин ішінде электролиттік хромдау кезінде шардың массасы қаншаға артты? Хромның электрохимиялық эквиваленті 0,18 ·10кг/Кл.
-
Электролиз кезінде оң иондар 10с ішінде катодқа қарай +10 Кл заряд, ал теріс иондар осы уақыт ішінде шамасы осындай, бірақ теріс зарядтарды тасымалдайды. Тізбектегі ток күші неге тең?
-
Вакуумдік диод арқылы 0,1А ток жүреді. Электрондық лампа арқылы 10с ішінде қанша электрондар өтеді?
-
Мыстың электрохимиялық эквиваленті 3·10кг/Кл.Егер ваннадағы ток күші 5000 А болса, бір сағат ішінде катодта шөгетін мыстың массасы қандай?
-
Электролит арқылы 4А ток өткенде 5 мин ішінде катодта 360мг никель жиналды. Никельдің электрохимиялық эквиваленті:
-
Суретте жолақ магниттің магниттік сызықтары және 1,2,3 магнит тілшелер көрсетілген.Қай тілшеге магнит күшті, қайсысына әлсіз әсер етеді?
-
Суретте магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгіш көрсетілген.Өткізгішке әсер ететін күштің бағытын көрсетіңдер.
-
Суретте магнит полюстерінің арасында сызба жазықтығына перпендикуляр орналасқан тогы бар өткізгіш көрсетілген.Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағытын көрсет.
-
Күннің горизонттан биіктігі 46º. Жазық айнадан шағылған күн сәулелері тік төмен кету үшін жарық сәулелерінің айна бетіне түсу бұрышы:
-
Егер күнмен жарықталған, биіктігі 110см тік тұрған сырық жер бетіне 130см көлеңке, ал телеграф бағанасының көлеңкесі одан 520см артық болса, бағананың биіктігі:
-
Түсу бұрышы 54º болғанда, слюдада жарықтың сыну бұрышы 30º-ты құрайды. Слюдадағы жарық жылдамдығы:
-
Жарық сәулесі вакуумде 24см қашықтықты жүріп өтеді, ал оптикалық мөлдір ортада сол уақыт ішінде 12см қашықтықты жүріп өтеді. Ортаның сыну көрсеткіші:
-
Егер жарық сәулесінің түсу бұрышы 10º-қа азайса, онда түскен және шағылған сәулелердің арасындағы бұрыш ... азаяды:
-
Нүктелік А денесінің жазық айнада кескіні қай нүктеде болады?
-
Радиусы 4см жарқырауық шар экраннан 1м қашықтықта орналасқан.Экран мен шардың ортасында олардың центрлерін қосатын түзуге перпендикуляр радиусы 2см басқа шар орналасқан.Экрандағы көлеңкенің ауданы?
-
Бір сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болу керек?
-
Тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=36 Oм өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1 = 9В. Кедергісі R2=64 Oм болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің R3 кедергісін анықтаңдар.
-
220 В-кд есептелген түрмыстьщ электр пешінде әркдйсысының жүмыс режиміндегі кедергілері 80,7 Ом екі орама сым бар. Айырып-коскыш арқылы тізбекке бір орама сымды, екі орама сымды тізбектей немесе екі орама сымды параллель қосуға болады. Әр жағдайдағы куатты табыңдар.
-
Ток күші 0,5 А болғанда, 7,7 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады?
-
Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?
-
Кедергілері 0,5 кОм-нан әркайсысы 120 В кер-неуге есептелген, параллель қосылған он шам реостат аркы-лы кернеуі 220 В желіден коректенеді. Реостаттағы электр тоғының қуаты кандай?
-
20 кг ағаш көмірі түгел жанғанда қанша жылу бөлініп шығады? 250 г спирт жанғанда ше?
-
Массасы 400 г алюминий кастрөлде температурасы 25 С болатын 1,5 л су бар. Кастрөлдегі суды 100 С- ға дейін қыздыру үшін қандай жылу мөлшері қажет.
-
Көлемі 2 л спирт түгел жанғанда қанша жылу бөлініп шығады? Массасы 3 т мұнай жанғанда ше?
-
Массасы 200 г бір кесек мұздың температурасы 0 С. Осы мұзды ерітіп, онан шыққан суды қайнату үшін қанша жылу мөлшерін жұмсау керек?
-
Газдың көлемі 0,3 м³-тен 650 л-ге дейін ұлғайғанда 450 Дж жұмыс жасалған. Егер газ жұмыс жасау процесінде өзгермесе, онда оның қысымы қандай?
-
ПӘК-і 40 % жылу қозғалтқышы газ қыздырғыштан 5 кДж жылу алған. Қозғалтқыштың жасаған жұмысы неге тең? Қанша жылу мөлшері жоғалған?
-
Сұйық диэлектриктегі 4 нКл зарядтан 3 см қашықтықтағы өрістің кернеулігі 20 кВ/м. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі қандай?
-
Көлемі 20 л, қысымы 80 кПа-ға тең газ ұлғайғанда, 496 Дж жұмыс жасалған. Газдың соңғы көлемін анықтаңдар.
-
ПӘК-і 35 % жылу қозғалтқышы 1 с ішінде 12 кДж энергияны босқа жоғалтқан. Оның қыздырғыштан алған жылу мөлшерін анықтаңдар.
-
1мкКл және 10 нКл екі заряд 9 мН күшпен біріне-бірі қандай қашықтықтан әсер етеді?
-
Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм² никелин жасалған электр қыздырғыштың спираліндегі кернеу 220 В болғанда ток күші 4 А. Сымның ұзындығы қандай?
-
Егер темірдің бастапқы температурасы 390 С-қа тең болса, онда массасы 4 т темір сынықтарын балқыту үшін қанша энергия қажет?
-
Электр құралы 45 минут ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды. Құралдың кедергісі қандай?
-
Массасы 0,75 кг суды 200 С-тан 1000 С-қа дейін ысытуға және 250 г будың пайда болуына қанша энергия жұмсалған?
-
6,8 В кернеу кезінде ұзындығы 100 м және көлденең қимасының ауданы 0,5мм2 мыс сымынан өтетін ток күшін есептеңдер.
-
Электр қозғалтқыштың қуаты 3 кВ. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықта.
-
Егер темірдің бастапқы температурасы 39 ºС-қа тең болса , онда массасы 4т темір сынықтарын балқыту үшін қанша энергия қажет?
-
Электр құралы 45 минут ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды. Құралдың кедергісі қандай?
-
Көтергіш кран 6 т жүкті 2 мин ішінде 12 м биіктікке көтереді. Егер жүкті көтерген кезде кранның электр қозғалтқышының ток күші 51 А, кернеуі 380 В болса, онда кранның ПӘК-і қандай болады?
-
Массасы 0,75 кг суды 20 ºС-тан 100 ºС-қа дейін ысытуға және 250 г будың пайда болуына қанша энергия жұмсалған?
-
Электр қозғалтқыштың қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықтаңдар.
-
Қуаты 600 Вт, ПӘК-і 80 % электр шәйнегіндегі бастапқы температурасы 20ºС болатын 1,5 л су қанша уақытта қайнайды?
-
Бала жинағыш шыны линзаны суға батырды. Бұл жағдайда оның оптикалық күші өзгереме?
-
Нәрседен экранға дейінгі қашықтық 1,8 м. Экранда анық кескін алу үшін фокус аралығы 0,4 м жинағыш линзаны қайда орналастыру қажет?
-
Түскен сәуле мен шағылған сәулелердің арасындағы бұрыш 500. Жарық айнаға қандай бұрышпен келіп түскен?
-
Суретте АВ нәрсе мен оның А1В1 кескіні көрсетілген. Салу арқылы линза мен оның фокустарының орналасуын табыңдар.
А1
В1
А В
-
Неліктен проекциялық аппараттар мен фотоаппараттардың объективтері қозғалмалы болуы тиіс?
-
Жарық сәулесі айнаға пермендикуляр келіп түседі. Егер айнаны 160-қа бұрса, шағылған сәуле қандай бұрышқа ауытқиды?
-
Егер нәрсе линзадан 15 см қашықтықта орналасса, фокус аралығы 20 см линзадан кескін қандай қашықтықта пайда болады?
-
Суретте жұқа линзаның бас оптикалық осіне қатысты сәуленің жолы көрсетілген. Салу арқылы линзаның орналасуы мен оның фокустарын анықтаңдар.
-
Сурет бойынша СД және ВД бөліктерінің жалпы кедергісін есептеңдер.
-
Егер А2 амперметрдің көрсетуі І2=0,1 А болса, А1 және А3 амперметрлердің көрсетулерін анықтаңдар.
-
ВС бөлігіндегі токтың қуаты қандай?
В 1 С Д
-
Бір-бірінен г қашықтықтағы q жэне q нүктелік электр зарядтары өзара Ғ күшпен әсерлеседі. Бір-бірінен 2г қашықтықтағы 2q және 2 q нүктелік электр зарядтары өзара қандаи күшпен әсерлеседі?
-
Заряды 2 нКл су тамшысы заряды -1 нКл су тамшысымен бірікті.Пайда болған су тамшысының заряды қандай?
-
Массасы 1,5т кірпіштен қаланған пешті 100С-тан 200С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет ?(С кірпіш= 880 Дж/кг0С)
-
2*107 Дж жұмысты орындау үшін тракторға 4,2*106 Дж/кг меншікті жану жылыу бар 1,5кг отын қажет болса, трактор двигателінің ПӘК-н анықтаңдар ?