7


  • Учителю
  • Зертханалық жұмыс 7 класс өлшеуіш цилиндр

Зертханалық жұмыс 7 класс өлшеуіш цилиндр

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ 1 зертханалық жұмыс

Жабдықтар: Өлшеуіш цилиндр (немесе мензурка), суы бар стакан.

Жұмысты орындауға нұсқаулар

  1. Өлшеуіш цилиндрді қараңдар. Оның бөліктеріне және ондағы қолданылатын өлшем бірлігіне назар аударыңдар.

  2. Суды стаканнан өлшеуіш цилиндрге құйыңдар.

  3. Дәптердегі суретке өлшеуіш цилиндрге құйылған су бөлігін бейнелеңдер (152-суреттегідей). Су деңгейінің орнын анықтау кезінде көзді (оның иілген шетімен емес) су бетінің жазық бөлігімен сәйкес келетіндей етіп бағыттаңдар.

  4. Өлшеуіш цилиндрдің бөліктерінің құнын анықтаңдар. Ол үшін §4-тегі ережені пайдаланыңдар:

бөліктің құны = (... - ...) / ... = ...мл

  1. Бөліктің құнын біле отырып, цилиндрдегі судың көлемін анықтаңдар:

V=... + ... = ... мл.

  1. Өлшеу нәтижелерін сантиметр кубпен және метр кубпен өрнектеңдер.

152-сурет

№ 2 зертханалық жұмыс

Иінтіректі таразыларда дененің массасын өлшеу

Жабдықтар: гир тастары бар таразы, массасы әр түрлі бірнеше шағын денелер (оқушылардың таѕдауы бойынша).

Жұмысты орындауға нұсқаулар

  1. Егерде таразы теңгерілмесе, онда таразының жеңіл табағына бірнеше қағаз немесе қатырма қағаз қиқымдарын салып, олардың тепе-теңдігіне қол жеткізіңдер.

  2. Таразының сол жақ табағына өлшенетін затты орналастырыңдар (оны таразы табағын қолмен ұстай отырып, өте сақтықпен салу керек).

  3. Гирлер салынған қорапшаны ашыңдар да өз көзқарастарың бойынша өлшенетін жүктеріңнен ауырлау деген гирді алып таразының оң жақ табағына жайлап орналастырыңдар. Оның салмағының жүктен басым екендігіне көз жеткізген соң, оны қайтадан алып қорапшаға салып қойыңдар да табаққа одан массасы жеңілдеу гирді алып салыңдар. Егерде ол да басым түссе, онда оны келесі гирмен алмастырыңдар, ал басым түспесе онда оны оң жақ табақта қалдырыңдар. Осылайша гирлерді таңдай отырып, тепе-теңдікке қол жеткізіңдер. Ұсақ гирлерді (500-ден 10 мг-ға дейінгі) қораптан іскек көмегімен алыңдар.

  4. Кестені толтырыңдар:

Өлшенетін зат

Затпен теңдестірілген гирлер

Грамммен алынған зат массасы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал