- Учителю
- Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу (9 сынып)
Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу (9 сынып)
Бекітемін: Сыныбы: 9 «В»
Күні:
2-зертханалық жұмыс
Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу
Жұмыстың мақсаты: горизонталь бағытта лақтырылған дененің бастапқы жылдамдығын анықтау.
Құрал-жабдықтар: тұрғы, диаметрі 25 мм болат шар, шар домалайтын науа, миллиметрлік бөлігі бар сызғыш, ақ және көшірме (қара) қағаздар.
Жұмыстың орындалу реті
-
Науаны тұғырға бекітіңдер (2.32-сурет). Оның имек басы горизонталь қалыпта болуына назар аударыңдар. Науаның алдына ақ қағаз жайып, оның үстіне көшірме салыңдар. Науаның бойымен домалаған шардың үстелге түскен жері ақ қағаз бетіне белгі түсіреді.
-
Науадан домалаған шардың үстелге қандай биіктіктен түскенін және ұшу ұашықтығын өлшеңдер.
-
формуласы бойынша шардың ұшу уақытын есептеңдер.
-
Алынған нәтижені формуласы бойынша шардың горизонталь бағытта ұшу жылдамдыығын есептеу үшін пайдаланыңдар.
-
Алынған нәтиженің дұрыс екенін тексеру үшін науаны шар басқа биіктіктен түсетіндей етіп орналастырыңдар. Оның ұшу қашықтығын тағы да есептеңдер. Шардың түсу нүктесін ақ қағазда белгілеңдер.
-
Шарды науаның белгілі бір жерінен бірнеше рет домалатып жіберіп, тәжірибені қайталаңдар.
-
Алынған нәтижені төмендегі кестеге жазыңдар:
Өлшеу дәлдігін бағалаңдар (1-зертханалық жұмыстағы ескертуге қараңдар).
Қорытынды:Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерттедім
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 16 оқу