- Учителю
- Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар (ашық сабақ) 9 сынып
Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар (ашық сабақ) 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар
Сабақтың мақсаты:
. Білімділік: Тербелмелі қозғалыс жайлы жан-жақты түсінік беру, қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар туралы білім қалыптастырып,білімдерін шыңдау.
Дамытушылық: Физика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, ойлау, есеп шығару қабілеттерін арттыру,ойларын қорыта білуге үйрету.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа,ұжымдық жұмыс істеуге,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау,ақпараттық технологияны қолдану,сұрақ-жауап,есеп шығару.
Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта,кесте,тірек сызба.
Сабақ барысы:
Блок - схема
Тербермелі қоғалыс. Тербермелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар
I cаты
«Білемін»
II cаты
«Білгім келеді»
III cаты
«Білдік»
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру
А) тест жұмысы
3. Жаңа сабаққа кіріспе.
Ә)Жаңа сабаққа ой тастау
4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Б) жаңа сабақты түсіндіру
5. Жаңа сабақты пысықтау
В) семантикалық картамен жұмыс
6. Жаңа сабақты қорытындылау
Г) оқулықпен жұмыс, есептер шығару
Д) дұрыс жолын тап
Е) ой топтастыру
7. Үйге тапсырма
8. Бағалау
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
а)Тест жұмысы
-
Грек тілінде impulsus- қандай мағына береді? А) күш, Ә) соққы Б) жылдамдық В)Үйкеліс.
-
Дене массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама....... деп аталады?
А) уақыт Ә) күш импульсі Б) дене импульсі В) соққы
-
Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі .... деп аталады?
А) уақыт Ә) күш импульсі Б) дене импульсі В) соққы
4)Күш импульсінің формуласы:
А) Ә) Б) В)
5) Дене импульсінің формуласы:
А) Ә) Б) В)
6) Қозғалыстағы дененің энергиясы?
А) потенциалдық энергия Ә) күш импульсі Б) Кинетикалық энергия
В) дене импульсі
7) Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия?
А) күш импульсі Ә) Потенциалдық энергия Б) Кинетикалық энергия
В) Дене импульсі
8) Энергияның өлшем бірлігі?
А) Джоуль (Дж) Ә) Ватт (Вт) Б) Ньютон (Н) В) Н*с
ІII. Жаңа сабаққа кіріспе.
ә)Жаңа сабаққа ой тастау.
Жұмбақтар.
Бұлбұлдың екі құлақ,бір басы бар.
Салдырған сегіз жерден таңбасы бар
Бұлбұлды жолға салып айдағанда
Салатын неше түрлі жорғасы бар. (Домбыра)
Атасы қалғып, мүлгиді,
Әкесі жорға жылжиды,
Інісі жылдам,баласы жүйрік.
Зымырап тұрған. (Жыл,ай,күн,сағат)
IV Жаңа сабақ түсіндіру.
Тербеліс деген өте кең ұғым. Айталық маятник тербелісі, машиналар двигателі, поршеннің қозғалысы, кеменің шайқалысы, көпірдің теңселісі, айнымалы токтың тізбектегі тербелісі, жүрек соғысы, жел соққанда талдың тербелісі және «Тербелер даусым ауада...» деп Сәкен Сейфуллин айтқан ауаның тербелісі, «Желсіз түнде жарық ай. Сәулесі суда дірілдеп» дегендей су бетіндегі тербеліс толқындары, осының бәрі тербелістердің мысалдары бола алады.
Тербеліс деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.
Гармоникалық тербелістер деп ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер.
-
Анықтамасы: Тербеліс периоды деп - бір толық тербеліс жасауға кеткен уақыт.
Белгіленуі: Т
Өлшем бірлігі: [1c]
Формуласы: T= T=
-
Анықтамасы: Тербеліс жиілігі деп - бір уақыт ішіндегі тербелістер саны
Белгіленуі:
Өлшем бірлігі: [1Гц]
Формуласы: = =
-
Анықтамасы: Тербеліс амплитудасы деп -дененің тепе - теңдік күйінің ең үлкен ығысуы
Белгіленуі: А
Өлшем бірлігі: [1м]
V.Жаңа сабақты пысықтау.
в)Семантикалық картамен жұмыс.
Тербеліс периоды
Механикалық тербеліс
Тербеліс амплитудасы
Тербеліс жиілігі
Дене бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл және жуықтап қайталанып отырған қозғалысын айтады
Дене қозғалысы толығымен қайталанып отырған ең аз уақыт аралығы.
1 секунд ішінде жасалған айналым саны
Герц(1Гц)
Секунд(с)
=
=
T=
Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады.
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау
г)Оқулықпен жұмыс,есептер шығару.
д)Дұрыс жолын тап.
Белгіленуі Өлшем бірлігі Физикалық атауы
А Гц тербеліс жилігі
Т м амплитуда
v с тербеліс периоды
n Дж
тербеліс саны
Еn н кинетикалық инергия
F потенциалдық энергия
Ек Дж күш
p кг масса
m кг*м/с дене импульсі
VІІ. Үйге тапсырма беру: §24,25 оқып түсінгенін айту, тербелмелі қозғалыстарға мысалдар ойластырып келу. 21 жаттығудың 3-4 есебі.
VІІІ. Бағалау