7


Күш. Ньютонның ІІ заңы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бұл сабақ жоспарында 9 сыныпқа арналған.Бұл сабақ жоспарында 9 сыныпқа арналған.Бұл сабақ жоспарында 9 сыныпқа арналған.Бұл сабақ жоспарында 9 сыныпқа арналған.Бұл сабақ жоспарында 9 сыныпқа арналған.Бұл сабақ жоспарында 9 сыныпқа арналған.Бұл сабақ жоспарында 9 сыныпқа а
предварительный просмотр материала

Күні: 16.10.2014ж

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: §11,12. Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық,серпімділік, үйкеліс күштері туралы түсіндіру.Механиканың ең іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау

2.Дамытушылық мақсаты: Алған білімдерін тиянақтай отырып , тапқырлыққа , ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке , ойын жинақтай білуге , біріне -бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

3. Тәрбиелік мақсаты: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып ,

өз ойын айта білуге , жүйелі түрде ойлауға ,ізденуге бағыттау , білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, таратпа кестелер, слайдтар , анықтамалық кітапша.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, биология, химия

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, назарын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқу, білім - білік дағдыларын өткен тақырып бойынша сұрақ қою және топшама арқылы тексеру.

1.Қандай санақ жүйесі инерциялық деп аталады?

2.Ньютонның І заңын тұжырымда.

3.Галилей мен Ньютонның қозғалысқа көзқарасы олардың ізіашарларының көзқарасынан немен ерекшеленеді?

4.Ньютонның І заңын дәлелдейтін мысалдар келтір. Денелердің жерге қатысты қозғалысының қандай жағдайларында инерция заңының бұзылуы байқалады?

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ньютон Исаак (1643 - 1727)

Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы, 1643 ж. Вулсторпада дүниеге келген. 1665 ж. Кембридж университетiн бiтiрiп, сонда 1669-1701 ж.ж. кафедраны басқарған.

Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Классикалық механиканың негiзгi заңдылықтарын есептеген, бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан, жарықтың корпускулалық теориясын дамытқан, Лейбництен тәуелсiз дифференциалдық және интегралдық есептеулердi шығарған. Ол бүкiләлемдiк тартылыс заңынан Кеплердiң 3 заңының шығатынын көрсеттi, айдың қозғалыс ерекшелiгiн түсiндiрдi, жердiң фигурасының теориясын дамытты, жердiң жасанды серiктерiнiң құрылу проблемасын қарастырды және т.б.

Ньютонның оптикаға әкелген еңбегi мол. 1666 ж. үш жақты шыны призма көмегiмен ақ түстi жетi түске орналастырып, оның күрделiлiгiн дәлелдедi.1668ж. және 1671 ж. телескоп-рефлекторды ойлап тапты. Жұқа пластиналардың түстерiн зерттеп, жарықтың дифракциясы мен интерференциясын анықтады. Өзiнiң оптикалық зерттеулерiн «Оптика» еңбегiнде жариялады.

Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi - ньютон аталған.

Күш деп бір дененің екінші бір денеге механикалық әсерін сипаттайтын және осы әсердің өлшемі болатын векторлық физикалық шамасын айтады.
"Күш " деген терминнің денелерің өзара әсерлесуімен байланысты екенін және оның сандық мөлшері екенін есте ұстаған жөн.Ньютонның атымен Халықаралық бірліктер жүйесінде күштің өлшем бірлігі - ньютонмен өлшенеді.

Ауырлық күші деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. Ға=mg,

мұнадағы m- дененің массасы , ал g- дененің еркін түсу үдеуі, оның модулі шамамен

9,8 м/с2- қа тең

Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.Бұл күш денелерді қосу , созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады. Серпімділік күші әрашан дененің пішіні мен өлшемерінің өзгеруін тудырған күшке қарама-қарсы бағытталады.

IFсерп I= k∆l . Бұл өрнек Гук заңымен анықталады.

Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама - қарсы жаққа қарай бағытталады.

|Fүйк|=μN, мұндағы μ- үйкеліс коэффициенті деп аталатын пропорционалдық коэффициент.

Үйкеліс күші:

1.Сырғанау

2.Домалау

3.Тыныштық

Дененің массасы - оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады. Денелер жүйесінің массасы оны құрайтын денелердің массаларының қосындысына тең болады, яғни m = m 1 + m2 +……+m п.Өлшем бірлігі килограмм, грамм 1кг деп алынған. Денеге бірдей күш түсірілген жағдайда денелердің алатын үдеуі олардың массаларына кері пропорционал болатындығын байқаймыз . Яғни әрқашан а ~ 1/m болады. Дененің массасы неғұрлым үлкен болса , белгілі бір күш әрекетінен ол соғұрлым аз үдеу алады. Дененің үдеуі мен оған әрекет етуші күш арасында Ғ ~ а ( m= const кезінде ) және кез келген дененің үдеуімен оның массасының арасында а ~ 1/m ( Ғ= const болғандағы ) байланыс болса , онда механиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңы былайша тұжырымдалады:

Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:



осы соңғы өрнек Ньютонның екінші заңының формуласы



V. Сабақты қорытындылау.

1)Егер m 1 = m2 = 2кг , ал Ғ = 12Н болса , онда денелер қандай үдеумен қозғалады?

2)Массасы 1 кг денеге Жер қандай күшпен әсер ететінін есептеңдер.

3)Массасы 4 кг дене қандай да бір күшті әрекетінен 2м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әрекет еткенде , ол қандай үдеу алады?

4)60Н күш денеге 0,8 м/с 2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с 2 үдеу бере алады?

5)Реактивті ұшақтың массасы 60т қозғалтқышының тарту күші 90 кН болса , ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалады ?

VI. Үйге тапсырма.

Үйден §11,12

Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса тақырыбын оқып келу.

VII. Бағалау.

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал