7


  • Учителю
  • 8-Сыныптан зертханалық жұмыс 'Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру'

8-Сыныптан зертханалық жұмыс 'Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып:8

Пән: физика

Күн:

Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Өткен тарауды еске түсіріп, қайталау, іскерлікке жаттықтыру, іскерлікті зертханалық жұмыспен байланыстыру. №1 зертханалық жұмысты жасау және осы жұмыстан алған нәтижелерді талдау.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, ізденіске, білімдерін зертханалық жұмыс жасау арқылы әрі қарай дамыту..

  3. Тәрбиелік: Физика пәніне деген танымдық қызығушылықтарын арттыру. Қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиеғлеу.

Сабақтың түрі: Зертханалық жұмыс №1

Сабақтың барысы:


Жұмыстың мақсаты: жылу алмасуда ыстық судың берген және суық судың алған жылу мөлшерін анықтау және алынған нәтижені түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: калориметр, өлшеуіш цилиндр (мензурка), термометр, стақан, ыстық суы бар шәйнек (бүкіл сыныпқа біреу).

Жұмыс барысы:

  1. массасы 100г ыстық суды сыртқы ыдыстың ішіне қойылған калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар. Ыстық судың t1 температурасын өлшеңдер;

  2. стақанға дәл сондай суық су құйып және оның t2 температурасын өлшеңдер;

  3. ыыыстық суы бар ыдысқа абайлап суық су құйыңдар, алынған қоспаны термометрмен араластырып және оның t температурасын өлшеңдер;

  4. ыстық судың t температураға дейін суығанда берген жылу мөлшерін формуласымен және суық судың осы t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін формуласымен есептеңдер.

Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар:


Ыстық судың массасы, m, кг

Ыстық судың бастапқы температурасы, t, 0C

Қоспаның температурасы t, 0C

Ыстық судың берген жылу мөлшері, Q1, Дж

Суық судың массасы, m1, кг

Суық судың бастапқы температурасы, t2, 0С

Суық судың алған жылу мөлшері, Q2, Дж


  1. ыстық судың берген жылу мөлшерін суық судың алған жылу мөлшерімен салыстырыңдар және тиісті қорытынды жасаңдар;

  2. тәжірибенің салыстырмалы қателігін мына қатынаспен есептеңдер: , мұндағы Q1 - ыстық судың берген жылу мөлшері, Q2 - суық судың алған жылу мөлшері;

  3. қорытынды жасаңдар.


Қорытынды: Оқушылар сабақты қорытындылайды.

Оқушылар, біз бүгінгі қойған мақсатымызға жеттік пе?

Үйге тапсырма: І тарау бойынша бақылау жұмысына дайындалу.
































Жетекші: Илеубаев А.М. Бағасы: Қолы .



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал