- Учителю
- Түзу бойымен әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат
Түзу бойымен әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат
Қысқа мерзімдік жоспарСабақ тақырыбы: Түзу бойымен әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат.
Мектеп: Өлеңті ЖОББМ
Мерзімі 10.04.15
Мұғалім; Ибраев Болат Ерсаинович
Сынып 7
</<font face="Times New Roman, serif">Оқушылар саны 17. Қатысты;
Келмеген оқушылар;
Осы
сабақтың
міндеттер
Білімдік міндет: Механикалық жұмыс және қуат, оның формуласы мен өлшем бірлігін білу міндеті.
Дамыту міндеті: Жұмыс және қуат туралы білімдерін, оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік міндет: Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға,
шығармашылық өздігінен білім алуға тәрбиелеу.
Сабақ
мақсаты
Механикалық қуат ұғымын қалыптастыру. Қуат туралы білімін жан-жақты дамыту және оны тұрмыста, есептер шешуде қолдана алуға дағдыландыру.
Құралдар:
Интерактив тітақта, постерлер, маркерлер, бейнероликтер, Бағалау парақшасы мен тақырып таныстырылымы
Тілдік
мақсаты
Оқушылар өз ойларын жеткізе және өзидеяларын дамыта отырып, қуат пен жұмыс туралы білетіндерін ауызша жәнежазбаша түрде талқылай алады
Алдын-ала
үйрету
Оқушылар механикалық жұмыс туралы біледі. Жұмыстың орындалу шапшаңдығы немесе қуат туралы біледі және оларды ажырата алады.
Жоспар
Жоспар ланған уақыт
мерзім
Жоспарланған іс-әрекет
Қорлар
0-1 мин
2-5 мин
6-37 мин
38-40 мин
Оқушылардың сабаққа дайындық деңгейін тексеру
1.Ой қозғау: Оқушылардың не білетінін анықтау үшін «Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар» стратегиясын пайдаланамын.
2 Қызығушылық ояту: Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін «Жұмыс»
«Қуат» тақырыбына арналған видеоролик көрсетемін және «Шаталовтың
тірек конспектілерін» пайдаланып сабақты түсіндіремін.
3 Мағнаны ашу: «Мәтіннен қалдырылып кеткен сөзді толықтыр»
4 Сыни тұрғыдан өйлауға үйрету:
1-топқа «Блум таксономиясы», 2-топқа «Ойлаудың алты қалпағы»,
3-топқа «Дана үкі» стратегиялары бойынша тқырыпты талдауға топтық
жұмыс жасалады.
Рефлексия: «Ауызша есептер шешу» және «Сәйкестендіру» тапсырмалары беріледі
Қорытындылау: Сабақтың мақсатының орындалуы, топтық бағалау, өзін-өзі бағалау мен жиынтық бағалау жүргізу; кері байланыс жасау.
Сабақтың тілдік мақсаты сабақ барысында
орындалады.
Ой қозғау: «Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар» стратегиясы1
Бір дененің екінші денеге тигізетін әсерін жұмыс деп атайды.
2
Қуат дегеніміз жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама;
3
Қуат әрекет ететін күштің шамасын сипаттайтын физикалық шама;
4
Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс механикалық жұмыс деп аталады.
5
Жұмыстың өлшем бірлігіне 1Н бөлінген 1 м алынады.
6
Қуатты анықтау үшін атқарылған А жұмысты, жұмыстың орындалу уақытына бөлеміз;
7
Қазіргі күндері кең қолданатын 1 кВт∙сағ өлшем бірлігі қуатты көрсетеді.
8
Мыналар жұмысты есептейтін формулалар: A=F∙S; A=mgh.
9
Жұмыс пен қуаттың арсындағы байланысты көрсететін формула: N=F∙t.
10
Мына формула қуаттың формулалары; N=F∙v; N=
«Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар» стратегиясы дұрыс жауаптар
кілті:
Сұрақтар реті
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
«Ия» не «Жоқ»
жоқ
ия
жоқ
ия
жоқ
ия
жоқ
Ия
Ия
Ия
Ұпайы
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ
1 мәтінді Түсіндіру:
2 тапсырма:
Денені бір орыннан екінші орынға қозғап, орын ауыструда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де жүрілген жолға да тура пропорционал.
Мұндағы: А-жұмыс;
Ғ-күш;
s - жүрілген жол.
Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон күштің денені 1 метрге жылжытқандағы жұмысы алынады. Жұмыстың өлшем бірлігі ХБЖ-да джоуль алынады.
1Дж=1Нх1м=1Н∙м.
1 килоджоуль (1кДж)=1000 Дж=103Дж
1 миллиджоуль (1мДж)=0,001 Дж=10-3Дж
1 микроджоуль (1мкДж)=0,000001 Дж=10-6Дж
Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды.
Мұндағы: N-қуат; А-жұмыс; t-жұмыс істеуге кеткен уақыт.
Қуатты өлшеудің бірлігіне 1 секундта істелетін 1 Джоуль жұмыс алынады.
Өлшем бірлігі ватт.
1 киловатт (1кВт)=1000 Вт=103Вт
1 милливатт (1мВт)=0,001 Вт=10-3Вт
1 микроватт (1мкВт)=0,000001 Вт=10-6Вт
.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету:
1 топ:
Топтық жұмыс «Блум таксономиясы» (3 минут)1
Білу
Қуат дегеніміз не?
2
Түсіну
Жұмыс пен қуаттың формулаларын және өлшемдерін жаз?
3
Қолдану
Жұмыстың шапшаң жасалуына мысал келтір?
4
Талдау
Адам қолымен және трактормен жер аударуды салыстыр?
5
Жинақтау
Жұмыс жасалу барысын түсіндір?
6
Бағалау
Жұмыс пен қуатты білу біздің күнделікті тұрмыста маңызы қандай?
2-топ
Топтық жұмыс «Ойлаудың алты қалпағы»
1
Ақ қалпақ белгілі тақырыпқа қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.
2
Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақпен сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз. Жұмыс пен қуат тақырыбын білу сен үшін несімен маңызды?
3
Қара қалпақ бұл - «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейді. Тақырыптағы ұнамайтын тұстарын әңгімеле.
4
Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. Қуат пен жұмысты түсінгеннен соң қандай сезімде болдың?
5
Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады. Жұмыс пен қуат туралы жаңадан не йдеялар ойлар едің?
6
Көк қалпақ ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді немесе қорытындылап тйінді ой айту
3- топ Топтық жұмыс «Дана үкі »1
Мәтіндегі негізгі ұғымдарды тауып, алфавиттік ретпен жазыңыз
2
Не күттіңіз? Мәтіннен өзіңізге беймәлім болған, сіздің көзқарасыңызға қарсы келетін, сіз күтпеген ақпаратты табыңыз.
3
Сіз енді соңғы жаңалықты білесіз? Сізге жаңалық болған ақпаратты табыңыз
4
Ең басты өмірлік даналық. Мәтіндегі ойды формуламен жеткізіңіз
5
Белгілі және белгісіз. Мәтіннен өзіңізге бұрын белгілі және белгісіз ақпаратты көрсетіңіз
Рефлексия: Ауызша есептер шығару
Жұмыс;Есептер
А
Ғ
S
Машина 1000 Н күш әсерінен 100 м жол жүрді, атқарылған жұмысты табыңдар.
1000 н
100 м
Денеге 20 н күш әсер еткенде 100 Дж жұмыс жасады. Осы кезде қанша орын ауыстыру жасады?
100 Дж
20 Н
Бала шкафты орнынан 2 м жерге ығыстырып 200 Дж жұмыс жасады. Осы кезде қанша күш жұмсаған?
200 Дж
2 м
Қуат;Есептер
N
A
t
Жүкті көтеру кезінде машина 2 с кезінде 25 Дж жұмыс жасады, Қуатын табыңдар.
25
2
Қуаты 100 Вт механизм 5 с ішінде қанша жұмыс жасады?
100
5
Қуаты 1000 Вт механизм 2000 Дж жұмысты қанша уақытта жасайды?
1000
2000
Қорытындылау Сабақтың мақсатының орындалуы, топтық бағалау, өзін-өзі бағалау мен жиынтық бағалау жүргізу; кері байланыс жасау.
Рефлексиялық есеп
2015 жылдың 10 ақпаны күні физика пәнінен 8 сыныпта «Түзу бойымен әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат. » тақырыбында ашық сабақ өттім. Сабақ өтудегі негізгі мақсатым, Искендирова Сания апайдың өзі жетекшілік жасайтын «Ізденіс» фокус тобына өткен коучингіндегі үйренген әдіс-тәсілдер мен стратегияларды амалда қолдануға арналды. Коучингте оқушыларды «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» стратегияларын сабақта қолданудың әдіс-тәсілдері сөз болды. Мен өзім өткен сабақта сыни тұрғыдан ойлаудың төмендегі «Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар», «Дана үкі» және «Ойлаудың алты қалпағы» және тағы да басқа стратегияларын қолдандым. Сабақ өте белсенді өтті , сыни тұрғыдын ойлауға үйретуде бұл стратегиялардың тиімді екеніне көзім жетті. Оқушылар тек мәтінмен ғана емес оның мазмұнымен жан-жақты танысты деп ойлаймын.