- Учителю
- ҚМЖ тақырыбы: Ауырлық күш әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.
ҚМЖ тақырыбы: Ауырлық күш әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.
Сабақтың тақырыбы: Ауырлық күш әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы. | Мектеп: "Жаңақала мектеп-гимназиясы"КММ | |||||
Күні: | Оқытушының аты-жөні: Мақсотова А.М | |||||
СЫНЫП: 7 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Жалпы мақсаты: | Ауырлық күш әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы мен деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясының формулаларымен танысып, есептер шығаруда қолдануға үйрету. | |||||
Оқу нәтижелері (міндеттері): |
| |||||
Оқушылар үшін оқу нәтижелері (А)
|
| |||||
Оқушылар үшін оқу нәтижелері (В)
| ||||||
Оқушылар үшін оқу нәтижелері (С) | ||||||
Сабақта қолданылатын әдістер: | оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабуыл), Блум таксономиясы, формативті бағалау, АКТ пайдалану (презентацияғ бейнежазба) | |||||
Мұғалімнің жазбалары: | ||||||
Сабақтың кезеңдері | Бөлінетін уақыт | Тапсырмалар | Ресурстар | |||
Ұйымдастыру | 2 мин | Оқушылар жұмыс, қуат, энергия тақырыптары бойынша анықтамаларды айтып топқа бөлінеді. | 1.ЖҰМЫС 2.ҚУАТ 3.ЭНЕРГИЯ сөздері жазылған қиындылар, үлестірмелі материал | |||
Білу | 5 мин | Үй жұмысын тексеру. Әр топ үйге берілген тақырып бойынша тапсырмалар орындайды. І топ. ІІ топ. ІІІ топ.Массасы 9 г оқ винтовка ұңғысынан 800 м/с жылдамдықпен шығады. Оның кинетикалық энергиясы қандай? ІV топ. Тарту күші 6*104 Н болатын машинаның жылдамдығы 2 м/с-тен 8 м/с-ке дейін артады. Машинаның жалпы массасы 8 т. Машинаның кинетикалық энергиясының өзгерісін, тарту күшінің жұмысын және оның орын ауыстыру аралығын табыңдар. Акция арқылы бағалау. | АКТ, үлестірмелі материал | |||
Түсіну
| 7 мин | Жұппен жұмыс. Оқулықтан жаңа тақырыпты бөліп алып бірін-бірі өзара оқытады. Өзара бағалау. | оқулық | |||
3 мин | «Ауырлық күші әрекетінен құлаған дене» тақырыбында электронды оқулықтан бейнежазба көреді. | Электронды оқулық | ||||
3 мин | Демонстрациялық тәжірибе. Жерден жоғары көтерілген дененің және деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясын тәжірибе жүзінде көрсету. | Серіппе, штатив, сызғыш, жүктер | ||||
Қолдану
| 10 мин | Топпен жұмыс. Есептер шығару. І топ. Массасы 3 кг дененің потенциалдық энергиясы 60 Дж дененің Жерден көтерілу биіктігі қандай? (h=2м) ІІ топ. Қатаңдығы 2*105 Н/м серіппе серпімділік күшінің әсерінен 3 см-ге ұзарады. Созылған серіппенің потенциалдық энергиясы қандай? (90 Дж) ІІІ топ. Массасы 100 кг дене 10 м биіктіктен биіктігі 3 м үйдің төбесіне құлап түсті. Ауырлық күшінің істеген жұмысы неге тең. (6,86 кДж) ІV топ. Қатаңдығы 1000 Н/м болатын серіппе сыртқы күштердің әсерінен 2 см-ге ұзарды. Серіппеге әрекет ететін серпімділік күшін, потенциалдық энергиясын және серпімділік күшінің жұмысын табу керек.
Акция арқылы бағалау. | Үлестірмелі материал | |||
Талдау | 5 мин | Топпен жұмыс . Топтарға әртүрлі тапсырмалар беріледі. Әр топ бірлесе ойланып тапсырмаларға өз дәлелдемелерімен жауап беруі тиіс. І топ. Эксперименттік тапсырма. Үстелдің үстінде суы бар ыдыс тұр. Осы ыдыстың үстелге және еденге қатысты потенциалдық энергиясын табу керек. Қажетті құралдар: суы бар ыдыс, сызғыш, мензурка. ІІ топ.Серпімділік күшінің жұмысы неге оның орташа мәнімен анықталады? Жауабы: серіппенің ұзаруы үнемі өзгеріп отыратын айнымалы шама. Неліктен потенциалдық энергия салыстырмалы сипат алады? Жауабы: нөлдік деңгейін таңдауға байланысты. ІІІ топ. Дененің Жер және Ай беттерінен бірдей биіктіктегі потенциалдық энергиялары бірдей бола ма? Жауабы: Жок. Бірдей болмайды. Потенциалдық энергияны сипаттайтын оның қасиеттері бар? Жауабы: Ол дененің орналасу күйіне және басқа денелермен әрекеттесу күштеріне тәуелді өзгереді және әрекеттесу күшінің жұмысы потенциалдық энергияның кемуі есебінен өндіріледі; ІV топ. Тұрған жеріңде желдің, судың, басқа да денелердің потенциалдық энергиясын пайдалану мүмкіндігі бар ма? Оған қалай жұмыс істеуге болар еді?
Акция арқылы формативті бағалау | Үлестірмелі материалдар, суы бар ыдыс, сызғыш, мензурка.
| |||
Жинақтау | 5 мин | Тест жұмысы. Интерактивті тақтадан тақырыптық тест жұмысын орындау Жауаптары:
| АКТ | |||
Үйге тапсырма | 1 мин | §54, 55 оқу. 31, 32жаттығу (2,3) есептерін шығару. | оқулық | |||
Бағалау | 1 мин | Мұғалімнің формативті бағалау негізінде суммативті бағалауы. | акциялар | |||
Рефлексия | 3 мин | « Бес саусақ». Бас Бармақ - бұл керемет,маған ұнады. Балан үйрек - бұған көңіл аудару керек. Ортан терек - бұл маған мүлдем ұнамады. Шылдыр шүмек - бұл жерде ахуал болды. Кішкентай бөбек - маған жетпей қалды. |
|