- Учителю
- Булану және конденсация
Булану және конденсация
Күні: 13.01.2015ж
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: §37. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі.
Сабақтың мақсаты:
Біліктілік: Электр кернеуі, оның бірлігі, вольтметр, электр тізбегі туралы түсінік беру, қолданылатын салалары туралы мағлұмат беру,өз бетінше ақпараттар табуға және ақпараттарды қолдануға мүмкіндіктер беру.
Дамытушылық: Оқушының күтілетін нәтижеге бағытталған ақыл-ой әрекетін проблема қою және оны педагогикалық технологиялар қолданып шешу арқылы ұйымдастыру.
Тәрбиелілік: Оқушылардың ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту,тақырыппен өз бетінше жұмыс жасауын қалыптастыру,ақпараттық мәдениетін дамыту
Көрнекілігі:. Компьютер, электрондық оқулық, вольтметр.
Сабақтың түрі: Аралас
Көрнекіліктер: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, биология, химия.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, назарын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Топшамалар арқылы:
1- топшама
1. Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы қалай аталады?
2. Формуласы, өлшем бірлігі?
2-топшама
1.Электр тізбегі қандай екі бөліктен тұрады?
2.Ток көзі тізбекке қалай жалғанады?
3-топшама
1.Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділігік заңын 1827 ж. ашқан ғалым?
2. Ом заңының тұжырымдамасы? Формуласы?
4-топшама
1. Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шама қалай аталады?
2. Формуласы, өлшем бірлігі?
5-топшама
1. Тізбектегі ток күшін реттеуге арналған құрал қалай аталады?
2.Олар қалай екіге бөлінеді?
III. Жаңа сабақ.
Тізбектің берілген бөлігінде заряд
орын ауыстырғанда, электр өрісінің
атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады.
ХБЖ-же электр кернеуінің бірлігі вольт (В) деп аталады.
Электр тізбегі ішкі және сыртқы деп аталатын екі бөліктен тұрады.
Ток көзі ішкі тізбекке, ал қалған бөлігі сыртқы тізбекке жатады.
Электр тізбегінің сызба нұсқасында
қолданылатын шартты белгілер:
Өткізгіштің қандай да бір екі нүктесінің арасындағы кернеулі өлшеу керек болса,вольтметрді сол нүктелерге жалғайды.Құралды осылайша жалғауды параллель жалғау деп атайды.Бұл кезде «+» қысқышын ток көзінің оң полюсінен, ал «-» қысқышын ток көзінің теріс полюсінен келетін өткізгіш сыммен жалғайды.
Ток көздері (батарея,аккумулятор және т.б) және ток көзінің полюстерін жалғайтын өткізгіш тұйық электр тізбегін құрайды. Тізбекке пайдалы жұмыс атқаратын электр энергиясын тұтынущыларының сонымен қатар,электр тізбегіне жалғаушы өткізгіш сымдар мен электр тізбегін түйықтау үшін қосып, ажыратқыш кілт жалғанады.
Тізбекке өткізгіш сымдар арқылы жалғауға арналған құралдардың қысқыштары болады.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Физикалық диктант арқылы:
Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда,электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы........ деп аталады.
SI жүйесінде кернеудің ..... ..... ,тарихта бірінші болып ток көзін ойлап тапқан итальян ғалымы .......... құрметіне вольт деп аталды.
Егер ............ бойымен 1Кл заряд орын ауыстырғанда,1Дж ге жұмыс істелетін болса,онда тізбек бөлігіндегі электр кернеуі 1В қа тең болады.
Өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құралды ......... деп атайды.
Инсерт кестесі арқылы:
Білетінім
Не білдім
Білгім келеді
V.Үйге тапсырма.
§37. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі.
VI. Қорытынды.
VII. Бағалау.
1.
2.
3.
4.
5.
6.