- Учителю
- 'Электр тогы' (8-сынып)
'Электр тогы' (8-сынып)
Тақырыбы: « Электр тогы» тарауын қорытындылау. (8 сынып)
Сабақтың мақсаты:
а)Электр құбылыстары тарауы бойынша оқушылардың практикалық шеберліктерімен дағдыларын қалыптастыру білімдерін жүйелеу.
б) Оқушылардың пәнге деген ынтасы мен қабілеттерін шыңдау, ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
в) Ұқыптылыққа, еңбекке, өз бетімен жұмыс істей алуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Бекіту, бағалау сабағы.
Сабақ түрі:
Сабақ әдісі: Сұрақ -жауап, жаттығулар орындау.
Көрнекілігі: физик - ғалымдар суреті, тәжірибелік құрал - жабдықтар.
( Амперметр, кілт, ток көзі, сызбанұсқалар.
Тех никалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта, флипчартпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік, оқушы белсенділігін арттыру.
Сұрақ - жауап.
Интерактивті тақтадан сұрақтар слайд арқылы көрсетіледі.
-
Электр тогы дегеніміз не?
-
Электр деген сөздің мағынасын қалай түсініесің?
-
Күнделікте өмірде электрленуді қай жерден көруге болады?
-
Электр тогының қолданатын жерлерін ата?
а)тұрмыста
ә)ауыл шаруашылығында
б)өндірісте
в) тұрмыста
-
Электр тогының пайда болу шарттары.
ІІ Нені оқып үйрендік ?
Өтілген материалды пысықтау немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Интербелсенді тақтадан « Қалам» құралының көмегімен Электр құбылыстары электр тогы туралы нені оқып үйренгендерін еске түсіріп тақтаға жазу.
Әр оқушы өздерінің жазғандары бойынша түсінік береді.
ІІІ. Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданатын шартты белгілер.
Флипчарт құрал - жабдықтарының көмегімен шартты белгілерді пайдаланып оқушылар өздері сызып көрсетеді.
ІV. Нені жасай аламын.
Сызылған схема бойынша тізбек құрастыру.
Қорытынды жасау.
Тізбектің әртүрлі бөлігінде ток күшінің бірдей екенін көрсету.
Тыңдағанымды - ұмытпаймын.
Көргенімді - есімде сақтаймын.
Қолмен істегенімді түсінемін.
V. Нені білдім? Есептер әлемі.
Есептердің жауабы «шторка» құралы арқылы жазылып тұрады, есеп шығарылып болғасын тексеріледі.
VІ. 1.Токтың адам өміріне қатері.
-
Электр тогын үнемді пайдалану.
VІІ. Қорытындылау. Бағалау.
Үйге тапсырма.
Ампер, Вольт, Ом туралы не білеміз?
Электр тогы та